Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САЛЫҚ ЕСЕБІ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

1.Заңды тұлғалардың жиынтық жылдық табысын анықтау процессiнде тұрақты және уақытша айырмашылықтардың пайда болу себептерi.

Бухгалтерлік есепте табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптарынан бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешілігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе ауқытша болып бөлінеді.  Тұрақты айырмашылықтын пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысында есепке алынатын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатады:  • Валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық;  • Бюджетке төленетін айыппұл ықпалшаралары (санкциясы)  • Кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар;  • Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік (представительские) және тағы басқа шығындар.  Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарды есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.  Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде пайда болады:  • Бухгалтерлік есеппен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухгалтерлік есепте – есептеу принципі, ал салық есебінде – кассалық әдіс бойынша);  • Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде амортизациялық ацырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданудан;  • Негізгі құралдарды бухгалтерлік есептен шығарудан болатын айырмашылықтан және тағы басқалардан.  Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешіліктер нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі. 

2. Күдікті талаптар бойынша шегерімдер

Күмәнді талаптар — Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлеріне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады. Салық Кодексіне сәйкес күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады. Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы мына шарттарды сақтағанда: 1)шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген жағдайда; 2)белгіленген тәртіппен ресімделген мына құжаттар: шот-фактуралар; салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының осы шығыстарды шегерімге жатқызу туралы жазбаша хабарламасы болған жағдайда жүргізіледі.Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешімі мен оны Мемлекеттік тіркелімнен шығару туралы әділет органдарының шешімін қосымша тапсыру қажет. Салық төлеуші жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеуші-дебитор банкрот деп танылған салық кезеңінің қорытындылары бойынша күмәнді талаптың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.Өткен жылғымен салыстырғанда ағымдағы жылы күмәнді талаптар бойынша шегерімдерді қалыптастыруға мүмкіндік бар.01.01.02 жылға дейін қолданылып келген "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Заңында талап қою мерзімі - шегерімдерді қалыптастыру үшін табыстар мен басқа да талаптар (салыстыру актісінің болуы) есептелген күннен бастап 2 жыл болып белгіленгендіктен, 2001 жылғы шегерімдерге салыстыру актісі болған жағдайда, 1999 жылы туындаған күмәнді талаптарға жатқызуға болатын еді. Салыстыру актілерін алу әрдайым мүмкін бола бермейтінін ескеріп, көптеген кәсіпорындар күмәнді талаптар бойынша шегерімдерді қалыптастыру құқығын пайдалана алмады. 2002 жылдан бастап Салық кодексінің 96-бабымен күмәнді талаптар - тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған жәнетуындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар деп белгіленген. Аталған бапта күмәнді талаптарды шегерімге жатқызу үшін негіз болып табылатын мына талаптар белгіленген: - шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген жағдайда; - белгіленген тәртіппен ресімделген мына құжаттар: шот-фактуралар; - салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының осы шығыстарды шегерімге жатқызу туралы жазбаша хабарламасы болған жағдайда жүргізіледі. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешімі мен оны Мемлекеттік тіркелімнен шығару туралы әділет органдарының шешімін қосымша тапсыру қажет.

№ 6 емтихан билеті