Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_007001_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.13 Кб
Скачать

38.Н.А. Бердяевтің экзистенциялды – діни философиясының ерекшеліктерін атаңыз.

Бердяев Николай Александрович (1874-1948) - орыс философы, экзистенциалист.Оның философиясының негізі - еркіндік. Еркіндікпен бір қатарда шығармашылық, тұлғарухҚұдай ұғымдары тұрады.[1] Бердяев ұлт пен мәдениет, мөдениеттегі жалпыадамзаттық және ұлттық бастаулар, мәдениет және өркениет, соғыс сияқты" бегейлі мөселелерді талқылауға көп көңіл бөлді. Орыс рухы туралы пайымдауларында Бердяев орыс pухының пейзажы" орыс жерінің "пейзажына" сәйкес келеді - деді. Сонымен бірге, Бердяев орыс халқына тән бюрократгық орталықтандырылған билікгі жақтау, саяси өмірдегі стихия мен иррационалдылық, ұйымдастыруға әлсіздік сияқты ділдік белгілерді атап өтгі. "Орыс халқыңда, - деді Бердяев, - кез келген мәдениетке, тұлғалық бастауларға, оның құқықтары мен абыройлығына, барлық құндылықтарға қарсы мистикалық толассыз қарсы әрекет бар . Жалпы орыс мәдениетіне, оның пікірі бойынша амбиваленттік тән. Бердяев орыс халқындағы мейірімділікті, тынымсыз адамгершілікті жоғары бағалады. Сондықтан 1917 жылдан кейін рухани мәдениетті талкаңдау ұзаққа созыла алмады, түбіңде мәңгі рухани күш қайтадан құдіретіне енеді, - деді. Басқа да орыс философтары сияқты Бердяев "мәдениет" және өркениет ұғымдарын бір-бірінее ажырта қарастырадыXIX ғасырдың бірінші ширегінде Ресейде ұлттық философиялық дәстүрдің пайда болуынажеткілікті, нақты мәселелік-мағыналық мәтіндер болды. "Орыстың өзіндік ерекшелігі баройлay дәстүрі тарихсофиялық мәселеге байланысты оянды. Ол Ресей туралы Жаратушы неойлағандығына терең бойлады", - деп афористік қысқа да нұсқалықпен Н.А. Бердяевнақты да мінсіз тұжырымдап берді. Ресейдің өз тағдырын анықтауы, оның өркениеттіжәне мәдени даму жолдарын таңдауы мен дүниежүзілік тарихтағы алатын орны менталаптануы туралы сұрақ өте кең дүниетанымдық, мәдени-тарихи, рухани-адамгершіліктік, діни-философиялық түрде талданылып, қорытылды. "Орыс идеясы"Ресейдің тағдыры мен өмір сүру мағынасы тақырыбы ретінде болмыстың діни-метафизикалық мәселесіне қарқынды түрде енді: абсолютті ақиқатты қандай мәдени жәнеөмірлік түрде түсіндіруге болады, адамзат тарихы мен жеке адам өмірінің ақырғы мәнінеде? Ресей тақырыбының құдайтану құпиясы мен әлем тағдырын түсіну, ұлттық өзіндікрефлексияның әмбебап метафизикалық болмыстың негізіне айналуы – орыс діни-философиялық дәстүрлерін анықтаушы ерекшелік, бірақ ол Батыстың және Шығыстыңкөптеген ұлттық-философиялық мәдениетіне тән емес. Бұл ерекшелік біртұтастық метафизикасының негізіне саналы түрде алынған болатын. Оның философиялық ойы бойынша қоршаған дүниедегі жоғарғы құндылық азаттық болып табылады. Ал, азаттық,рух пен жігердің бірлігі адамның тіршілігінің негізін құрайды. Адамның азаттығына сырттан қауіп төніп тұрады. Бұндай қауіпті ең алдымен қоғам мен мемлекет алып жүреді, қоғам мен мемлекет адамдарды бағындыруға ұмтылады. Адамның міндеті өзінің болмысын сақтау, қоғам мен мемлекетке өзін жоюға жол бермеу.Адамның өмірінде дін басты рөл атқарады. Құдай адам үшін үлгі және парасаттылықтың символы болуы керек. Құдай мен адам арасындағы қатынас «тең дәрежеде» болуы керек,Құдай билеушінің рөлін, ал адам оның құлының рөлін атқармауы керек. Адам құдайға жақындасуға ұмтылуы керек, бірақ құдай боламын демеуі керек. Бердяев философиясының ерекшеліктері оның философиясының көп қырлы сипат алуында, дегенмен онда экзистенциалдық және діни бағыт басым болды. Бердяев ресейдің және орыс халқының тарихи тағдыры проблемасына көп көңіл бөледі. Бердяев бойынша,КСРО-да құрылып жатқан социализмнің қайнар көзі орыс ұлттық сипаттар( ортақтастық, өзара көмек, теңдікке ұмтылу, әділеттілік, коллективизм). Оныңойынша Ресей Шығысты да, Батысты да қолдамауы керек, ол екеуінің арасында дәнекер болып, өзінің тарихи миссиясын орындауы керек. Ресейдің тарихи миссиясы- жер бетінде «Құдай патшалығын» құру (яғни, өзара сүйіспеншілік пен қайырымдылыққа негізделген қоғам). Бердяевтің философиясы эсхатологиялық сипатта, яғни, болашақтағы «ақыр заман» сипатында болды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]