
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.
- •2. Дүниетанымның тарихи түрлерінің айырмашылықтарын салыстырма түрінде көрсетіңіз.
- •3.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, «джайнизм» және «буддизм» бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Конфуцийдің әлеуметтік – адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.
- •5.Орта ғасырлық христиан философиясының «болмыс» ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз.(Августин Аврелий, Фома Аквинский).
- •6.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •7.Орта ғасырдағы мұсылман философиясы туралы тақырыпты ашыңыз және мысал келтіріңіз (Ибн Сина, Әл-Газали, Ибн-Рушд).
- •8.Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының «антропоцентризм» және «пантеизм» ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз. (л.Д.Винчи, н.Куланский, г.Галилей т.Б).
- •9.Сократка дейінгі антикалық философияның ерекшклігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз. «Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар».
- •10.Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы қандай.
- •11.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз.
- •13.Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.
- •14.Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •15.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз .
- •17.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.
- •18.Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін салыстырма түрінде беріңіз.
- •20.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.
- •21.Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •22.Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарының айырмашылығы (Бэкон, Декарт).
- •23.Неміс классикалық философиясының пайда болуы мен дамуының әлеуметтік-мәдени алғышарттарын атаңыз.
- •24.Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.
- •26.Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.
- •27.Л. Фейербахтың антропологиялық философияның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28.Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •29.Ф.Бэконның танымдағы объкті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •30.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32.Абай фтлософиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •33.Қазақ зиялыларының (а.Байтұрсынов, м.Дулатов, с.Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін атаңыз.
- •34.Шәкәрімнің философиялық - діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.
- •35.Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36.Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.
- •37.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •38.Н.А. Бердяевтің экзистенциялды – діни философиясының ерекшеліктерін атаңыз.
- •39.В.Вернадскийдің неосфера туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41.Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •42.Экзистенциалды философиясындағы «адамның мәні» мәселесін талдап, түсіндіріңіз (с.Кьеркегор, а.Камао, к.Ясперс).
- •43.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (о.Кент, э.Мах, к.Поспер).
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм мен структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (ч.Пирс, у.Джемс, Леви-Стросс).
- •45.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (м.Хайдеггер, ж.П. Сартр, а.Камао, г.Г.Гадамер).
- •46.Қоғамға мәдениеттанушылық қатынастағы «өркениет» ұғымына анықтама беріңіз (н.Данилевский, о.Шпенглер, а.Тойнби).
- •47.Постиндустриалды қоғам концепциясының қазіргі замандағы орны қандай деп ойлайсыз?(д.Белл, а.Тоффлер)
- •48.Экзистенция «адам болмысы» «еркіндік» мәселелеріне талдау жасаңыз (м.Хайддегер, ж.П. Сартр, а.Камао, с.Кьеркогор)
- •49.Философиядағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
- •50.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын сипаттаңыз?
- •51.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52.Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сипаттама беріңіз.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігін ашып беріңіз.
- •54.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы, оның рухани-адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •55.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.
- •57.В.С. Соловьевтің діни-философиялық идеяларына көзқарасыңыз.
- •58.Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз.
- •59.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
- •60.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.
30.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
Декарт Рене (1596-1650 жж.) философияның, физиканың, математиканың және физиологияның дамуына үлкен әсер етті. Ол – дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік - рационалистік таным әдісінің негізін қалады. Геом-лық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, рефлекс идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және дамуы), физика және физиологияда Декарт – материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму заңдылықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол– идеалист: «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» - деген қағидаға сүйенеді. Декарт болмыс проблемасын зерттеу барысында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға тырысады, оны субстанция деп атайды. Субстанция–ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс формалары біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Ең жоғарғы субстанция – Құдай, ал жаратылған субстанциялар оның туындысы, яғни екіншілер және оған тәуелді. Материалдық (заттар) субстанциясының қасиеттері: Негізгі қасиеті - ұзындығы. Ол материалдық субстанцияларға тән жалпы белгі, кеңістікке көсілуі (ені, биіктігі, тереңдігі, т.б) және шексіз бөлінуі. Модустар (лат modus-өлшем, тәсіл)–түпнегізден, субстанциядан туындайтын қасиет. Кеңістікте - форма, қозғалыс, тұратын орын. Декарттың көзқарасы бойынша, фил-ның «негізгі мәселесінің» шешілуіне байланысты не бірінші - материя ма, сана ма деген пікір таласының жөні жоқ. Олар әр уақытта бірге өмір сүреді және біртұтас болмыстың әртүрлі көрінісі. Бұл дуалистік ілім. Декарт ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық ойлаумен заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп тануға болады дейді. «Туа біткен идея» түсінігінде Құдай, сан мен фигура, дене құрылым, ұзындық және ырық идеясы жатады. Бұл теорияның мәні: көптеген білімге дедукция арқылы жетеміз және білімнің ерекше түрі бар, ол қандай да болсын дәлелдеуді керек етпейді. Берілген білім бастан-ақ ақиқат, ең айқын және анық болады.
Бенедикт (Барух) (1632-1677жж.) Спиноза ауқатты еврей отбасында, Амстердам қаласында дүниеге келді. Декарттың шәкірті ретінде, рационалистік бағытты ұстанды. Ол өзінің философиясында одан көптеген ұғымды, әсіресе, екі бастаманы - ойлау мен ұзындық ілімін алды. Декарттан Спинозаның ерекшелігі ─ заттардың табиғатында екі субстанцияның жоқтығын көрсетуі. Спиноза фил-ның түп негізгі - субстанция, оны Құдай, жиі-жиі Табиғат деп атайды. Субстанция, Құдай, Табиғат ─ өзара ауысып отыратын түсінік. Субстанцияда екі атрибут бар: ойлау және ұзындық. Ал оның қасиеттері: 1) тіршілік етеді, 2) дербес, тәуелді емес, 3) уақыт пен кеңістікте шексіз, 4) мәңгі. Спинозаның философиясында этика ілімі орталық мәселе болып есептеледі. Оның «Бостандық - танылған қажеттілік» деген формуласы кейін марксизмнің бостандық түсінігінің негізі болды. Бірақ, Спинозаның бостандық туралы ілімнің жағымсыз жағы, оның айтарлықтай фаталистік болуы. Адам өмірі тағдырға байланысты, оны адам мойындауы керек және оған күрессіз көнуі тиіс. Адам еркін, бірақ өлім туралы көп ойламайды, оның даналығы да өлім туралы емес, өмір туралы ой толғануы. Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!»