
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.
- •2. Дүниетанымның тарихи түрлерінің айырмашылықтарын салыстырма түрінде көрсетіңіз.
- •3.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, «джайнизм» және «буддизм» бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Конфуцийдің әлеуметтік – адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.
- •5.Орта ғасырлық христиан философиясының «болмыс» ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз.(Августин Аврелий, Фома Аквинский).
- •6.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •7.Орта ғасырдағы мұсылман философиясы туралы тақырыпты ашыңыз және мысал келтіріңіз (Ибн Сина, Әл-Газали, Ибн-Рушд).
- •8.Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының «антропоцентризм» және «пантеизм» ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз. (л.Д.Винчи, н.Куланский, г.Галилей т.Б).
- •9.Сократка дейінгі антикалық философияның ерекшклігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз. «Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар».
- •10.Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы қандай.
- •11.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз.
- •13.Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.
- •14.Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •15.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз .
- •17.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.
- •18.Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін салыстырма түрінде беріңіз.
- •20.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.
- •21.Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •22.Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарының айырмашылығы (Бэкон, Декарт).
- •23.Неміс классикалық философиясының пайда болуы мен дамуының әлеуметтік-мәдени алғышарттарын атаңыз.
- •24.Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.
- •26.Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.
- •27.Л. Фейербахтың антропологиялық философияның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28.Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •29.Ф.Бэконның танымдағы объкті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •30.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32.Абай фтлософиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •33.Қазақ зиялыларының (а.Байтұрсынов, м.Дулатов, с.Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін атаңыз.
- •34.Шәкәрімнің философиялық - діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.
- •35.Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36.Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.
- •37.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •38.Н.А. Бердяевтің экзистенциялды – діни философиясының ерекшеліктерін атаңыз.
- •39.В.Вернадскийдің неосфера туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41.Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •42.Экзистенциалды философиясындағы «адамның мәні» мәселесін талдап, түсіндіріңіз (с.Кьеркегор, а.Камао, к.Ясперс).
- •43.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (о.Кент, э.Мах, к.Поспер).
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм мен структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (ч.Пирс, у.Джемс, Леви-Стросс).
- •45.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (м.Хайдеггер, ж.П. Сартр, а.Камао, г.Г.Гадамер).
- •46.Қоғамға мәдениеттанушылық қатынастағы «өркениет» ұғымына анықтама беріңіз (н.Данилевский, о.Шпенглер, а.Тойнби).
- •47.Постиндустриалды қоғам концепциясының қазіргі замандағы орны қандай деп ойлайсыз?(д.Белл, а.Тоффлер)
- •48.Экзистенция «адам болмысы» «еркіндік» мәселелеріне талдау жасаңыз (м.Хайддегер, ж.П. Сартр, а.Камао, с.Кьеркогор)
- •49.Философиядағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
- •50.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын сипаттаңыз?
- •51.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52.Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сипаттама беріңіз.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігін ашып беріңіз.
- •54.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы, оның рухани-адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •55.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.
- •57.В.С. Соловьевтің діни-философиялық идеяларына көзқарасыңыз.
- •58.Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз.
- •59.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
- •60.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.
57.В.С. Соловьевтің діни-философиялық идеяларына көзқарасыңыз.
В.С.Соловьев (1853—1900) діни орыс философиясының, білімнің біртұтастығы мен бүтіндігі туралы идеяның негізін қалаушы, орыстың көрнекті христиандық философы. В.С.Соловьев философиясы діни философиялық дәстүрдің бүкіл рухы мен кейпін білдіреді. Көптеген ірі философтар өздерін В.С.Соловьевтің ізбасарлары ретінде санайды. Соловьев дәуіріне Трубецкой шығармашылығын, Флоренский мен Бердяевтің ерте шығармашылығын жатқызуға болады. В.С.Соловьев адамның діни және әлеуметтік өмірі сұраныстарын біртұтастыққа байланыстыратын бүтіндей дүниетанымдық жүйені құруға тырысты. Соловьевтің ойы бойынша мұндай дүниетаным негізі христиандық болып табылады. Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы. Бұл идеяны дайындауда славянофильдердің соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған жалпы қамтушы, ғарыштық мағына береді. Болмыстың төменгі және жоғарғы деңгейлері өзара байланысты, өйткені төменгі үнемі жоғарыға тартылып отырса, ал әрбір жоғары өзіне төменгіні «енгізеді». Соловьевте жалпы тұтастық, «құдайдың қасиетті Үштігі барлық құдіретті жаратылыстармен, оның ішінде ең бастысы адаммен байланысты» деген тұжырымынан көрінеді. Жалпы тұтастықтың негізгі принципі: «Құдайда барлығы біртұтас». Жалпы тұтастық бұл ең алдымен жаратушы мен жаратылыс тұтастығы. Орыстың дiни философиясы Дiни философия – коммунистiк идеологияның үстемдiгi жағдайындағы кеңестiк философияда бiржақты түсiндiрiлiп келген XX ғасырдың басындағы орыс мəдениетiнiң аса маңызды бөлiгi. Философияның мiндетi барынша кең, ал оларды шешу қабiлеттерi адамда сонша тар дамыған, философия бүгiнгi күндерi математика немесе физика сияқты ғылымдармен салыстырғанда төменгi деңгейде дамыған. Мұны философия тарихындағы бiр-бiрiне қарама-қарсы көптеген философиялық мектептердiң бар екендiгi туралы дəлел айғақтайды. Бүгiнгi күндерi əртүрлi мектептер мен бағыттар жалпы мақсатқа – ақиқатқа жету барысында өзара түпкi келiсiмдерiн табуға тырысады. Орыстың дiни философиясының да ақиқатты өзiндiк түсiнуi мен оған деген өз жолы болды. Арнайы ғылымдармен салыстырғанда, яғни əлемнiң əртүрлi қырымен айналысатын жекелеген ғылымдармен салыстырғанда философияда əртүрлi халықтардың мүдделерi өзiнiң таңбасын қалдырады. Сондықтан да немiс, француз, ағылшын, американ жəне орыс философтарының ұлттық ерекшелiктерi туралы айтуға болады.
58.Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз.
ҚОЗҒАЛЫС – заттар мен құбылыстардың жалпы өзгерісін, бір-біріне әсер етуін білдіретін ұғым. Қ-сыз өмір болмайды, ол – барлық нәрсенің өмір сүру тәсілі. Қ. – мәңгі, шексіз бола тұра, дүниеге сырттан енгізілмейді, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Антик. заман философиясы Қ-тың бар екенін мойындап қана қоймай, оның мәнін зерделеп, себептерін, жалпы заңдылықтарын ашуға ұмтылды. Кейбір философтар табиғат бастамасын ағып жатқан суға (Фалес), жалындаған отқа (Гераклит), сандар арасындағы үйлесімге (Пифагор), бос кеңістіктегі атомдарға (Демокрит) теңеп, дүниенің динамик. суреттемесін жасаса, енді біреулер Қ. ұғымының қайшылыққа толы екенін (Зенон) айтты. Аристотель ілімінде Қ. ұғымы категория деңгейіне көтеріліп, оның көптүрлілігі, болмыс пен танымның басты анықтамаларының бірі екендігі айтылды. Жаңа заман дәуірінде (17 – 18 ғ.) ғыл. танымның, әсіресе, механиканың қарқынды дамуына орай Қ. көбінесе мех. Қ., яғни денелердің кеңістікте орын алмасуы және бір-біріне әсер етуі ретінде қарастырылып, дүниенің мех. суреттемесі жасалды. Гегель Қ. ұғымын қалыптасу, өзгеру, даму ұғымдарымен ұштастырып, оның жалпы заңдарын ашты, оны сан мен сапаның өзгеруі, сапалық түрлену секілді түсініктермен байытып, Қ-тың ішкі қайнар көзі, себебі қайшылықта екенін көрсетті. Дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын дене болмайтыны секілді, Қ. табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қ. – жалпы өзгеріс, нысандардың бір-біріне әрқалай әсер етуі және олардың қалпының ауысуы. Ол – материяның ажырамас, өмір сүру тәсілі. Қ-сыз материяның болмайтыны секілді, материясыз Қ-тың болуы мүмкін емес. Қ. сан алуан болып келеді. Әрбір Қ-тың өз иесі, өз тасымалдаушысы, яғни түпкі негізі болады. Мыс., қарапайым бөлшектер Қ-ының өз заңдылықтары, өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Сол секілді материя құрылымының деңгейіне сәйкес өз Қ-ының болуы заңды. Алайда, Қ-тың бастапқы негізін анықтау, яғни алғашқы Қ. қалай пайда болды деген мәселеде ғыл. ой-пікірлер мен діни сенімге негізделген теориялар қайшылығы жалғасып келеді. Қ. шектілік пен шексіздіктің, өзгермелілік пен орнықтылықтың, тыныштық пен тынышсыздықтың қайшылығы болып табылады. Қ-тың өзіне қарама-қарсы сәті – тыныштық. Ол Қ-тың белгілі бір өткінші қалпы, біршама тұрақтылығы. Шексіз тыныштыққа жету – заттың жойылып кетуімен бара-бар келеді. Дамумен салыстырғанда Қ. – неғұрлым жалпылама ұғым, өйткені ол жүйенің дамуының ішкі заңдарына сәйкес келмейтін қандай да бір сыртқы және кездейсоқ өзгерістерді қамтиды.20 ғ-дың 2-жартысында ғылым мен техниканың, қоғамдық тәжірибенің дамуы жаңа нысандарды, күрделі жүйелер кешенін зерттеуге, сөйтіп Қ., оның түрлері, олардың өзара байланысы туралы жаңа филос. теориялар жасауға жол ашты.