- •«Салық есебi» пәнiнiң экономикалық мазмұны.
- •Тауарларды (жұмысты, қызметті) өткізуден болатын шығын.
- •Салық есебiнiң экономикалық табиғаты және қажеттiлiгi.
- •«Салық есебi» және «Бухгалтерлiк есеп» арасындағы өзарабайланыс және олардың ерекшелiктерi.
- •Өкілеттілік шығындарға салық салу тәртібі.
- •1. Бухгалтерлiк және салық есебiнде салық салынатын табысты анықтау механизмi.
- •1.Заңды тұлғалардың жиынтық жылдық табысын анықтау процессiнде тұрақты және уақытша айырмашылықтардың пайда болу себептерi.
- •2. Күдікті талаптар бойынша шегерімдер
- •Тауарлық материалдық қорлардың есебі және оларды шегерімге жатқызу.
- •Бухгалтерлiк баланспен салық бойынша декларация арасындағы өзарабайланыс.
- •Тауарларды (жұмысты және қызметтi) өткiзуден түсетiн табысты есепке алу тәртiбi.
- •Жжт болатын шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізудің тәртібі.
- •Құн өсiмiнен болатын табысты есепке алу тәртiбi.
- •2.Алдынғы кезең шығындарын шегерімдерге жатқызу
- •Салық салу мақсатында курстық айырмалардың есебi.
- •Еңбек ақы шығындарын шегерімдерге жатқызу.
- •Дивиденттер, пайыздар, ұтыстар, жалға беру, роялти нысанындағы және басқада табыс түрлерiнiң салық есебiнде көрсету ерекшелiгi.
- •Резервтік қорларға болатын аударымдар шегерімдерінің салық есебі.
- •Салық төлемдерi бойынша салық әсерiнiң есебi.
- •Ғылыми-іскерлі, ғылыми техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығындарды шегерімдерге жатқызу
- •Тұрақты және уақытша айырмашылықтардың пайда болу себептерi және олардың шаруашылық субъектiнiң қаржылық нәтижесiне әсерi.
- •Салықтардың салық есебі.
- •Уақытша айырмашылықтар негiзiнде салық әсерiн анықтау.
- •Кері курстық айырмалар бойынша шегерімдер.
- •«Кейiнге қалдырылған коропоративтiк салық» шотының әсерi және оның қолданылуы.
- •Әлеуметтік сала бойынша шығындарды шегерімдерге жатқызу.
- •Салық төлемi бойынша үнемдеу.
- •Тіркелген активтер туралы түсінік.
- •Міндеттеме/ді есептен шығарудан түскен табыс/ға мыналар қатысты:
Тауарларды (жұмысты және қызметтi) өткiзуден түсетiн табысты есепке алу тәртiбi.
Тауарларды (жұмысты және қызметтi) өткiзуден түсетiн табыстар-ҚР-ның трансферттік бағаны қолдану кезіндегі мәселері бойынша қарастырылмағаннан басқа , тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны болып табылады. Тауарларды (жұмысты және қызметтi) өткiзуден түсетiн табыстардың салықтық есебі бухгалтерлік деректер бойынша есептеледі.Егер ұйым қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырса, табыстарды қызмет түрі бойынша көрсету қажет.Одан басқа салық төлеуші туралы жалпы ақпарат оның қызметінің әр түрінің (негізгі) үлестік салмағы бойынша деректерді көрсетуі тиісті.
Тауарларды (жұмысты және қызметтi) өткiзуден түсетiн табыс мынадай жағдайда түзетілуі тиіс:
- тауарларды толық немесе жекелей қайтарған кезде;
-мәмле жағдай өзгерген кезде
-өткізілген тауарлар үшін келісілген өтемақы өзгергенде;
-өтемақы өзгергенде
- өткізілген тауарлардың құнын теңгемен төлеу кезіндегі айырмашылықтарды алу.Көрсетілген өзгерістер болған сол салықтық кезеңнің нәтижесі бойынша табысқа өзгерістер енгізіледі.
Тауарларды, орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсетуді өткізуден түсетін табысты анықтау бөлімшелердің шоттары бойынша деректерді талдау негізінде жүргізіледі:
-6000 –«Өнімдер мен қызмет көрсетуді өткізуден түскен табыс»
-6010- «Қызмет көрсету бойынша өнімдерді өткізуден түскен табыс»
-6020- «Сатылған өнімнің қайтарылуы»
-6030 –«Сату мен бағадан түсірілетін жеңілдік»
Жжт болатын шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізудің тәртібі.
Заңды тұлғаның- (ЖЖТ)-нан оны алуға байланысты шығындарды шегерім жүргізеді. Шегерім деп – нақты болған шығындардың сомасын,сондай –ақ ЖЖТ – тан шегерілетін өнімдердің , жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнына өосылмайтын, сомаларды түсіну қажет.ЖЖТ-ты алуға байланысты шығындарды растайтын құжаттардың болған кезінде салық төлеушіге шешім жүргізіледі.Бұл шығындар келешектегі кезеңдегі шығындарды қоспағанда сол салықтық кезеңде нақты жүргізілген шегерімге жатады.Келесі кезеңдегі шығындар,өз кезегінде сол уақытқа қатысты салықтық кезеңде шегерімге жатады.Табиғи моноиолистерге болған ысырап ҚР заңымен белгіленген мөлшер шегінде шегерімге жатады.Егер осы немесе басқа шығындар салық салынатын табыстарды есептеу кезінде шығындардың бірнеше бабында қарастырылса олар бір рет қана шегеріледі.Саондай-ақ шегерімге мемлекет бюджетіне аударылуға тиістілерден басқа берілген дәне танылған айыппұлдар өсім ақылар тұрақсыздық айыбы,шығындар жатады.
№ 8 емтихан билеті
Құн өсiмiнен болатын табысты есепке алу тәртiбi.
1. Құн өсiмiнен түсетiн табыс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекет мұқтажы үшiн сатып алынған активтердi қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердi өткiзу;
2) амортизацияға жатпайтын активтердi жарғылық капиталға салым ретiнде беру;
3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесiнде амортизацияға жатпайтын активтердiң шығып қалуы кезiнде құралады.
2. Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:
1) жер учаскелерi;
2) аяқталмаған құрылыс объектiлерi;
3) орнатылмаған жабдық
4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бiр жылдан астам қызмет мерзiмi бар активтер;
5) бағалы қағаздар;
6) қатысу үлесi;
7) құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерiмге жатқызылған негiзгi құралдар;
8) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келiсiмшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген, құны толығымен шегерiмге жатқызылған активтер;
9) осы Кодекстiң 97-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтiк сала объектiлерiне жатқызылған мүлiк жатады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбiр актив бойынша өткiзу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
