Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_007001_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.13 Кб
Скачать

33.Қазақ зиялыларының (а.Байтұрсынов, м.Дулатов, с.Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін атаңыз.

34.Шәкәрімнің философиялық - діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.

Қазақ философиясының көрнекті өкілі – Шәкәрім Құдайбердиев. Ол арнайы философиялық трактат «Үш анықты» жазған. Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай, Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытты. Шәкәрім өте білімді адам. Ол Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білген. «Үш анықта» белгілі, белгісіз көптеген ғалымдардың аттары келтірілген. Бұл ғалымның іздену аясының кеңдігін дәлелдейді.Шәкәрім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі дүниетанымдық ұстаным бар екенін дұрыс түсінген. Мұның өзі үлкен жетістік.«Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсаматын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді»1 – деп жазды Шәкәрім «Үш анықта».Ғалым идеализм, материализм демесе де соларды анықтап отырғаны түсінікті. Осы екі ұстанымды түсіндіре отырып, ақыр аяғында Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады.Оның пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның мәңгілігін мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды.Екінші ақиқат – сезімдік қабылдаулар мен рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми ақиқат.Үшінші ақиқат – бұл жан ақиқаты, оның субстанциалдық негізі - ұждан. Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын жүрекке сүйенуі тиіс.Еркін ойшылдыққа жол ашылған еліміз егемен заманда казақ философиясының ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы ірі өкілдерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымын зерттеудің маңызы зор деген ойдамыз. Шәкәрім дүниетанымын зерттеу, ойшылдың шығармашылығындағы дүниетанымдық мәселелерді біртұтастықта, жүйелілікте қарастыра отырып, оның ойлау мәдениетінің ерекшелігін тануға жол ашады. Қазақтың қай ойшылын алып қарасақта, олардың шығармашылығы белгілі бір тарихи кезеңмен байланысты, қоғамдық қарама-қайшылықтардың негізінде қалыптасқандығын көруге болады. Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық дүниетанымы мен шығармашылығы ХIХ ғасырдың екінші жартысы және XX ғасыр басындағы замана қайшылығымен, халқымыздың тарихымен тығыз байланысты. Оның үстіне, ойшылдың даналық дүниетанымы қазақ халқының ұлттық философиясында ерекше орын алады. Шәкәрім дүниетанымының Шығыс пен Батыс халықтарының философиялық ілімдерін өз бойында жинақтап және сол ілімдердің негізінде қалыптасып, жаңа жол - ар іліміне қарай бағыт сілтеп, Шығыс пен Батыс-мәдениетінің аясында сұхбат құруы, оның шығармашылығының маңыздылығын көрсетеді.Бүгінгі жаһандану кезеңінде, әлем халықтарының мәдениеті бір-бірімен сұхбат кұру мүмкіндігіне ие болған заманда, Шәкәрімнің философиялық дүниетанымын зерттеу ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан оның шығармашылығында рухани сұхбаттың ерекше орын алғанын ұмытпаған жөн. Сонымен қатар халқымыздың дана тұлғаларының адамгершілік, тәлім-тәрбиелік идеяларын қазіргі заманға сай зерттеудің жас ұрпаққа берер тағылымы мен тәлімі мол. Әсіресе, Шәкәрім көрсеткен ар іліміне бүгінгі біздің қоғамдық өмірде қажеттілік туып тұр.

Қазіргі замандағы маңызды мәселелердің бірі адамның еркіндігі туралы болғандықтан, адамдардың ішкі жан дүниесіндегі ар-ұждан мен адамгершілік касиеттері қоғам өмірінде басты орынға қойылуы тиіс. Бұл жолда тарихтан тәлім алып, оны философиялық тұжырымнан өткізе білсек қана елдігімізді бағалап, тәуелсіздігімізді сақтап қалу мүмкіндігіне ие боламыз. Осы жолда , ұлттық рухтың ерекше формасы - ұлттық философияны зерттеу, қазақ деген халықтың өзін-өзі тануына жол ашпақ.Зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығын дәйектеу барысында төмендегідей тұжырымдарды келтіруге болады. Біріншіден, халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған танымал ойшыл тұлғаларымыздың дүниетанымын философиялық талдаудан өткізу халқымыздың даналық рухын тануда өзіндік үлес коспақ; екіншіден, қазақ философиясы тарихының әрбір кезеңі мен ерекшелігін тануда ғылыми тұжырым қалыптастырады; үшіншіден, дүниетанымның тарихын зерделеу қазақ мәдениетінің ұрпақ сабақтастық байланысын нығайтып, біртұтас рухани күшке ие болуына жол ашады; төртіншіден, өткенді тану қоғамымыздың болашағын берік қальптастыруға қызмет етпек.Осындай ізгілікті істерді жүзеге асыруда Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымын философиялық тұрғыдан зерттеу өз үлесін қосады деген пікірдеміз. Жұмыстың тақырыбы философия тарихы бойынша зерттеу ретінде дүниетанымның даму ерекшелігін жан-жақты сараптамадан өткізуге негіз болады. Жұмыстың басты құндылығы ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлығын жүйелеу болғандықтан бұл еңбек Шәкәрімдей ойшылдың дүниетанымына жан-жақты философиялық талдау жасауға арналады.

Шәкәрім Кұдабердіұлы өмір сүрген заманнан бір ғасырға тарта уақыт өткенімен оның шығармашылғындағы көптеген идеялардың дәл казіргі заманда өз мәнін жоғалтпағандығын айта кету керек.

XX ғасырдағы кеңес үкіметінің отарлаушылық саясатының салдарынан Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымын зерттемек түгілі, оған халық жауы деген жала жабылып, оның шығармаларының жарыққа шығуына тиым салынып, ойшылдың рухани мұрасының халқынан елу жылдан астам уақыт қол үзіп қалғаны белгілі. Тек бүгінгідей еліміз егемен заманда, мемлекеттің тарапынан "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынған кезеңде, Шәкәрімдей ғұлама ойшылдың даналық дүниетанымын жан-жақты зерттеуге жол ашылып, соның салдарынан ойшылға деген кеңестік дәуір пікірінің өзгеруіне жағдай туып отыр. Жұмыстағы зерттеудің құндылық мәні де осындай жаңа замандық көзқарастың нәтижесі болып табылады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ ойшылы болғанымен оның дүниетанымдық түсініктеріне қарап, ойлау мәдениетінің адамзаттық деңгейге көтерілгендігін көреміз. Сондықтан ғұламаның айтып кеткен даналық тағылымдары мен дүниетанымдық түсініктерін жан-жақты зерттеу неғұрлым ұтымды да қажетті жағдай болып отыр. Шәкәрімнің адамзат қоғамының сан қилы қарама-қайшылыққа толы мәселелерімен таныс болуы, оның ғылыми, философиялық сауатының, интелектуалдық деңгейінің жоғарылығы, ойшыл идеяларының айрықша даналық үлгілерінің ауқымдылығын аңғартып, қазіргі біз өмір сүріп отырған заманда жеке адам және тұтас қоғам өміріндегі сан қилы мәселелердің мәніне көз жүгіртуге ерекше септігін тигізері сөзсіз.

Шәкәрім Құдайбердіұлының бай мол мұрасын жарыққа шығаруға елу жылдан астам уақыт тиым салынып келгеннен кейін оның ақталып халқымен қайта қауышқанына көп уақыт болмағаны баршамызға белгілі жағдай. Міне, осы аз уақыттың ішінде оның шығармашылығын зерттеу барысында ғалымдар біршама жетістіктерге жетті деп айтуға болады.

Шәкәрім шығармаларының жарық көре бастаған кезі, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңынан бастап-ақ,оның дүниетанымын педагогика, әдебиеттану, дінтану, философия ғылымдарының тарапынан зерттеу жұмысы басталып кетті. Әсіресе, ойшылдың дүниетанымын философиялық тұрғыдан зерттеген А.Амребаев, А.Айтпаева,Г.Әбдірасылова және тағы басқа ғалымдар диссертациялық жұмыстар қорғады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]