Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Қамзин.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.77 Кб
Скачать
    1. Сапа менеджментіне негізделген технохимиялық бақылау

1.3.1 Жобаланатын кәсіпорындағы технохимиялық бақылауды ұйымдастыру

Шикізаттың сапасы мен дайын өнімнің технологиялық процесін бақылаудың рационалды орналасуы аса маңызды болып келеді. Барлық сандық және сапалық жұмыс көрсеткіштерін жетілдіру және қамтамасыздандыру, ұн зауытындағы технологиялық тәртіпті орындауды зертхана мен технологиялық процесті жылдам бақылау ұйымдастырады. Зертханалық бақылауды өндірістік технологиялық зертхана іске асырады, ол ӨТЗ басшысымен құрастырылған технологиялық бақылау сұлбасы бойынша жасалынады. Бақылау орындарынан астықтан ауысымда екі рет сынама алып отырады және оны анализден өткізеді. Алынған анализ нәтижелерін арнайы зертхана журналына енгізеді.

Оперетивті бақылауды өндірістегі мекеме қызметкері орындайды. Диірменнің бас технологы өндірістік технологиялық зертханамен бірге барлық өнім шығатын технологиялық машиналардың жұмыс істеу режимдерін реттейді немесе анықтайды.

Астық сапасын ұнтақтау алдында орташа ауысым немесе бақылау сынамасынан өткізеді, ол сынаманы бірінші жармалау жүйесінің алдында алады.Астық сапасының көрсеткіштерін, қалдықтан тазарған астық сапасын қортындылау үшін және де астықтың үстінгі қабаты мен ұн зауытындағы дайындау бөлімінің гидроөңдеуден өту сатысын бақылау үшін қолданады. Ұн зауытында зертхана астық анализінің көрсеткіштерін тазартудан бұрын және дайындау бөлімінен шыққанда, дайындау бөлімінің барлық жеке машиналардың жұмысын салыстырады.

Зертхана әр машинаның жұмысын периодты түрде тексеріп отырады. Сондықтан өндірістік технологиялық зертхана басшысы ағымдағы айдың графигін құрады, онда осы жұмысты атқаратын тексерушінің және әр машинаның бақылау күні жазылады.

Осы дипломдық жобадағы ұн зауытының дайындау бөлімінің технологиялық сұлбасындағы жабдықтар келесі түрде тізбектеледі: магнитті сепаратор- таразы-ауалы-електі сепаратор- тас бөлгіш машина- триер-магнитті сеператор- обойкалық машина-гидроөңдеу-бөктіру-таразы-магнитті сепаратор- дирменнің ұнтақтау бөлімінің бірінші жармалау жүйесі.

Тазалаудың басында орналасқан ауалы електі сепаратордағы, ірі қалдықтардан тазартатын жоғарғы сорттайтын елек 4,0х25 мм қолданады, ал майда қалдықтар үшін астыңғы електің домалақ саңылауы 2 мм.

Ауалы електі сепаратордың жұмыс істеу тиімділігінің қортындысы:

  • Ірі қалдық бойынша-100%;

  • Майда қалдық бойынша-65...75%;

  • Жеңіл қалдық бойынша-70...85%;

  • Тиімділіктің қосындысы-65...75%.

Әр топтағы қалдықтарды тазалау тиімділігін бақылауды жүргізу үшін келесі өрнекпен есептейміз:

, (8)

Астықты ұзын қалдықтардан тазарту қарасұлы ажыратқышта жүргізіледі, ал майда фракция қысқа қалдықтардан ажырату машинасында тазарады. Ұзын және қысқа қалдықтардан тазартатын триер тиімділігі 65…75%.

Заманауи магнитті сепараторлар жоғарғы дәрежеде метал қалдықтарынан тазартады, сондықтан дайындау бөлімінен шыққан астық құрамынан метал қоспасы табылмайды.

Астық бетін тазалаудың тиімділігін келесідей бағалайды, онда күлділік 0,03...0,05% болу керек. Және де қосымша астықтың сыну дарежесіне қарайды ол 2 % аспауы керек. Ал астықты гидроөңдеуден өткізгенде астықта микробиологиялық тұқымдануы 4...5 есе төмендейді.

Астықты тазарту мен технологиялық процесстің қортындысы келесідей болуы керек: шөп-шалам қалдығын бөлп алуы 80% кем болмау керек, қалған шөп-шалам қалдықтары 0,4 % көп болмауы керек, дән қоспасының шығуы 30% кем емес, тазартудан кейінгі қалған дән қоспасы астық массасынан 3 % дейін болуы керек.