
- •«Салық есебi» пәнiнiң экономикалық мазмұны.
- •Тауарларды (жұмысты, қызметті) өткізуден болатын шығын.
- •Салық есебiнiң экономикалық табиғаты және қажеттiлiгi.
- •«Салық есебi» және «Бухгалтерлiк есеп» арасындағы өзарабайланыс және олардың ерекшелiктерi.
- •Өкілеттілік шығындарға салық салу тәртібі.
- •1. Бухгалтерлiк және салық есебiнде салық салынатын табысты анықтау механизмi.
- •1.Заңды тұлғалардың жиынтық жылдық табысын анықтау процессiнде тұрақты және уақытша айырмашылықтардың пайда болу себептерi.
- •2. Күдікті талаптар бойынша шегерімдер
- •Бухгалтерлiк баланспен салық бойынша декларация арасындағы өзарабайланыс.
- •Тауарлық материалдық қорлардың есебі және оларды шегерімге жатқызу.
- •Тауарларды (жұмысты және қызметтi) өткiзуден түсетiн табысты есепке алу тәртiбi.
- •Жжт болатын шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізудің тәртібі.
- •Құн өсiмiнен болатын табысты есепке алу тәртiбi.
- •2.Алдынғы кезең шығындарын шегерімдерге жатқызу
- •Салық салу мақсатында курстық айырмалардың есебi.
- •Еңбек ақы шығындарын шегерімдерге жатқызу.
- •Дивиденттер, пайыздар, ұтыстар, жалға беру, роялти нысанындағы және басқада табыс түрлерiнiң салық есебiнде көрсету ерекшелiгi.
- •Резервтік қорларға болатын аударымдар шегерімдерінің салық есебі.
- •Салық төлемдерi бойынша салық әсерiнiң есебi.
- •Ғылыми-іскерлі, ғылыми техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығындарды шегерімдерге жатқызу
- •Тұрақты және уақытша айырмашылықтардың пайда болу себептерi және олардың шаруашылық субъектiнiң қаржылық нәтижесiне әсерi.
- •Салықтардың салық есебі.
- •Уақытша айырмашылықтар негiзiнде салық әсерiн анықтау.
- •Кері курстық айырмалар бойынша шегерімдер.
- •«Кейiнге қалдырылған коропоративтiк салық» шотының әсерi және оның қолданылуы.
- •Әлеуметтік сала бойынша шығындарды шегерімдерге жатқызу.
- •Салық төлемi бойынша үнемдеу.
- •Тіркелген активтер туралы түсінік.
- •Міндеттеме/ді есептен шығарудан түскен табыс/ға мыналар қатысты:
2.Алдынғы кезең шығындарын шегерімдерге жатқызу
1620 «Алдағы кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Олардың қатарына жататындар:
Алдын ала (мерзімінен бұрын) төленген сақтандыру полисінің сомасы,
Келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат құралдарының құны,
Маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары және тағы да басқалар.
Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жаңа өндірісті дайындау және меңгеруге байланысты шғындар, кен өндіруші өнеркәсіпті пайдалануға дайындау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады.
«Сақтандыру полисі» шотында төленген сақтандыру полисінің сомасы есептеледі.
Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сомаға:
Дт: 1620 «Сақтандыру полисі» шоты;
Кт: 1030«Есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасын есеп беретін уақытта мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»;
7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»;
8410 «Үстеме шығындар» шоттарының тиістілері;
Кт: 3210 «сақтандыру полисі» шоты.
«Жал төлемі» шот алдағы кезеңдер үшін төленегн жал төлемдерінің сомасын көрсетеді. Аталмыш шотқа байланысты төмендегідей бухгалтерлік жазулар жазылады:
Алдағы кезеңдер үшін төлем төленген жағдайда:
Дт: 1620 «Жал төлемі» шоты;
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы.
Ал есепті кезеңге жатқызылатын жал төлемі есептен шығарылған уақытта:
Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»;
7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»;
8410 «Үстеме шығындар» және тағы да басқа шоттардың тиістілері;
Кт: 1620 «Жал төлемі» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы.
«Басқадай алдағы кезең шығындары» шоты «Сақтандыру полисі» мен «Жал төлемі» деп аталатын шоттарда аталмай кеткен басқадай алдағы кезең шығындары жайлы ақпараттарды есептеу үшін арналған.
Алдағы кезең шығындары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
Тип |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сома |
1620 |
1030 |
|
2 |
Сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасы есеп беретін уақытта тиісті шоттарға апарылды |
7110, 7440, 8048 |
1620 |
|
3 |
Алдағы кезеңнің жал төлемі есеп айырысу шотынан аванс ретінде алдын ала аударылды |
1620 |
1030 |
|
4 |
Есеп беретін уақытта жал төлемі есептен шығарылды |
7110, 7440, 8047 |
1620 |
|
№ 9 емтихан билеті
Салық салу мақсатында курстық айырмалардың есебi.
Салық кодексінің 10-бабының 13-тармағына сәйкес бағамдық айырма (оң, теріс) - шетелдік валютамен жасалған операциялар бойынша пайда болатын айырма. Бұл айырма бухгалтерлік есепте операция жасалған күн мен ұлттық валютамен жасалған операцияны көрсету нәтиже-сінде осы операция бойынша есеп айырысқан күн арасында пайда болады. Сөйтіп, салық салу мақсатында бағамдық айырма солар бойынша есеп айырысулар жүргізілген шетелдік валютамен жасалған операциялар бойынша ескеріледі, ал бухгалтерлік есепте бағамдық айырма шетелдік валютамен жасалып өткізілген операциялар бойынша да, өткізілмеген операциялар бойынша да ескеріледі. Бұл орайда операция жасалған күн де, онымен есеп аиырысу күні де орын алған операциялар өткізілген операциялар деп танылады.Салық кодексінің 65-бабының 2-тармағына сәйкес (01.01.2003 ж. бастап қолданылатын редакцияда) салық салу мақсатында шетелдік валютамен жасалатын операция операция (төлем) жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен қайта есептеледі.Бұл орайда 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап Caлық кодексінің 10-бабы 27-1-тармақшамен толықтырылды, онда валюта айырбастаудың нарықтық бағамы ұғымы берілген - ол қазақстандық қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген тәртіппен анықталған теңгенің шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы; теңгенің қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі. Салық кодексінің 80-бабының 2-тармағына сәйкес жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері, оған қоса оң бағамдық айырма (17-тармақ) енгізіледі. Теріс бағамдық айырманы шегерімге жатқызу жөніндегі ережелер біраз күрделі болып белгіленген. Мәселен, 102-бапқа сәйкес құрылысқа алынған кредиттер (қарыздар) бойынша және құрылыс кезеңіндегі төлемдер бойынша туындаған теріс бағамдық айырма объект құнына енгізіледі; шегерімге жатқызылуға тиіс теріс бағамдық айырманың ең жоғары сомасы салық төлеушінің салық салынатын табысының 50% мөлшеріндегі сомаға оң бағамдық айырма түрінде алынған табыс қосылған сомамен шектеледі. Осы баптың мақсатында салық салынатын табыс салық төлеушінің бағамдық айырма бойынша табыстары мен шығыстары есепке алынбай, оның жылдық жиынтық табысы мен шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады. Теріс бағамдық айырма орын алған салық кезеңінде осы тармақтың ережелеріне байланысты шегерімге жатқызуға болмайтын теріс бағамдық айырманың қалған сомасы Салық кодексінде белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы тармақтың ережелеріне сәйкес келесі салық кезеңдерінде, яғни салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылдың ішінде өтеледі (38-бап).2003 жылы, 2002 жылғы сияқты, бухгалтерлердің алдында салық салу мақсатында өткізілген бағамдық айырманы айқындау міндеті тұр. Бағамдық айырманы есепке алуға қатысты қандай есеп саясатын таңдау керек: өткізілген бағамдық айырманың есебін жыл бойы әрбір операция бойынша тұрақты жүргізіп, бұл есептерді бухгалтерлік есеп жүйесіне енгізу (1-нұсқа) немесе оның өткізілмеген бөлігінің есебін кезеңнің соңында жүргізу (2-нұсқа) керек пе - мұны әр бухгалтер дербес шешуге құқылы. Салық есептілігін жасау принципін - дер кезділікті ұстанып, жыл бойы салық салынатын табысты кезең-кезеңмен есепке алатын компаниялар үшін - әсіресе егер компанияда 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2002 жылдан бері өткізілмей, 2003 жылы өткізілген бағамдық айырма орын алса, бірінші нұсқаның неғұрлым қолайлы екендігін (және тәжірибеде ойдағыдай қолданылып жүр) тәжірибе көрсетіп отыр. Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша бағамдық айырма арасындағы айырмалары аз компаниялар неғұрлым ұтымды - екінші әдісті таңдады.2002 жылғы корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға 100.09 және 100.20-қосымшаларды жасаған кезде кептеген бухгалтерлерді алаңдатқан - валюталық шоттардағы ақшалай қаржылардың қалдықтары бойынша бағамдық айырма салық есебінде ескеріле ме? - деген сұраққа қайтып оралғымыз келеді. ҚР Салық комитетінің 18.01.2003 ж. № НК-УМ-07-1-21/436 хатына сәйкес әрбір есепті күнге шетелдік валютамен ақшалай қаражаттың қалдықтарын және дебиторлық/кредиторлық борышты қайта есептеу кезінде туындайтын және бухгалтерлік есепте ескерілетін бағамдық айырма салық салу мақсаттарында көрсетілуге тиіс емес.