Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_007001_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.13 Кб
Скачать

27.Л. Фейербахтың антропологиялық философияның мәнін ашып көрсетіңіз.

Фейербахтың философиялық ілімі логикалық немесе гносеологиялық принциптерден емес,антропологиялық принциптен бастау алады, яғни философияның негізгі нысанасы – нақты, тірі адам деп тану. Фейербах философиясының басты ұғымдары жəне мəселелері: өмір, өлім, махаббат, бақыт, ар, намыс, сенім, үміт ж.б.Фейербах əдебиетте антропологиялық материализмнің негізін қалаушы ретінде бағаланады. Бірақ,Энгельстің пікірінше, адамтануда ол адамның табиғи-биологиялық тұрпатын сипаттаудан əрі аса алмады: Фейербах “бар күшімен табиғатқа жəне адамға жармасады. Бірақ табиғат та, адам да оның айтуында сөз ғана болып қала береді. Ол шын табиғат жөнінде де, шын адам жөнінде де нақтылы еш нəрсе айта алмайды”. Фейербах болмысты – бастауыш, сананы – баяндауыш деп түсіндірді. Табиғат денелерден, материядан,сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мəңгі жəне шексіз. Сана соның тек көшірмесі, ал психолог - идеалист, сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді деп жазды Фейербах.Бірақ, ол антропологиялық материализмді қуаттады.Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы деп түсінді. Сондықтан одан өзін аулақ ұстамақ болды. “Шындық идеализмде емес,материализмде де емес, шындық тек антропологияда”,- деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады.Фейербах алдына табиғатқа жəне адамға қарай дəйекті бетбұрыс жасау керек деген міндет қояды. Табиғатты табиғаттан басқа ешнəрседен шығаруға жəне түсіндіруге болмайды; табиғат-адамның да, қоғамның да, тарихтың да, ғылымның да түп негізі. “Табиғат, - дейді Фейербах, -қарапайым асқазан шеберханасын ғана жасап қойған жоқ, сонымен бірге мидың ғибадатханасын да тұрғызды”. Философияның міндеті-табиғат пен адамның бірлігін неғұрлым толығырақ, неғұрлым жан-жақты бейнелеу. Бұл идеализмнен материализмге бетбұрыс болатын. Фейербах идеализм кең тараған неміс жерінде материализімді жандандырмақ болады. Бұл жоспар Фейербахтың “Христиандықтың мəні” (1841) деген іргелі еңбегінде жүзеге асады. Мұнда,- дейді Энгельс, - Фейербах “турадан тура материализмнің салтанат құруын жариялады. Табиғат қандай философиядан болсын тəуелсіз өмір сүреді. Табиғат біздердің, адамдардың өсіп шыққан негізі. Табиғат пен адамнан тыс еш нəрсе жоқ.

28.Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.

Жаңа заман фил-сы деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді.

Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің немесе сенсуализмнің негізін қалады.

Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім деп мойындау.

Эмпириктер, эксперименталді жаратылыстануды ғылымның ғылымы деп есептеді. Эмпириктердің негізгі ұраны – Ф.Бэконның «Білім - күш» деген тезисі.

Рационализм  (лат. ratіo — ақыл) — болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде

17 — 19 ғ-ларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теологиялық көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Философия Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классикалық жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғыл. білімнің, әсіресе, матем. білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін “геометриялық методты” қолдана отырып баяндады. Рационализмнің гносеол. оптимизміне орай табиғаттың ашылмайтын құпиясы жоқ. Бұл тұрғыдан Рационализм еур. ағартушылықтың маңызды филос. алғышарты болды. 20 ғ-да Рационализмнің жекелеген қағидалары феноменологияда (Э.Гуссерль),француз неорационализмінде (Г.Башляр), сыншыл Рационализмде (К.Поппер) қайта жаңғырды.

Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:

  • Ақыл сүзігінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;

  • Ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық аша алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.

Моральдық этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр деген түсінік этикалық рационализм деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]