
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.
- •2. Дүниетанымның тарихи түрлерінің айырмашылықтарын салыстырма түрінде көрсетіңіз.
- •3.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, «джайнизм» және «буддизм» бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Конфуцийдің әлеуметтік – адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.
- •5.Орта ғасырлық христиан философиясының «болмыс» ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз.(Августин Аврелий, Фома Аквинский).
- •6.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •7.Орта ғасырдағы мұсылман философиясы туралы тақырыпты ашыңыз және мысал келтіріңіз (Ибн Сина, Әл-Газали, Ибн-Рушд).
- •8.Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының «антропоцентризм» және «пантеизм» ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз. (л.Д.Винчи, н.Куланский, г.Галилей т.Б).
- •9.Сократка дейінгі антикалық философияның ерекшклігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз. «Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар».
- •10.Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы қандай.
- •11.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз.
- •13.Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.
- •14.Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •15.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз .
- •17.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.
- •18.Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін салыстырма түрінде беріңіз.
- •20.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.
- •21.Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •22.Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарының айырмашылығы (Бэкон, Декарт).
- •23.Неміс классикалық философиясының пайда болуы мен дамуының әлеуметтік-мәдени алғышарттарын атаңыз.
- •24.Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.
- •26.Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.
- •27.Л. Фейербахтың антропологиялық философияның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28.Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •29.Ф.Бэконның танымдағы объкті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •30.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32.Абай фтлософиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •33.Қазақ зиялыларының (а.Байтұрсынов, м.Дулатов, с.Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін атаңыз.
- •34.Шәкәрімнің философиялық - діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.
- •35.Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36.Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.
- •37.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •38.Н.А. Бердяевтің экзистенциялды – діни философиясының ерекшеліктерін атаңыз.
- •39.В.Вернадскийдің неосфера туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41.Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •42.Экзистенциалды философиясындағы «адамның мәні» мәселесін талдап, түсіндіріңіз (с.Кьеркегор, а.Камао, к.Ясперс).
- •43.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (о.Кент, э.Мах, к.Поспер).
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм мен структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (ч.Пирс, у.Джемс, Леви-Стросс).
- •45.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (м.Хайдеггер, ж.П. Сартр, а.Камао, г.Г.Гадамер).
- •46.Қоғамға мәдениеттанушылық қатынастағы «өркениет» ұғымына анықтама беріңіз (н.Данилевский, о.Шпенглер, а.Тойнби).
- •47.Постиндустриалды қоғам концепциясының қазіргі замандағы орны қандай деп ойлайсыз?(д.Белл, а.Тоффлер)
- •48.Экзистенция «адам болмысы» «еркіндік» мәселелеріне талдау жасаңыз (м.Хайддегер, ж.П. Сартр, а.Камао, с.Кьеркогор)
- •49.Философиядағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
- •50.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын сипаттаңыз?
- •51.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52.Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сипаттама беріңіз.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігін ашып беріңіз.
- •54.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы, оның рухани-адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •55.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.
- •57.В.С. Соловьевтің діни-философиялық идеяларына көзқарасыңыз.
- •58.Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз.
- •59.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
- •60.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.
54.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы, оның рухани-адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
Адамның екі түрлі жаратылысы бар- ол биоәлеуметтік жан. Онда биологиялық сапа, қасиеттермен әлеуметтік сапа, қасиеттер де бар. Әлеуметтік болмыс деңгейде және әлеуметтік теория тұрғысынан адам проблемасы жеке адам және тұлға ұғымдары арасындағы қарым-қатынас проблемасына айналады, яғни биологиялық жаратылысы жағынан адам ең алдымен жеке адам, ал әлеуметтік жаратылысы жағынан тұлға болып табылады. Жеке адам туралы әңгіме болғанда, адамзат тегінің жеке бір өкілін түсіну қажет. Жеке адам- көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам” және «тұлға” ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның ешбір жекеше ерекше әлеуметтік белгі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аса кедей болады, бірақ көлемі кең, өйткені әрбір адам- индивид. Егер біз жеке адам десек, онда ақыл-ойлы адамның жеке бір түрін ғана, адам тегінің бір өкілін ғана алып отырмыз. Ал егер оның қайсы бір ерекше белгісін, сапасын атап көрсетсек, онда ол ұғымның көлемін кішірейтіп, бір әлеуметтік тобын бөліп аламыз. Мысалы бай адам немесе кедей адам десек біз адамдардың белгілі бір тобын басқаларынан бөліп көрсетеміз, сөйтіп ұғымның көлемін азайтып, нақтылаған сайвн оның айырмаылық белгілері көбейіп, мазмұны баии түседі. Сөйтіп адам көлемінің мазмұнын азайтып, жекелеген сайын бір ғана жеке адамды білдіретін ұғымға жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе жекелендірген адам тұлға деп аталады. Сонымен, тұлға дегеніміз әлеуметтендірілген жеке адам деуге болады. Мұнда адам тек жалпы және ерекше әлеуметтік қасиеттері тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ өзіндік әлеуметтік рухани сапасы жағынан да қарастырылады. Тұлғаның адамдық құрылысы аса күрделі, сондықтан оны түрліше тұлғадан қарастыруға болады. Мәселен, жалпы психология ғылымы тұлға деп түрлі психикалық процестердің адам бойындағы біртұтас біріккен, сөйтіп оның мінез-құлқына қажетті смпат беретін жиынтығын түсінеді. Тұлғаны социологиялық тұрғыдан зерттеудің бастама принципі адамның жеке басының ерекшеліктерін зерттеу емес, ол орындайтын әлеуметтік міндеттерді, іс-әрекеттерді зерттеу болуы тиіс. Бұл міндеттер мен іс-әрекеттердің сипатын анықтаушы қоғамның әлеуметтік құрылымы, сол тұлға жататын әлеуметтік топ болып құрылады.Адамға тән ең жалпы белгі- оны басқа дүниеден ажыратып тұратын әлеуметтік іс-әрекет, еңбек. Адам дегеніміз ең алдымен белсенді түрде әрекет етуші, өзінің өмір сүру жағдайларын өзгертуші әлеуметтік субъект, әлеуметтік ақыл-ой және әлеуметтік сезім иесі- мұның бәрі өзара іштей бірлікте болатын және іске асатын сапалық белгілер. Адамның бұл сапалары оны әлеуметтендірудің негізін құрады, ал әлеуметтендірудің негізінде адам тұлғасы қалыптасады. Әлеуметтендіру адам қоғамдық тәжірибені меңгерген сайын, белгілі бір қоғамдық қатынастарға және іс-әрекеттерге араласқан сайын тездей түседі. Әлеуметтендіру филогенезде де және онтогенезде жүзеге асады. Бұл екі процестің екуіндеде тұлға жеке адамның әлеуметтенуінің нәтижесі болып табылады. Бұл жөнінде белгілі психолог А.И.Леонтьев адам тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады деген болатын. Әлеуметтену үздіксіз жүріп отыратын, процес болғандықтан, тұлғада үздіксіз қалыптасушы әрекет. Қалыптасуы тоқтап қалған тұлға, тоқыраушы тұлға. Жекек адам басқа біреудің ырқынан шыға алмай аған толық бағынса, өзіндік еркі болсада, тұлғаның тоқырауы болады. Бөтенің ырқына толық бойұсынған, өз ой-пікірі, дүниеге көзқарасы жоқадам тұлға болудан қалады.Тұлғаны сипатаушы аса бір сапасы – оның рухани адамгершілік мәні. Тұлғаның маңызын құратын маңызды бір құрамдас бөлігі- санасының алған бағыты, саналық деңгейіне, дүнеге көзқарасына және адамгершілік түсініктері мен жауап кершілік сезіміне байланысты тұлғалық бағдары. Тұлғаның қалыптасуы мен мінез-құлқына әлеуметтік ортаның күші әсер ететіні сөзсіз. Бірақ тұлғаның мінез құлқымен адамгершілік бағдарына адамның ішкі рухани дүниесінің тигізетін әсері де аз емес. Әркім өзінің бақытымен тағдырының жасаушысы деген сөздің айтылуы тегін емес. Адамның ақыл-парасатымен адамгерщілік ерік күші неғұрлым айцқын көрінсе, оның өмір бағдары жалпы адамдық мораль талаптарымен неғұрлым толығырақ болса, және олар адамгершілік сапаларының дамуымен нығаюына неғұрлым игі әсер етсе, оның адамдық тұлғасыда соғұрлым айқын көрініс табады. Бұл жағдайда адамның тұлғалық бейнесі рухани және ерік күшінен көрінеді. Ал ерік күші мен рухани күш, тұлғаның адамгершілігі мен адалдығы сөзінен емес, белгілі бір әлеуметтік жағдайлардағы нақты практикалық іс-әректтерінен айқын көрінеді . Олай болса, адамның тұлғалығын сипаттайтын ең маңызды факторсөз емес, нақты іс, яғни сөзбен істің табиғи бірлігі. Көптеген адамдардың сөзі мен ісінің арасындағы алшақтық, яғни сөзінің жалғандығы, оның тұлғалық қасиеттерінің төмендігінің, керек десе екіжүзділігінің көрінісі деседе болды. Өйткені, егер адам өзін тұлға санаса немесе тұлға болғысы келсе, онда ол жауапкршілікті сөз жүзінде ғана сезінбей, оны ең алдымен іс-жүзінде, мінез-құлқында көрсетуі тиіс,ал бұл көп жағдайда оңай бола бермейді.