
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.
- •2. Дүниетанымның тарихи түрлерінің айырмашылықтарын салыстырма түрінде көрсетіңіз.
- •3.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, «джайнизм» және «буддизм» бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Конфуцийдің әлеуметтік – адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.
- •5.Орта ғасырлық христиан философиясының «болмыс» ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз.(Августин Аврелий, Фома Аквинский).
- •6.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •7.Орта ғасырдағы мұсылман философиясы туралы тақырыпты ашыңыз және мысал келтіріңіз (Ибн Сина, Әл-Газали, Ибн-Рушд).
- •8.Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының «антропоцентризм» және «пантеизм» ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз. (л.Д.Винчи, н.Куланский, г.Галилей т.Б).
- •9.Сократка дейінгі антикалық философияның ерекшклігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз. «Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар».
- •10.Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы қандай.
- •11.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз.
- •13.Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.
- •14.Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •15.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз .
- •17.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.
- •18.Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін салыстырма түрінде беріңіз.
- •20.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.
- •21.Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •22.Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарының айырмашылығы (Бэкон, Декарт).
- •23.Неміс классикалық философиясының пайда болуы мен дамуының әлеуметтік-мәдени алғышарттарын атаңыз.
- •24.Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.
- •26.Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.
- •27.Л. Фейербахтың антропологиялық философияның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28.Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •29.Ф.Бэконның танымдағы объкті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •30.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32.Абай фтлософиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •33.Қазақ зиялыларының (а.Байтұрсынов, м.Дулатов, с.Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін атаңыз.
- •34.Шәкәрімнің философиялық - діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.
- •35.Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36.Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.
- •37.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •38.Н.А. Бердяевтің экзистенциялды – діни философиясының ерекшеліктерін атаңыз.
- •39.В.Вернадскийдің неосфера туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41.Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •42.Экзистенциалды философиясындағы «адамның мәні» мәселесін талдап, түсіндіріңіз (с.Кьеркегор, а.Камао, к.Ясперс).
- •43.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (о.Кент, э.Мах, к.Поспер).
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм мен структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (ч.Пирс, у.Джемс, Леви-Стросс).
- •45.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (м.Хайдеггер, ж.П. Сартр, а.Камао, г.Г.Гадамер).
- •46.Қоғамға мәдениеттанушылық қатынастағы «өркениет» ұғымына анықтама беріңіз (н.Данилевский, о.Шпенглер, а.Тойнби).
- •47.Постиндустриалды қоғам концепциясының қазіргі замандағы орны қандай деп ойлайсыз?(д.Белл, а.Тоффлер)
- •48.Экзистенция «адам болмысы» «еркіндік» мәселелеріне талдау жасаңыз (м.Хайддегер, ж.П. Сартр, а.Камао, с.Кьеркогор)
- •49.Философиядағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
- •50.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын сипаттаңыз?
- •51.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52.Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сипаттама беріңіз.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігін ашып беріңіз.
- •54.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы, оның рухани-адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •55.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.
- •57.В.С. Соловьевтің діни-философиялық идеяларына көзқарасыңыз.
- •58.Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз.
- •59.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
- •60.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.
45.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (м.Хайдеггер, ж.П. Сартр, а.Камао, г.Г.Гадамер).
Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануыөмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше. Экзистенциализм еуразиялық әдебиеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қорқынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу, адамгершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды
Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.[
Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған