
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.
- •2. Дүниетанымның тарихи түрлерінің айырмашылықтарын салыстырма түрінде көрсетіңіз.
- •3.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, «джайнизм» және «буддизм» бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Конфуцийдің әлеуметтік – адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.
- •5.Орта ғасырлық христиан философиясының «болмыс» ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз.(Августин Аврелий, Фома Аквинский).
- •6.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •7.Орта ғасырдағы мұсылман философиясы туралы тақырыпты ашыңыз және мысал келтіріңіз (Ибн Сина, Әл-Газали, Ибн-Рушд).
- •8.Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының «антропоцентризм» және «пантеизм» ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз. (л.Д.Винчи, н.Куланский, г.Галилей т.Б).
- •9.Сократка дейінгі антикалық философияның ерекшклігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз. «Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар».
- •10.Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы қандай.
- •11.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз.
- •13.Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.
- •14.Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •15.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз .
- •17.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.
- •18.Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін салыстырма түрінде беріңіз.
- •20.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.
- •21.Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •22.Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарының айырмашылығы (Бэкон, Декарт).
- •23.Неміс классикалық философиясының пайда болуы мен дамуының әлеуметтік-мәдени алғышарттарын атаңыз.
- •24.Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.
- •26.Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.
- •27.Л. Фейербахтың антропологиялық философияның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28.Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •29.Ф.Бэконның танымдағы объкті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •30.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32.Абай фтлософиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •33.Қазақ зиялыларының (а.Байтұрсынов, м.Дулатов, с.Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін атаңыз.
- •34.Шәкәрімнің философиялық - діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.
- •35.Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36.Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.
- •37.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •38.Н.А. Бердяевтің экзистенциялды – діни философиясының ерекшеліктерін атаңыз.
- •39.В.Вернадскийдің неосфера туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41.Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •42.Экзистенциалды философиясындағы «адамның мәні» мәселесін талдап, түсіндіріңіз (с.Кьеркегор, а.Камао, к.Ясперс).
- •43.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (о.Кент, э.Мах, к.Поспер).
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм мен структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (ч.Пирс, у.Джемс, Леви-Стросс).
- •45.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (м.Хайдеггер, ж.П. Сартр, а.Камао, г.Г.Гадамер).
- •46.Қоғамға мәдениеттанушылық қатынастағы «өркениет» ұғымына анықтама беріңіз (н.Данилевский, о.Шпенглер, а.Тойнби).
- •47.Постиндустриалды қоғам концепциясының қазіргі замандағы орны қандай деп ойлайсыз?(д.Белл, а.Тоффлер)
- •48.Экзистенция «адам болмысы» «еркіндік» мәселелеріне талдау жасаңыз (м.Хайддегер, ж.П. Сартр, а.Камао, с.Кьеркогор)
- •49.Философиядағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
- •50.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын сипаттаңыз?
- •51.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52.Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сипаттама беріңіз.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігін ашып беріңіз.
- •54.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы, оның рухани-адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •55.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.
- •57.В.С. Соловьевтің діни-философиялық идеяларына көзқарасыңыз.
- •58.Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз.
- •59.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
- •60.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.
59.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субьектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған обьектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен фил\да ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субьект пен обьект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік тарихи процес. Ақиқат біреу, ол обьективті. Обьективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі субьектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Егер обьективті ақиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұсынан абсолютті түрде емес тек шамамен салыстырмалы түрде ғана білдіреді. Зерттеліп отырған обьект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат , ал толық ж\е дәл білімді абсолютті ақиқат деп атайды.
Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелі кеш бұдан әрі дәлелдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат.
Абсолютті ақиқат деп өзінің мазмұны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білімді айтамыз. Мұндайда білімнің деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады.Салыстырмалы ж\е абсолютті ақиқат әлеуметтік , тарихи процесс ретіндегі обьективті ақиқаттың көріністері.
Сонымен қатар, «мәңгілік ақиқат» та болады. «Мәңгілік ақиқат» дегеніміз болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақиқат. Мысалы, «Барлық адамдар өледі», «Ай Жерді айналады».
Сәйкестік принципі бойынша ақиқат қоғамдық адам санасында шын дүниенің практика арқылы берілген белгілі бір жағының бейнелену процесі. Ақиқаттың диалектикалық материалистік теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді:
Ақиқат - әлеуметтік процес;
Обьективті ақиқатты мойындау- абсолютті ақиқатты мойындау.
Ақиқат барлық жағдайда нақты
практика ақиқаттың жалпы өлшемі.
Ақиқатты тану- қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.
60.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.
Диалектика – пікірталас, әңгімелесу өнері — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялықғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.
Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды
Басқару диалектикасы - әлсізірегі күштірегін белгілі бір дәрежеде бақылап отыратын басқару формасы ретіндегі биліктін екі жақты сипаты
Диалектикалық логика - диалектикалық материализмнің логикалық ілімі. Объективті әлемнің дамуы мен өзгеруінің бейнеленуі мен ақылға салынуының заңдары мен формалары туралы ғылым
Диалектикалық материализм - Маркс пен Энгельстің негізгі идеяларының «ғылыми философияға» айналуы. Марксизмнің бұл ғылыми ағымы Гегельдің материализмге басты назар аударуын дамудың барлық формаларының: табиғаттың, қоғам мен ойлаудың негізінде жатқан маңызды «жалпыға ортақ заң» түрінде диалектиканы (қарама-қарсылық және шешу) бекітумен біріктірді