Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САЛЫҚ ЕСЕБІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.1 Кб
Скачать
  1. Өкілеттілік шығындарға салық салу тәртібі.

Шаруашылық жүргізуші ұйымның жарғылық қызметіне байланысты өкілдік шығындарға жататыны:

а)заңды тұлғаның коммерциялық қызметімен тікелей қатысты іскерлік байланысты талқылау және шарттар мен келісімге қол қою үшін кеңес , семинар салтанатты жиналыс және басқа да шаралар өткізу үшін, басқа ұйымдардың өкілдерін қабылдау және қызмет көрсету.

ә)Қр «шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестік туралы» 22.04.98 ж. №220-01 Заңына сәйкес кезеіті жылдық жиналысқа қатысу үшін келген Директорлар кеңсінің, басқарманың және ривизиялық комиссияның мүшелерін,ресми тұлғаларды қабылдау мен қызмет көресету.Өкілдік сипаттағы шараларға шығындарды растайтын барлық ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар ұйымдармен дайындалуы және салық саясатының шеңберінде бекітілуі қажет. Өкілдік шығындарға байланысты шығындарға мыналар қатысты:

-көліктік қызмет көрсету

-келіссөз кезінде тамақтануға шығындар

-аудармашының қызметіне төлемақы

Тікелей нақты шараларға қатысты және құжаттармен расталған басқа да шығындар.

Есепке алынған барлық шығындар бухгалтерлік өзіндік құнға қосылады, шығындар кезеңіне қатысты және «Қызметкер мен басқа тұлғаның қарызы»-1250 шотында , «Өкілдік шығындар» қосалқы шотыда көрсетіледі.

4 емтихан билеті

  1. 1. Бухгалтерлiк және салық есебiнде салық салынатын табысты анықтау механизмi.

Есептеу кезең үшін салықтардың төлемі бойынша шығындар міндеттеме әдісі мен мен кейінге қалдыру әдістерін қолданумен уақытша айырмашылықтың салықтық тиімділігінің есебі негізінде анықталуы тиісті. «Табыс салығының есебі» 12- ХБЕС талаптарына сәйкес бюджетке табыс салығы бойынша қарыз сомалары, міндеттеме әдістерінің негізі арқылы анықталады. УАқытша айырмашылықтың салық нәтижесі – бұл уақытша айырмашылықтың пайда болу нәтижесінде келешекке төлемге жататын немесе ағымдағы кезеңде алдын ала төленген салық төлемінің сомасы.

Салық салынатын табыс =Бухгалтерлік табыс ±Тұрақты айырмашылық±Уақытша айырмашылық

Бухгалтерлік табысты анықтау кезіндегі бухгалтерлік есеп шеңберінде шығындардың бір бөлігі есептік кезеңнің шығындарына қатысты болады, бірақ салық салынатын табысты анықтау кезіндегі салық есебінің шеңберінде осы есептік кезеңде шагарімге жатпайды. Мұндай шығындар салық есебі шеңберінде шартты түрде келесі кезеңдегі салық шегерімі деп аталады.Салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыс арасындағы уақытша айырмашылық есептік кезеңдегі табыс салығы бойынша салық төлемі мөлшерінің өзгеруіне алып келеді.Табыс салығы бойынша салық төлемінің мөлшерінің өзгерістерінің бұл нәтижесі уақытында уақытша айырмашылықтың салық нәтижесі тиімділігі деп аталады.

2. Сый-ақы бойынша шегерімдер.

 1. Мыналар сыйақылар бойынша шегерiмдер болып табылады:        1) құрылысқа алынған және құрылыс кезеңiнде төленетiн кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыны қоспағанда, алынған кредиттер (қарыздар) бойынша, оның iшiнде қаржы лизингi түрiндегi сыйақы;        2)       3) борыштық бағалы қағаздар иесiне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтiн дисконт не купон (дисконтты не сыйлықақыларды есепке ала отырып);       3-1) вексель бойынша төлемдер;        4) салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы.       Сыйақы бойынша шегерiм осы бапта белгiленген шекте жүргiзiледi.       2. Сыйақы бойынша шегерiм:       салық кезеңi үшiн салық төлеушiнiң резидентке төлейтiн сыйақы сомасы       қосу       меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасының мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасына қатынасының, шектi коэффициент және салық кезеңi үшiн салық төлеушiнiң резидент емеске төлейтiн сыйақы сомасының көбейтiндiсi ретiнде есептелетiн сома түрiнде есептелетiн сома шегiнде жүргiзiледi.       3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн:       1) меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының соңындағы меншiктi капитал сомаларының орташа арифметикалық шамасына тең       2) мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының iшiнде олар бойынша сыйақы төленетiн мiндеттемелердiң ең жоғары сомасының орташа арифметикалық шамасына тең       3) қаржы ұйымдары үшiн шектi коэффициент - 7-гe, өзге заңды тұлғалар үшiн 4-кe тең. 

5 емтихан билеті