Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Қамзин.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.77 Кб
Скачать

1.5.3 Астық қозғалысының цехішілік коммуникациясы

Коммуникация бұл – машиналардың, тасымалдау механизмдері мен бункерлердің өздігінен ағу құбырларымен біріктірілген жүйесі. Ол арқылы дән және аралық өнімдер технологиялық сұлба бойынша ретімен қозғалады. Цех ішіндегі коммуникацияға үлкен назар аударады. Жабдықтың қабат бойынша тиімді әрі рационалды орнатылғаны, сонымен бірге вертикаль және горизонталь тасымалдайтын механизмдердің минималдылығы цех ішіндегі коммуникацияның дұрыс орындалғанын көрсетеді [5].

Коммуникацияны мұқият жасау кезінде жобаланатын тік жүргізу материалдарының санын қысқарту, олардың биіктігін азайту және учаскелердің ұзындығын қысқарту пневматикалық көлікпен тасымалдайтын ұн зауыттары үшін ерекше маңызды болып табылады.

Астықты элеватордан дән тазалау бөліміне, алдын ала есептелген жалпы ұн тарту партияларының құрамына енетін, сапасы бойынша біркелкі болатын жеке партиялармен берілуі керек. Бұл партиялар жалпы ұн тарту партияларын қалыптастыруға арналған бастапқы компоненттер, сондықтан оларды тазаланбаған дәнге арналған бункерлерде жеке жөнелтеді.

Дайындау бөліміндегі коммуникацияны жобалау жабдықтарды орналастырумен бір уақытта жүргізіледі. Мұндағы коммуникациялық жұмыстар технологиялық жабдықтардың қабаттық сұлбасын құрудан басталады. Ылғалдағыш аппарат бөктіру бункерінің үстінде орналасқан. Қалдықтардан тазарту жабдықтары тазаланбаған бидайға арналған бункерлерге жақын орналасады, ал қалғаны бөктіру бункерінің жанында.

Астықты тасымалдау кезінде өздігінен ағатын құбырлардың маңызы зор. Жабдықтарға жақын орналасқан құбырлар, оларға қызмет көрсету, жөндеу кезінде, кедергі жасамауы керек. Өнімдерді өздігінен ағу құбырлары арқылы тасымалдау кезінде олардың көлбеулілігі өнім түріне байланысты әртүрлі болады. Дән үшін 36°C- тан кем емес, ал ұн және аралық өнім үшін- 45°C.

Цех ішіндегі жабдықтар мен транспорттық машиналарды дұрыс жайластыру арқасында біз транспорттық механизмдерді құруға кететін шығындарды, кәсіпорынның энергия шығындарын және дайын өнімнің өзіндік құнын төмендете аламыз.

Коммуникацияны орындау үшін келесі жобалық материалдар қажет:

  • технологиялық процесстер сұлбасы;

  • ғимараттың ұзыннан және көлденең қималары;

  • өнімнің қозғалыс ведомості, осы арқылы өнімнің бағыты мен жүйесі алдын ала жазылып қойылады.

Өнімді вертикальді тасымалдау үшін айдау пневмотранспорттық әдісі қолданылады. Дәнді дайындау және тазалау бөлімінде осы әдісті пайдаланғанда қысымның жоғары болуын қамтамасыз ету керек.

    1. Энергетикалық бөлім

1.6.1 Жобаланатын кәсіпорынды электрмен жабдықтау, электрқуатты құрылғылар және электрлі жарықтандыру

Электр энергиясымен қамтамасыз етудің сұлбаларын сатылы принцип бойынша құрады: электр энергия көзі – басты төмендеткіш подстанция – орталық таратқыш подстанция – цехтік төмендеткіш подстанциялары – таратқыш пункттері. Ұн тарту зауыттары электр энергиясын аудандық төмендеткіш подстанцияларынан алады.

Өндірістік ғимараттарға электр энергиясын жоғары кернеумен жүргізеді (6000В). Электрқозғалтқыштардың рұқсат етілетін кернеуі 380 В, ал жарықтың кернеуі 220 В болу керек. 380/220 В-қа дейін кернеуді төмендету үшін төмендеткіш трансформаторлық подстанциясын қояды.

Әрбір қабатқа таратқыш, қосқыш және электрөлшегіш құрылғыларын қондыру үшін таратқыш пункттерін (ТП) орнатады. Таратқыш пункттерін баспалдақ торларының жанынан жасайды. ТП-ін бір вертикаль кеңістікте (желдету құрылғылары үшін) және ТП-не жататын электрқозғалтқыштар орналасқан этажда қою тиімді болып есептелінеді.

Егер ТП барлық электрқозғалтқыштарына бір және бірінші қабатта орналасса, онда электр жабдықтарына қызмет көрсету оңайға түседі.