Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САЛЫҚ ЕСЕБІ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆
  1. «Кейiнге қалдырылған коропоративтiк салық» шотының әсерi және оның қолданылуы.

4310 «Кейінге калдырылған табыс салығы» шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салык есебінің талаптарындағы айырманын нәтижесінде пайда болған  уақытша сомалары көрсетіледі.

Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында каралған және есеп стандарттармен қарастырылған кағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық емепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен аныкталады.

Бүл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, негізгіқұүрал-жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезіндегі күнның, сондай-ақ акша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік кызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.

Бухгалтерлік  және салық есебі арасындағы мәліметтердің тендігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады.

Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ак уақытша айырмашылықтардан салықтык тиімділік туындайды.

Тұрақты айырмашылықтар — бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен занды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылыктар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылықтар.

Тұракты айырма ретінде келесі мысалды келтіруге болады:

- жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылык жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейінге абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;

-         бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;

-         нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең, шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді.

-         коршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезен, шығыстарына жатқызылады, ал салық  есебінде ол жылдық жиынтык, табыстан шегеруге жатпайды;

-         марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығыска жатқызылады, ал салық есебінде — белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі;

-         несие бойынша, соның ішінде қаржылык лизингі бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазакстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта каржыландыру коэффициентінің 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық банк аралық нарықтың 2 есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.

-         сақтандыру пайдасы бухгалтерлік есепте ешқандай шектеусіз шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — ол шегеруге жатпайды, егер ол шегеруге жатқызылған жағдайда класы бойынша өкілетті органдардың белгілеген шегінде ғана жүзеге асуы мүмкін;

-         кәсіпкерлік қызметіңде пайдаланбайтын объектілердің пайдалануы мен күтіп-ұстау шығыстары бухгалтерлік есепте толық көлемінде шығыс ретінде есептелінеді, ал ол салық есебінде шегерімге жатпайды.

-         және баска да шығыстары;