Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_007001_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.13 Кб
Скачать

8.Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының «антропоцентризм» және «пантеизм» ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз. (л.Д.Винчи, н.Куланский, г.Галилей т.Б).

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір феодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары  Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы  жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Қайта өрлеу іс – жүзінде ескіні рестоврациялау емес жаңа ізденіске ұмтылуды білдіреді. Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік болды. Яғни басты тұлға құдай емес ал адам. Құдай барлық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі. Қайта өрлеу дәуірінің ортасы негізі қайта өрлеу дәуірінің дүние танымы гуманистік бағытта адам ерікті өзінің болашағын жасаушы тұлға ретінде қарастырылды.Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Қайта өркендеу дәуіріндегі философияның тағы да бір маңызды ерекшелігі – эстетикалық өлшемдердің үстемдігі. Өнер онымен бірге әсемдік те дамиды. Осы уақытта бейнелеу өнерінің өркендегені жай ғана кездейсоқтық емес. Леонардо да Винчидің, Микеланджело, Рафаэль Сантидің, Альбрехт Дюрердің тамаша туындылары осы дәуірдің жемісі. Гуманизм – осы кезеңде қалыптасады. Ол – адамды оның барлық қадір қасиетімен құрметтеу, сыйлау керек екендігін көрсететін көзқарастың бірі . Гуманизм дәстүрлері антикалық, орта ғасырлық дәуірлерде де болды, бірақ кең көлемдегі саяси, әлеуметтік, адамгершілік сипаттағы қоғамдық қозғалыс ретінде Қайта өркендеу дәуірінде қалыптасты. Яғни жаңа типтегі дүниетанымдық, адамгершілік және саяси идея дүниеге келді. Өмірден тым алыс схоластика сынға ұшырады. Әділетті қоғамдық – мемлекеттік құрылым – парламенттік басқару Италияда енгізілді. Адамдардың қызығушылықтарының өзара үйлесімде болуының жолдары қаастырылды. Гуманистер адамдардың қарым – қатынастарының негізінде сүйіспеншілік, достық, бірін – бірі сыйлау сияқты құндылықтар жатуы қажет деп жариялады. Адамдардың нағыз ізгілікті табиғатын Данте шығармашылығынан көруге болады. Құндылықтардың жаңа жүйесі қалыптасты. Бірінші орынға адам мен табиғаттың өзара қатынасы шықты, ал дін, оның мәселелері екінші қатарға ығыстырылды. Адам – табиғи жан. Бұдан Қайта өркендеу дәуірінің тағы да бір маңызды ерекшелігі туындайды, яғни мәдениет пен философия діннің ықпалынан босайды. Мемлекет, мораль, ғылым мәселелері дін тұрғысынан емес, ғылыми дүниетаным тұрғысынан зерттеле бастайды. Аталған мәселелер дербес сипат алып, зайырлы ғылымның негізгі нысанына айналады. Құдай, жамандық пен жақсылық төңірегіндегі діни ізденістер ұмытылмайды, бірақ олар бұрынғыдай шешуші орында бола алмайды. Бұл уақытта табиғат туралы жан – жақты мәлімет беретін ғылымдар қалыптасады.Бұл – Коперник, Кеплер, Галилей, Бруно сияқты ойшылдардың табиғат жөніндегі ізденістерінің дәуірі. Қайта өркендеу дәуірінің ойшылдары схоластар сияқты ұғымдарды жан – жақты талдауға тырыспайды. Олар табиғат пен қоғамның құбылыстарын меңгеруге, түсінуге бет бұрады. Олардың көпшілігі интуиция мен сәуегейлікке емес, тәжірибе мен ақылға иек артады. Қайта өркендеу дәуіріндегі философияның тағы да бір маңызды ерекшелігі – эстетикалық өлшемдердің үстемдігі. Өнер онымен бірге әсемдік те дамиды. Осы уақытта бейнелеу өнерінің өркендегені жай ғана кездейсоқтық емес. Леонардо да Винчидің, Микеланджело, Рафаэль Сантидің, Альбрехт Дюрердің тамаша туындылары осы дәуірдің жемісі.

Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас.Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист–рационалисті. Басты шығармасы –  «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан–жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі.Т.Кампанелла (1568-1639). Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ.Ренессанс философияның негізгі ерекшелігі – антропологиялық мәселенің алдыңғы қатарға шығуы. Зерттеу ізденістерінің нысаны Құдай емес, Адам болды. Адамның әлемдегі орны, оның еркіндігі, тағдыры Леонардо да Винчи, Микеланджело, Эразм Роттердамский, Никкола Макиавелли, Томас Мор, Мишель де Монтень сияқты ойшылдарды қызықтырды. Қайта өркендеу дәуіріндегі философияның тағы да бір маңызды ерекшелігі – эстетикалық өлшемдердің үстемдігі. Өнер онымен бірге әсемдік те дамиды. Осы уақытта бейнелеу өнерінің өркендегені жай ғана кездейсоқтық емес. Леонардо да Винчидің, Микеланджело, Рафаэль Сантидің, Альбрехт Дюрердің тамаша туындылары осы дәуірдің жемісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]