Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Қамзин.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.77 Кб
Скачать

2.3 Өнеркәсіптің өрт қауіпсіздігі бойынша іс – шаралар

Өрт қауіпсіздігі нысанның белгіленген ықтималдықта өрт болуына және оның өршуіне жол бермейтін, адамдарды өрттің қауіпті жағдайларынан сақтайтын, сондай-ақ материалдық құндылықтарды қорғауды қамтамасыз ететін жай-күйін білдіреді.

Құрылыстық нормалар мен ережелерге сәйкес өндірістік ғимараттар мен қоймалар жарылыс, жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша алты категорияға бөлінеді: А, Б, В, Г, Д, Е.

А категориясына ауада 10% және одан аз төменгі шек шоғырлануындағы жанғыш газдары және оталу температурасы 280C дейінгі сұйықтығы, сондай ақ сумен, оттегімен немесе бір бірімен өзара әрекетінде жарылысқа және жануға бейім заттары бар өндірістер жатады.

Б категориясына (жарылыс өрт қауіпті өндірістер) ауада 10% үлкен оталудың төменгі шоғырлану шегіндегі жанғыш газдары, тұтану температурасы 28 – ден 610 С - ге дейінгі сұйықтары және одан жоғары жанғыш тозаңдары немесе 65 г/м3 төменгі және одан аз жану шегіндегі талшықтары бар өндірістер жатады.

В категориясына (өрт қауіпті өндірістер) – оталу температурасы 610С астам сұйықтығы, 65 г/м3 астам төменгі оталу шегіндегі жанғыш тозаңдары немесе талшықтары, сумен, ауамен немесе бір – бірімен өзара әрекетесуде жануға қабілетті қатты жанғыш заттары мен материалдары бар өндірістер жатады.

Г категориясы – бұл өңдеу процессі қызған немесе балқытылған ыстық күйіндегі сәулелі жылу, ұшқын немесе жалын бөлінуімен жүретін жанбайтын заттары мен материалдары бар өндірістер; қатты заттары, сұйықтары және газдары отын сапасында жағылатын немесе пайдаланылатын өндірістер.

Д категориясына салқын күйдегі жанбайтын заттары мен материалдары бар технологиялық процесстер және өрт қауіпті емес өндірістер жатады.

Е категориясына (жарылыс қауіпті өндірістер) сұйық фазасы жоқ жанғыш газдары, ал жарылыс қауіпті тозаңы ауаның 5 % көлемінен астамда жарылыс қауіпті қоспалар құрайтын және сумен, оттегімен немесе бір бірімен өзара әрекетінде, сондай ақ көлем санында жарылыс қауіпті тозаңы бар және технологиялық процесстер жағдайлары бойынша, тек жарылыс тудыратын өндірістер жатады.[19]

Ұн тарту зауыттарында өртті болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі бойынша оқулар жүргізіледі. Өрт қауіпсізідігі бойынша оқуларды құрылыстық, режимдік және түсіндіру оқулары деп бөледі.

Құрылыстық іс шараларды ұн зауыттарын жобалау кезінде ескеру қажет. Бұл іс шараларға келесілерді жатқызады:

  • Өндірістік ғимараттарды өрт қауіпсіздік қашықтықтар арасында және ғимараттарға өрт сөндіру машиналары келе алатындай орналастыру;

  • Ғимараттарда өртке төзімді қоршауларды қою; өртке төзімді және жанбайтын материалдарды қолдану; қабат аралық жабындылардың өртке төзімді етіп жасау;

  • Қондырғыларды өрт қауіпсіздік ережелерге сай етіп орналастыру;

  • Өрт сөндіруге арналған сумен қамтамасыз ету жүйелерін анықтау, ғимрат ішкі және ғимарат сыртқы өрт сөндіру құралдарын таңдау, өрт дабылын беліглеу;

  • Жобаланып жатқан ғимаратты атмосфералық электр тогынан қорғау;

  • Статикалық электр тогынан қорғану әдістерін табу, өндірістік ғимаратта ауа ылғалдылығын 70% шамасында ұстап тұру.