
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.
- •2. Дүниетанымның тарихи түрлерінің айырмашылықтарын салыстырма түрінде көрсетіңіз.
- •3.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, «джайнизм» және «буддизм» бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Конфуцийдің әлеуметтік – адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.
- •5.Орта ғасырлық христиан философиясының «болмыс» ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз.(Августин Аврелий, Фома Аквинский).
- •6.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •7.Орта ғасырдағы мұсылман философиясы туралы тақырыпты ашыңыз және мысал келтіріңіз (Ибн Сина, Әл-Газали, Ибн-Рушд).
- •8.Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының «антропоцентризм» және «пантеизм» ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз. (л.Д.Винчи, н.Куланский, г.Галилей т.Б).
- •9.Сократка дейінгі антикалық философияның ерекшклігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз. «Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар».
- •10.Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы қандай.
- •11.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз.
- •13.Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.
- •14.Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •15.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз .
- •17.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.
- •18.Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін салыстырма түрінде беріңіз.
- •20.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.
- •21.Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •22.Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарының айырмашылығы (Бэкон, Декарт).
- •23.Неміс классикалық философиясының пайда болуы мен дамуының әлеуметтік-мәдени алғышарттарын атаңыз.
- •24.Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.
- •26.Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.
- •27.Л. Фейербахтың антропологиялық философияның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28.Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •29.Ф.Бэконның танымдағы объкті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •30.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32.Абай фтлософиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •33.Қазақ зиялыларының (а.Байтұрсынов, м.Дулатов, с.Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін атаңыз.
- •34.Шәкәрімнің философиялық - діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.
- •35.Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36.Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.
- •37.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •38.Н.А. Бердяевтің экзистенциялды – діни философиясының ерекшеліктерін атаңыз.
- •39.В.Вернадскийдің неосфера туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41.Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •42.Экзистенциалды философиясындағы «адамның мәні» мәселесін талдап, түсіндіріңіз (с.Кьеркегор, а.Камао, к.Ясперс).
- •43.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (о.Кент, э.Мах, к.Поспер).
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм мен структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (ч.Пирс, у.Джемс, Леви-Стросс).
- •45.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (м.Хайдеггер, ж.П. Сартр, а.Камао, г.Г.Гадамер).
- •46.Қоғамға мәдениеттанушылық қатынастағы «өркениет» ұғымына анықтама беріңіз (н.Данилевский, о.Шпенглер, а.Тойнби).
- •47.Постиндустриалды қоғам концепциясының қазіргі замандағы орны қандай деп ойлайсыз?(д.Белл, а.Тоффлер)
- •48.Экзистенция «адам болмысы» «еркіндік» мәселелеріне талдау жасаңыз (м.Хайддегер, ж.П. Сартр, а.Камао, с.Кьеркогор)
- •49.Философиядағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
- •50.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын сипаттаңыз?
- •51.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52.Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сипаттама беріңіз.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігін ашып беріңіз.
- •54.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы, оның рухани-адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •55.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.
- •57.В.С. Соловьевтің діни-философиялық идеяларына көзқарасыңыз.
- •58.Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз.
- •59.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
- •60.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.
43.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (о.Кент, э.Мах, к.Поспер).
XIX ғасырдағы саяси, тарихи-әлеуметтік шындық экономикадағы күрделі өзгерістер және өнеркәсіп пен ғылымның өркендеп дамуы, жаңа философиялық ағымдардың қалыптасуына алып келді. Бұл философиялық ағымдардың бірқатары ақыл-ойға сүйене отырып, табиғат пен қоғам туралы өте келісімді идеяларды тудырса, енді біреулері керітартпа ойлармен тұжырымдарды алға қойды. Ал XIX ғасыр филисофиясында позитивизм, неотомизм және персонализм секілді ағымдар дүниеге келді.
Позитивизм (Positivism - дұрыс пікір) – оның негізін қалаушы француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивизм - ғылым негізіндегі білім, ғылыми ақиқат, позитивтік дүние көрінісіне сәйкес болу деп, философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт. Позитивтік немесе дұрыс пікір барлық құбылысты ғылыми жолмен түсіндіреді. Конт эмпирикалық ғылымға, тәжірибеге сүйенеді. Сондықтан философияның зерттеуге байланысты ақиқат өзіндік пәні жоқ. Оның мақсаты ─ арнаулы ғылымдардың нәтижесін қортындылау; әрбір ғылымның пайдалы әрі пайдасыз жағы бар, тек пайдалысын қабылдап, пайдасызынан арылу. Ол француз революциясының теориясы болған француз материализмінен бас тартып, идеализм жолына түседі.
Неотомизм – ХІХ ғ 70 жж пайда болған, әсері үлкен діни – философиялық мектептердің бірі. Ф. Аквинский ілімінің негізінде сенім мен ақыл-ойдың үйлесімділігіне және сенім ақиқатының алғышарттылығына жүгінеді. Ватикан шіркеуінің теориялық басты қаруы. Ол философияда христиан дінінің дәстүрін, догмалық идеялары мен теорияларын сипаттайды. Неотомизмнің көрнекті өкілдері: Жак Маритен, Этьен Жильсон. Неотомизмнің орталық мәселесі ─ Құдай. Діни ілімде құдай мәңгі және шексіз, діни философияның міндеті осы тұрақты ақиқатты ашу. Неотомизмнің басты мәселесі - адам, оның өзінің «Менін» іздеп, қайталанбайтын рухын өзгертуге, жаңартуға ұмтылуы. Олар адам мәселесін этикамен байланыстырады. Кейінгі кездерде діни философия адамдағы жақсылықтың мәнін түсіндіруге белсенді күресуде. Олар адамзаттық құндылықтарды қорғайды: ядролық қаруға қарсылық білдіреді, экологиялық мәселелерді шешу мәселесін көтереді. Неотомизм ғылымды жоққа шығармайды, бірақ ғылым өзінің даму барысында адамзатқа тигізіп отырған зияндығын сынайды.
Персонализм (лат. Persona - тұлға ) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан - жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.
ХХ ғ. Еуропа монополистік капитализм деңгейіне көтерілді. Ұлттық айырмашылықты жоққа шығаратын әлемдік өнеркәсіп және сауда-саттық ерекше дами бастады. ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ басында көптеген философиялық бағыттарда «Нео» деген қосымша сөз жалғанады. Ол ілімдердің бір философиялық жүйеден шыққанын, яғни тектес, екінші жағынан бір-біріне қарама-қарсы екенін көрсетеді. ХХғ философиясында бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы негізгі екі бағытты байқауға болады.
1. Сциентизм таным теориясында ақыл-ойға, оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенеді. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады дейді:
- ойлау қызметі тәжірбиеге сүйенеді, яғни ойлау дегеніміз–ақылға салу, дәлелдеу;
- ойдың қызметі тәжірибеден де жоғары.
2. Антисциентизм - иррационалдық (ақыл жетпейтін) құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылым адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды, болмыстың бүтіндігі, үзіліссіздігі туралы ұғымды бөлшектеп жібереді дейді. Логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынады, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп санайды. Ал ғылым, ғылыми-техникалық прогресс адамға зиян келтіреді, адамның ерекше қасиеттерін сөндіреді, адамның физиологиялық жағдайын нашарлатады, адам есептеуді, ойлауды тоқтатады, адам миының қызметі нашарлайды деген сылтаулар айтады. Иррационализм - мистикаға (түсініксіз, жұмбаққа) сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап, оны жақтауға не даттауға болмайды.
Неопозитивизм – қазіргі батыс философиясының негізгі ағымы, ХХ ғасырдың 30-60-шы жылдары пайда болды. Неопозитивизмнің негізгі принципі верификациялау (лат. Verus – ақиқат және fasio - істеп жатырмын) - ойды сезімдік тәжірбелермен салыстыру арқылы тексеру. Егер ой тексеру немесе логикалық сараптау арқылы верификацияланса (дәлелденсе немесе терістелсе), онда ғылымға жатады да, қалғандары–жалған болып шығады.
Неопозитивизм методологиясының орнына постпозитивизм ағымы 60-70 жылдары дамыды. Ол ғылыми білімді бірін-бірі алмастырған теориялар арқылы өсетін, жинақталып өзгеретін деп санап, логикалық позитивизмнің кей сұрақтарынан алшақтап кетті. Өкілдері: К. Поппер (1902-1994),Томас Кун Сэмюэл (1922), Лакатос Имре (1922-74). Постпозитивизмнің пайда болуы К. Поппердің «Ғылыми жаңалық ашу логикасы» және Т. Кунның «Структура научных революций» деген еңбектерімен байланысты. Бұл ағым өкілдерінің түсінігі бойынша, ғалымның мінез-құлқының ерекше қағидасы: олар өздерінің ғылыми болжам (гипотеза) қорытындысының жалған болуынан еш уақытта қорықпауы керек. Фальсификация - бекерге шығару арқылы дәлелдеу. Ол ойдың қисынды немесе қисынсыздығын байқау арқылы шешіледі. Бұл қағиданы Поппер ғылымды метафизикадан шектеудің белгісі (критерий) ретінде әрі неопозитивизмдегі верификация әдісіне балама ретінде ұсынды.
Постпозитивизмнің өкілі Т. Кун ғылым тарихы ғылыми қауымдастықтардың бәсекелестігі, алма-кезек күресінің нәтижесі дейді. Негізгі рөлді логика мен методология нормалары емес, парадигмалар (сөздердің үлгісі), қауымдастықтың қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар, техникалық құралдарының жиынтығын білдіреді.
И. Лакатос теорияларды емес, бірнеше жеке теорияларды қамтитын ғылыми-зерттеу жоспарларын салыстыруды ұсынады.