- •Технологиялық бөлім
- •Кәсіпорынды жобалауға арналған бастапқы берілгендер, шикізат пен дайын өнім сипаттамасы
- •Таңдалған технологиялық сұлбаны негіздеу, оның ерекшеліктері және сипаттамасы
- •1.2 Есептік бөлім
- •1.2.1 Ұн зауытының дайындау бөлімінің технологиялық жабдықтарын есептеу және таңдау
- •1.2.2 Жобаланатын кәсіпорынның технологиялық жабдықтарының мінездемесі мен спецификациясы
- •Сапа менеджментіне негізделген технохимиялық бақылау
- •1.3.1 Жобаланатын кәсіпорындағы технохимиялық бақылауды ұйымдастыру
- •1.3.2 Жобаланып отырған кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесінде сапаны басқару
- •1.3.3 Астықты тазарту және оны майдалауға дайындаудың технологиялық процесін бақылау
- •1.4 Құрылыс бөлімі
- •1.4.1 Кәсіпорынның бас жоспары, оның сипаттамасы және технико- экономикалық көрсеткіштері
- •1.4.2 Өндірістік ғимараттардың сипаттамасы және жобаланып отырған кәсіпорынның құрылыс конструкциялары, конструктивті элементтері
- •1.4.3 Жобаланатын кәсіпорын ғимаратының өлшемдері мен жабдықтардың орналасуы.
- •Желдету бөлімі және пневмотасымалдау
- •1.5.1 Жобаланатын кәсіпорындағы желдету жүйесі мен пневмотасымалдау құрылғылары, олардың орналасуы
- •1.5.2 Желдету қондырғыларын есептеу
- •1.5.3 Астық қозғалысының цехішілік коммуникациясы
- •Энергетикалық бөлім
- •1.6.1 Жобаланатын кәсіпорынды электрмен жабдықтау, электрқуатты құрылғылар және электрлі жарықтандыру
- •1.6.2 Электрқозғалтқыштардың қажетті және орнатылған қуатын есептеу.
- •1.6.3 Жобаланатын кәсіпорынның автоматтандырылуы және технологиялық процесті басқару
- •2 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі
- •2 .1 Техника қауіпсіздігі бойынша ұн зауыттарына қойылатын талаптар
- •2.2 Электр қондырғылардың өрт қауіптілігі
- •2.3 Өнеркәсіптің өрт қауіпсіздігі бойынша іс – шаралар
- •2.4 Қауіпті аймақтар және оларды қауіпсіздендіру
- •3 Қоршаған ортаны қорғау
- •3.1 Кәсіпорындарда қолданылатын нормативтік құқықтық актілер мен оларға қойылтын талаптар
- •3.2 Ұн тарту өндірісінің қоршаған орта және адам өмірі мен ағзасына тигізетін әсері
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 Ұйымдық-экономикалық бөлім
- •4.1.1 Жобаланып отырған кәсіпорынның қажеттілігін және қуатын негіздеу
1.3.2 Жобаланып отырған кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесінде сапаны басқару
Технологиялық үрдісті басқару мен бақылау жоғары сапалы дайын өнім алуды қамтамасыз етеді. Ұн зауытында элеватордың ағынды – транспортты жүйелері, силосты сақтау қоймалары мен ұнды жіберу қоймалары, ұн сорттарын құру жүйелері, дайындау және майдалау бөлімдерінің технологиялық үрдістерінің жүру жолдары автоматтандырылады.
Технологиялық үрдісті ұйымдастыру және жүргізу келесі екі тапсырманың шешілуін қарастырады.
Бірінші - шикізатты өңдеуге дайындаудың ең қолайлы режимін және технологиялық үрдістің негізгі жүйелерінің жұмысын таңдау;
Екінші - берілген партияны өңдеу кезінде таңдалған режим параметрлерінің өзгермейтін мәндерінің сақталуын қадағалау.
Бірінші тапсырманы технологиялық үрдісті ұйымдастыру және жүргізудегі көрсетілген нұсқаулар арқылы немесе зертханалық қондырғыларда шикізатты өңдеу арқылы шешуге болады.[28]
Екінші тапсырма, кәсіпорында режим параметрлерін және олардың берілген деңгейдегі тұрақтылығын бақылайтын белгілі бір жүйелердің болғанын талап етеді. Ұн технологиясы күрделі болғандықтан мұндай жүйені ұйымдастыруда аса қиын мәселелер туындайды. Себебі астық өңдеу кәсіпорындарында технологиялық үрдіс әртүрлі кезеңдердің өзара байланысы арқылы ұйымдастырылған. Барлық технологиялық операциялардың механикаландырылғанына қарамастан, технологиялық үрдістің көп сатылы болуы себебінен оларды басқарудың автоматты жүйелерін жасап шығару өте қиын. Сондықтан автоматтандырылған басқару жүйесін тек қана негізгі операцияларда ғана қолданады.
Ұн өндіру үрдісінде көптеген операциялар жүргізіледі. Оларды белгілі бір қолайлы жұмыс режимі қойылған машиналар мен аппараттарда орындайды. Бірақ заманауи өндіріс жағдайлары жұмыс режимінің өзгеріссіз жұмысын қамтамасыз ете алмайды. Оған келесі факторлар әсер етеді: жұмыс үрдісі кезінде машиналарды реттеу, машиналардың жұмыс органдарының тозу деңгейі, жабдықта меншікті жүктеменің өзгеруі және т.с.с факторлардың барлығы технологиялық операцияларды орындаудың тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.[12]
Технологиялық операцияның әрқайсысы үрдістің соңғы нәтижесіне өзіндік әсерін тигізеді. Атап айтқанда дайын өнімнің шығымы мен сапасына, және өз кезегінде үрдістің соңғы нәтижесі, өзара байланысы белгісіз болуы мүмкін әртүрлі факторларға тәуелді, ал олардың әрқайсысының берілген операция нәтижесіне әсері нақты шарттарға байланысты болады.
Басқару жүйесінің жоғары әсерлігін қамтамасыз ету үшін келесі шарттарды орындау қажет екендігі анықталған:
Технологиялық сұлба мүмкіндігінше қарапайымдатылған және жоғары құрылымдық беріктілікке ие болуы керек.
Өлшеу қондырғыларының (датчиктердің) жүйелері, технологиялық үрдістің кейбір негізгі кезеңдерінің параметрлері жайлы үздіксіз түрде мәліметтермен қамтамасыз етуі тиіс.
Ұн зауытының дайындау бөліміндегі ГТӨ және барлық дәнді ылғалдау үрдістерінің автоматты тұрақтандырылуын қамтамасыз ету керек, себебі ол бидайды ұнға өңдеудегі алынатын соңғы нәтижеге айтарлықтай әсер етеді.
