Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Қамзин.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.77 Кб
Скачать

4 Экономикалық бөлім

4.1 Ұйымдық-экономикалық бөлім

4.1.1 Жобаланып отырған кәсіпорынның қажеттілігін және қуатын негіздеу

Қазіргі уақытта «Концерн «Цесна -Астык» АҚ-да ұнды өнімділігі тәулігіне 120 тонна болатын ұн тарту зауытында макарон фабрикасына арналған жоғары шынылықты жұмсақ бидайды өндіреді. Ұн тарту зауыты жарма зауыты негізінде қайта салынған, отандық және шетелдік өндіріс жабдықтары орнатылған, бұл макарон ұнын өндірудің технологиялық процессіне қызмет көрсетуді және оның жұмысын қиындатады. Бұрынғы жарма зауытының ауданы тиімсіз пайдаланылады, бос тұрған орындар бар. Одан басқа жарма зауытының ғимараты алпысыншы жылдары салынған, ескірген, үнемі жөндеуді талап етеді.

Осы дипломдық жобада жалпы шығымы 75% (оның ішінде жоғарғы сұрып – 40, бірінші сұрып – 30 , екінші (наубайханалық) сұрып - 5) макарон өнімдеріне арналған қатты бидайдан ұн өндіру үшің ұн тарту зауытының жаңа ғимаратын салу ұсынылады.

Қазіргі уақытта макарон фабрикасының макарон өнімдерінің (вермишель,рожки, спагетти, спираль, ракушки және т.б) кең көлемдегі ассортиметін орындау өнімділігі тәулігіне 120 тонна .

Осы сәтте макарон дайындау үшін тәулігіне 120 тонна ұн пайдаланылады. Макарон фабрикасында өндірілетін макарон өнімдеріне сұраныс үнемі өсіп келеді. Қатты бидай ұнын қолданса макаронның сапасы жақсарады, бұдан әрі макарон фабрикасының өнімділігін 15-20 % ға ұлғайту жоспарланып отыр, бұл тәулігіне 18-24 т құрайды. Сондақтан қатты бидай өндіру жөніндегі жаңа ұн тарту зауытының өнімділігін тәулігіне 120+20=140 т деп аламыз