Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САЛЫҚ ЕСЕБІ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆
  1. Еңбек ақы шығындарын шегерімдерге жатқызу.

Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының тиімді пайдаланылуы, жұмысшылардың категориясы, өндірістегі шығындар сияқты мәліметтер тұтастай қамтылатын дәл және оперативтік деректер талап етілетін аса маңызды да күрделі объект болып табылады.

Еңбек және еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:

-          еңбекақы қорын және жұмыс уақытын тиімді пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, жұмсалған еңбектің санын және сапасын бақылау;

-          бастапқы құжаттарды уақытында және дұрыс ресімдеу;

-          әр жұмысшының жалақысын уақытында және дұрыс есептеу;

-          белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;

-          жалақы бойынша шығындарды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына уақытында дұрыс енгізу;

-          еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есептер жасау.

Еңбегіне қарай жалақы төлеу саясаты шаруашылық субъектісін басқарудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.   Еңбек ақы–күрделілігімен мөлшері және сомасына қарай адам қызметіне төленетін табыс. Сонымен жалақы - өндірісте өнімді өндіру мен оны өткізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігінен тұрады. Сондықтан еңбек пен жалақыны есептеу (есепке алу ) мекеменің ( субъектінің ) бухгалтерлік есепке алу системасында ең маңызды орын алады. Еңбек пен жалақыны есепке алудың басты мақсаты еңбек шығындарымен оған төленетін жалақы мөлшерін дұрыс анықтау болып табылады. Өндірісте өнімді өндіру мен оның сапасын жақсатру, өндірістегі еңбек өнімділігін арттырады, жұмыс уақытын дұрыс пайдалануға, еңбек тәртібін жақсартуға мүмкіншілік береді. Еңбек ақы төлеу ( жалақы ) өнімінің өздік құнын құрайтын басты элементі болып табылады. Оны дұрыс есептеуді іске асыру өнімнің өздік құнын төмендетуге мүмкіндік туғызады. Еңбек үлесі мен еңбегіне қарай ақы төлеуге қадағалап отыру үшін шоттардың бас жоспарында ‘‘ Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу ‘‘ шоты қарастырылған. Балансқа қатысты бұл шот ‘‘ пассивті ‘‘ шот. Бұл мекеменің ( субъектінің ) жұмыскерлері мен қызметкерлері алдында еңбек ақы (жалақы ) бойынша міндеттеменің пайда болғандығын көрсетеді. Сондықтан міндеттеменің барлық сомасы пассив шотының кредиті бойынша ‘‘ Қызмет көлеміне жалақы бойынша есеп айырысу ‘‘ шотында көрсетіледі ( жазылады ). Осы кезде өндіріс шығыны мен басқару шығындары көбейеді. Сонда еңбек ақыны төлеуге жұмсалған шығын, шығындар көрсетілетін шоттың дебетінде ‘‘ Негізгі өндіріс ‘‘ пен ‘‘ А ‘‘ өнімі мен ‘‘ Б ‘‘ өнімдерінің талдау шоттарының дебетінде көрсетіледі. Қызмет көрсетушілердің жалақысын төлеуге есептелген сомма жөнелту шығындары жатқызылып ‘‘ Жөнелту шығыстары ‘‘ шотында берешекке жазылады ( дебеттелінеді ). Басқару қызметкерлерінің жалақысы өндірістік шығыстарға жатқызылмайды. Олар мерзімдік шығыстарға жатады. Сондықтан ол ‘‘ Жалпы және әкімшілік шығыстары ‘‘ , шотында дебеттеледі. ‘‘ Жалақы бойынша есептеу ‘‘ шотындағы қалған қалдық жалақыны есептеу мен төлеу уақыты дәл келмегендіктен  пайда болады. Яғни еңбек ақыға төленетін шығыс өнімінің есеп беру мерзіміндегі өздік құнына қосылып, ал еңбек ақыға жұмсалатын шығын келесі есеп беру айында төленеді.

№ 10 емтихан билеті