Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_007001_1.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.13 Кб
Скачать

53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.

Ақиқат мәселесі, яғни күмәнсіз, шынайы, адекватты білім мәселесі Ежелгі Грекияда қойылып ,пайымдалған. Элеаттар мен софистер әсіресе сезімдік қабылдауға негізделген біздің біліміміз қоршаған орта туралы шынайы мәлімет беріп және оны дұрыс бейнелейтініне күмән келтірген болатын. Платон мәңгі және өзгермейтін идеялар туралы білім ғана мүмкін, ал сезімдік әлем туралы мәлімет, пікірлер жалған деп санады.Сондықтан да объективті құбылыстар мен білімнің арасындағы сәйкестікті бекіту мәселесі пайда болды. Философияда мұндай сәйкестік ақиқат деген атауға ие болды. Аристотель былай деп жазды: «ажыратылғанды-ажыратылған,байланысқанды – баййланысқан дер есептейтін адам шын сөйлейді, ал жалған сөйлейтін адам- заттардың нақтылығы туралы кері ойлайтын адам». Аристотельдің бұл сөздері ақиқаттың классикалық концепциясын қалыптастырып, ол біздің заманымызға дейін жетті. Бұл концепция бойынша, ақиқат – бұл объективті құбылыстар мен үдерістер және жекелеген ұғымдар арасындағы сәйкестік емес, белгілі бір түйіндер, яғни пікірлер және істің объективті жағдайы арасындағы сәйкестік болып табылады.Абсолюттік ақиқат ешқандай күмәнсіз, өзгермейтін және мәңгіге бекітілген білім болып табылады. Бірақ бізді қоршаған объектілер өте күрделі, шексіз көптеген байланыстар мен қатынастарға енген, өздері үнемі өзгереді, диалектика заңдары бойынша дамиды және өзге сапаға өтеді. Осы жағдайға орай скептиктер және агностиктер абсолюттік, объективтік шындыққа жету мүмкін емес деп түйін жасайды.Мұндай түйін қате. Біріншіден, объективті ақиқат көбіне абсолюттік формада емес, салыстырмалы формада болып келеді.Екіншіден, абсолюттік ақиқат біздің біліміміз үнемі оған жетуге ұмтылатын белгілі бір үлгі немесе шек ретінде қарастырылуы тиіс. Осы шекке жету жолында біз жаңа салыстырмалы шындыққа ие боламыз, яғни объектілердің жекелеген байланыстарын, қасиеттері мен қатынастарын тереі танып, оларды синтездеп және осы мағынада біз үнемі абсолютті ақиқатқа жақындаймыз. Салыстырмалы және абсолютті ақиқат диалектикасының ерекшелігі, біздің танымымыз қоршаған әлемді дәл және жан жақты қамтуға ұмтылу үшін, бірақ өз жолында кездесетін қайшылықтарды шешу үшін оған тура жолмен емес, спиралды түрде қозғалуымен және объективті нақтылықты терең бейнелеуімен сипатталады.Ақиқат теориясы бойынша қазіргі логикалық зерттеулер қоршаған әлем туралы біздің біліміміздің дәлдік, толықтық және күмәнділік деңгейін ықтималдылық теориясы мен ықтималдылық логикасы көмегімен анықтауға, дәлелдеуге, «есептеуге» және «өлшеуге» болатынын айқындайды. Қазіргі кезде қалыптасқан өте көптеген математикаландырылған теориялар мен формулалар ықтималдылыққа теңестірілген салыстырмалы шындықтардың абсолютті дәл күмәнсіз білімге жақындағанын көрсетеді.

52.Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сипаттама беріңіз.

Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі. ''Таным'' — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:

— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады);

— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады).

Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады

Танымның 2 түрі бар. Материалистік және идеалистік теория. Материалистік таным теориясы айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуі. Бейнелену теориясының мәні мынада: заттар, құбылыстар мен процестер, олардың қасиеттері мен маңызды байланыстарын танып-білуші субъектіден тәуелсіз өмір суреді. Түйсіктердің және қабылдаудың, ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, қасиеттерін танып білеміз. таным – сыртқа заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің, қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуі. Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай умтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып-білуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте Р.Декарттың, Г.Гегельдің ойларын айтуга болады. Гегель дүниені танып білуді өзін-өзі танып білу жолын дейді. Диалектикалық матерализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным прорцестерінің заңдылықтарын зерттейді. Материализм шынайы болмысты, нақтылы дүниені танып-білу туралы міселеге ден қойса, идеалистер түрлі заттар мен құбылыстарда өз өрнегі мен бейнесін тауып отырған мінсіз құбылыстарды, яғни адам санасының түрлі өнімдерін танып-білу туралы айтады. Идеалинизм бейнелену принциптерін жоққа шығарып, болмыс пен ойдың тепе-теңдігін мойындауды талап етеді.материализм керісінше, тепе-теңдік принципін жоққа шығарады да, бейнелену принципін мойындауды талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]