Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_007001_1.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.13 Кб
Скачать

20.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.

Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы мен философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді онан ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу процесі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл- Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды, сондай-ақ көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды.

Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық үлкен ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антикалық мәдени мұрамен, сонымен бірге Шығыс мәдениетінің прогрессивті жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогрессивті рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.

Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогының нәтижесінде ерте грек дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу тегі түрік философтар мен ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари тағы басқалармен қатар әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, әл- Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар мен философтардың есімдерімен танысты.

Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарына әл-Кинди және әл- Фараби жатады. Әл-Киндиді ортағасырлық дәуірде "арабтардың философы” деп жиі атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебі әл-Кинди мұсылман әлемінің көптеген философтары ішінде шығу тегі жөнінен араб. Әбу-Жүсіп Якуб ибн Исхак әл-Кинди (800879) Басра қаласынан шыққан, жетік білім алған, тек философ ретінде ғана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі, геометрия, оптика, метереология, психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Әл-Кинди еңбектерінен біздің заманымызға дейін аз ғана бөлігі жетті. Логикалық-гносеологиялық мәселелерге арналған жұмыстарымен қатар, мынадай трактаты белгілі: "Аристотель кітаптарының саны жөнінде және философияны меңгерудің шарты, бастапқы философия туралы бес мәнділік туралы кітап, пайда болу және жойылудың себептерін түсіндіру туралы трактаттар”. Әл- Кинди жұмыстарының қалған бөліктері туралы оның замандастары мен ізбасарларының жекелеген сілтемелері, әр түрлі тақырыптар мен үзінділер арқылы білеміз. Оның мұрасының осы үлкен бөлігі Х-ХІ ғасырлардағы діни реакция тұсында жойылған. Әл- Кинди мынадай мәселелерге үлкен көңіл қояды: Құдай мәселесі, ақыл-ой мәселесі мен философияның мәнін анықтау, ғылымдарды классификациялау. Өзінің шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді: 1. Құдай түп-негіз, барлық нәрсенің абсолюттік бастауы ретінде; 2.Құдай мақсатты себеп ретінде; 3. Құдай кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақыттағы мәңгілік ретінде. Философтың пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістікті және уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берілгендіктен ол өзін-өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстардың себептік байланысын, олардың мәнін ұға алады. Адамның әлемді танудағы ақылдың рөлін анықтай отырып әл- Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы идеяны айтады. Әл- Кинди ақыл ойдың мынадай төрт түрін ерекшелейді: активті, пассивті, жинақтаушы, жариялаушы.

Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фараби Х ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болып саналады. Әбу Насыр Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб қаласында түрік отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары білімді оқыған адам еді, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясатты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фараби Аристотельдің алғашқы комментаторларының бірі. Ол Аристотельдің "Категориялар”,          "Герменевтика”,          "Аналитика. Софистика. Поэтика” сияқты шығармаларына түсініктеме берді. Бірақ әл-Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды, оның көпшілігі қазақ тіліне әлі аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық- зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетінде қайырымдылық бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеалын жер бетіндегі халықтардың бейбіт және достық қатынастарын идеялық теориялық тұрғыда негіздеді. Өзінің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, "Адамдық саясат” еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелерін қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріп, аббасидтер халифатындағы әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді. Әл-Фарабидің көптеген философиялық идеялары батысевропалық философияның идеялары мен концепцияларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигізді. Сонымен қатар оның идеялары мұсылман әлемінің көптеген ойшылдарының, мысалы ибн Сина, Ж.Баласағұн және тағы басқаларының философиялық көзқарастарына да эсер етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]