
- •«Салық есебi» пәнiнiң экономикалық мазмұны.
- •Тауарларды (жұмысты, қызметті) өткізуден болатын шығын.
- •Салық есебiнiң экономикалық табиғаты және қажеттiлiгi.
- •«Салық есебi» және «Бухгалтерлiк есеп» арасындағы өзарабайланыс және олардың ерекшелiктерi.
- •Өкілеттілік шығындарға салық салу тәртібі.
- •1. Бухгалтерлiк және салық есебiнде салық салынатын табысты анықтау механизмi.
- •1.Заңды тұлғалардың жиынтық жылдық табысын анықтау процессiнде тұрақты және уақытша айырмашылықтардың пайда болу себептерi.
- •2. Күдікті талаптар бойынша шегерімдер
- •Бухгалтерлiк баланспен салық бойынша декларация арасындағы өзарабайланыс.
- •Тауарлық материалдық қорлардың есебі және оларды шегерімге жатқызу.
- •Тауарларды (жұмысты және қызметтi) өткiзуден түсетiн табысты есепке алу тәртiбi.
- •Жжт болатын шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізудің тәртібі.
- •Құн өсiмiнен болатын табысты есепке алу тәртiбi.
- •2.Алдынғы кезең шығындарын шегерімдерге жатқызу
- •Салық салу мақсатында курстық айырмалардың есебi.
- •Еңбек ақы шығындарын шегерімдерге жатқызу.
- •Дивиденттер, пайыздар, ұтыстар, жалға беру, роялти нысанындағы және басқада табыс түрлерiнiң салық есебiнде көрсету ерекшелiгi.
- •Резервтік қорларға болатын аударымдар шегерімдерінің салық есебі.
- •Салық төлемдерi бойынша салық әсерiнiң есебi.
- •Ғылыми-іскерлі, ғылыми техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығындарды шегерімдерге жатқызу
- •Тұрақты және уақытша айырмашылықтардың пайда болу себептерi және олардың шаруашылық субъектiнiң қаржылық нәтижесiне әсерi.
- •Салықтардың салық есебі.
- •Уақытша айырмашылықтар негiзiнде салық әсерiн анықтау.
- •Кері курстық айырмалар бойынша шегерімдер.
- •«Кейiнге қалдырылған коропоративтiк салық» шотының әсерi және оның қолданылуы.
- •Әлеуметтік сала бойынша шығындарды шегерімдерге жатқызу.
- •Салық төлемi бойынша үнемдеу.
- •Тіркелген активтер туралы түсінік.
- •Міндеттеме/ді есептен шығарудан түскен табыс/ға мыналар қатысты:
№ 1 емтихан билеті
«Салық есебi» пәнiнiң экономикалық мазмұны.
Салық есебі- мемлекеттік бюджет пайдасына салық міндеттемесін алу және салық салу негізін анықтау мақсатындағы бухгалтерлік есеп қағидасында қалыптасатын ұйым қызметінің қаржылық-экономикалық жүйесіндегі ақпараттық маңызды буыны.Біздің республикамыздағы салық есебінің пайда болуы отандық экономиканы реформалау кезеңімен байланысты.1995 жылдың 1-шілдесіндегі ҚР президентінің «Салық және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» Жарлығы салық салу туралы дәстүрлі түсінікке өзгеріс енгізді.В.К Радостовец : «Салық есебі-бұл салық төлеушінің бюджетке төлемі бойынша есеп айырысуының есебі емес,бұл салық төлеуші салықтың жыл ішінде жүргізуге міндетті табыстардың есебімен шегеру, яғни салық салынатын табыстың есебін шығаратын жедел есептің жаңа түрі.Сонымен бірге,көптеген шегеру мен бір қатар табыстар бухгалтерлік есепке кірмейді.»- деп жазған.
Салық есебі пәнінің міндеті - толық салық салу мақсаты үшін және есеп беру (салықтық) кезеңінде жүргізілген шаруашылық операцияларын есептеу тәртібі туралы дәл ақпараттарды қалыптастыру,сондай-ақ бюджетке салық пен басқа да төлемдер мен алымдарды уақытында есептеу мен толық төленуінің дұрыстығын бақылау үшін,сыртқы және ішкі пайдаланушыларды ақпараттармен қамтамасыз ету.
Тауарларды (жұмысты, қызметті) өткізуден болатын шығын.
Өткізілген тауарлар(қызметтер,жұмыстар) бойынша шығындарға өндіріске сатып алуға байланысты және салық заңымен тәртіптелген шығындардан басқа барлық шығындар қосылады.Дайын өнімдер мен тауарлардың(қызметтер,жұмыстар), өзіндік құн –өнімнің (қызметтер,жұмыстар) өзіндік құнына қосылатын құрамның қалыптасу бөлігі мен шығындардыжіктеудегі «Қорлар» ҚХЕС 2 әдістемелік ұсынылымдарға сәйкес анықталады.Бұл шығындардан басқа кезең шығыны қосылады. Өткізілген өнімдер(қызметтер,жұмыстар) бойынша шығындарды анықтау үшін «Қорлар» 1300-бөлімшелері шоттарының(«»Шикізаттар мен материалдар-1310, «Аяқталмаған өндіріс»-1340, «Тауарлар»-1330), «Өткізілген өніммен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»-7000 шоты («Өткізілген өнімдермен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»-7010)шоттырында жүргізіледі.
Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер бойынша шығындарға қосылатындары:
-сатып алынған тауарлар,материалдар,жұмыстар мен қызметтер;
-негізгі қорды жөндеудегі жұмыскерлердің еңбек ақысын қоспағандағы еңбекке ақы төлеу;
-әлеуметтік салықты аудару;
Өткізілген дайын өнімдер ( тауарлар, жұмыстар,қызметтер) бойынша қосылатын және декларацияның басқа жолында көрсетілмеген басқа да шығындар.
№ 2 емтихан билеті
Салық есебiнiң экономикалық табиғаты және қажеттiлiгi.
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен ажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса, оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлемдер.Салықтар – қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы құқықтық формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер.Салық экономикалық мағынада – белгілі уақытта белгіленген тәртіппен белгілі бір мөлшердегі құнының мемлекет пен төлеуші арасындағы бір жақты қозғалысын байланыстарын ақша қатынастары.Салықтардың экономикалық мәні салықтарды мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмылдырылатын шаруашылық жүргізуші субъектіден, азаматтардан ұлттық табыстың белгілі бір үлесін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бөлігі болып табылатындығында және мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым–қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралады. Салықтардан мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік–экономикалық мәні, олардың түрлері мен ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.Салықты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ерекшелендіретін айрықша белгілері бар, атап айтсақ:
Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
Салық – ақшалай нысанда төленеді;
Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады;
Салық – баламасыз сипатта болады;
Салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;
Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық
Іс-сапар шығындарын шегерудің есебі.
1. Қызметтiк iссапарлар кезiндегi шегерiмге жататын өтемдерге:
1) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығыстар;
2) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты шыққан шығыстар;
3) Қазақстан Республикасының шегiнде iссапарда болған уақытында тәулiгiне алты айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде төленетiн тәулiктiк ақы;
4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде iссапарда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде төленетiн тәулiктiк ақы;
5) салық төлеушi кiру визасын ресiмдеген кезде жұмсаған шығыстар (визаның, консулдық қызметтердiң құны, мiндеттi медициналық сақтандыру) жатады.
2. Салық төлеушiнiң өзара ынтымақтастық орнату немесе оны қолдау мақсатында адамдарды, акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзуге, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң отырысына келген қатысушыларды қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығыстары өкiлдiк шығыстарға жатады. Аталған адамдарды ресми қабылдауды өткiзу, оларды көлiкпен қамтамасыз ету, келiссөз кезiнде тамақтануға арналған шығыстар, сондай-ақ ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатады.
Банкеттер, бос уақытта ойын-сауық немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатпайды және шегерiлмейдi.
№ 3 емтихан билеті