
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.
- •2. Дүниетанымның тарихи түрлерінің айырмашылықтарын салыстырма түрінде көрсетіңіз.
- •3.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, «джайнизм» және «буддизм» бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Конфуцийдің әлеуметтік – адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.
- •5.Орта ғасырлық христиан философиясының «болмыс» ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз.(Августин Аврелий, Фома Аквинский).
- •6.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •7.Орта ғасырдағы мұсылман философиясы туралы тақырыпты ашыңыз және мысал келтіріңіз (Ибн Сина, Әл-Газали, Ибн-Рушд).
- •8.Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының «антропоцентризм» және «пантеизм» ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз. (л.Д.Винчи, н.Куланский, г.Галилей т.Б).
- •9.Сократка дейінгі антикалық философияның ерекшклігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз. «Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар».
- •10.Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы қандай.
- •11.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз.
- •13.Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.
- •14.Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •15.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз .
- •17.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.
- •18.Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін салыстырма түрінде беріңіз.
- •20.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.
- •21.Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •22.Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарының айырмашылығы (Бэкон, Декарт).
- •23.Неміс классикалық философиясының пайда болуы мен дамуының әлеуметтік-мәдени алғышарттарын атаңыз.
- •24.Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.
- •26.Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.
- •27.Л. Фейербахтың антропологиялық философияның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28.Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •29.Ф.Бэконның танымдағы объкті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •30.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32.Абай фтлософиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •33.Қазақ зиялыларының (а.Байтұрсынов, м.Дулатов, с.Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін атаңыз.
- •34.Шәкәрімнің философиялық - діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.
- •35.Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36.Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.
- •37.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •38.Н.А. Бердяевтің экзистенциялды – діни философиясының ерекшеліктерін атаңыз.
- •39.В.Вернадскийдің неосфера туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41.Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •42.Экзистенциалды философиясындағы «адамның мәні» мәселесін талдап, түсіндіріңіз (с.Кьеркегор, а.Камао, к.Ясперс).
- •43.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (о.Кент, э.Мах, к.Поспер).
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм мен структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (ч.Пирс, у.Джемс, Леви-Стросс).
- •45.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (м.Хайдеггер, ж.П. Сартр, а.Камао, г.Г.Гадамер).
- •46.Қоғамға мәдениеттанушылық қатынастағы «өркениет» ұғымына анықтама беріңіз (н.Данилевский, о.Шпенглер, а.Тойнби).
- •47.Постиндустриалды қоғам концепциясының қазіргі замандағы орны қандай деп ойлайсыз?(д.Белл, а.Тоффлер)
- •48.Экзистенция «адам болмысы» «еркіндік» мәселелеріне талдау жасаңыз (м.Хайддегер, ж.П. Сартр, а.Камао, с.Кьеркогор)
- •49.Философиядағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
- •50.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын сипаттаңыз?
- •51.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52.Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сипаттама беріңіз.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігін ашып беріңіз.
- •54.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы, оның рухани-адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •55.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.
- •57.В.С. Соловьевтің діни-философиялық идеяларына көзқарасыңыз.
- •58.Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз.
- •59.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
- •60.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.
26.Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.
Аврелий Августин–354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат – болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол – Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе – космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз – өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз – Құдайды еске алу, біздің танымымыз – Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Августин өзінің шығармаларында философияға назар аударып, осы ғылымды ерекше құрметтейтінің айтады.Ол өзінің дүниетанымын христиандық діншіл – мифологиямен бірге философиялық қоршаған ортада болып жатқан әрекеттерді философиялық тұрғыда қабылдауды ұсынады. Августиннің пікірінше философия текнағыз діннің дәлелі. Философия ол даналық емес, ол даналыққа деген махабатты білдіреді,- деп жазды Августин,-.....Құдайдың даналығы, адамзатқа қол жетпейтін мұра,- деп сөзін аяқтады.Оның ойынша тек дін ғана адамның небір жақсы тіпті керемет қасиеттерін аша алады, сол кезде ғана адам құдайдын құдіретін көре алады. Философиялық фундамент ретінде Августин Платонның еңбегін бағалады ол плотон және неоплатон деп екіге бөлді. 397 жылдан бастап Августиннін аты Құдайға деген «махабаттың» белгісіне айналады, ал өзі болса христиан қауымына белгілі аты шыққан Шіркеудің беделді мүшесіне айналады. Осы кездері Августин өзінің ең бір тамаша барлығы керемет деп санайтын «Шындық» деген кітабы өмірге келеді. Ол өзінің кітабында өзінің христиан дінің қабылдағанша қалай өмір сүргенің, өмірде біраз адасқанын тек христиан діні оны өмірдің дұрыс керкмет жақтарын ашқандығы туралы бар шындығын әлемге жариялайды. Августин өз қалған өмірін христиандыққа арнап адамдарды дұрыс жолға қоюға бағыт – бағдар береді шіркеулерді жақсарту үшін өзін аямай еңбек етеді , сонымен қатар ересиямен де күреседі және осынын барлығына да уақыт таба алатын болған. Августин христиандардын барлық кемшілігін жоюға барлық үлесін қосты ол христиан дінің жамылып басына келгендікті істеуге жол бермей ондай адамдарды шіркеуге жоюды ұсынды. Осы мәселелерге байланысты көптеген жинаналыстар жасады 401 жылда 411 жыл аралығында жеті собор жиналысы өтті. 410 жылдың 24 шілдесінде Римді вестгот Алариха жаулап алады. Бұл жағдай барлығын қатты алаңдатты Августин соның ішінде еді.Рим империясы құлағаннан кейін ол өзінің ең ғажайып шығармасын жазады . Ол әрине «Құдайдың қаласы туралы» . Бұл шығармада ол адамдардың не істегісі келетінің және Құдайдың әмірлері туралы жазады. Бұл ғажайып және көркем шығарманы жазуға Августиннің жиырма жылға жуық уақыты кетеді. Христиан дінінің женіп шығуы Библияның арқасы , бұл кітапты әрбір христиандық тек қана білу емес осы кітапты құрметтеп барлығынан жоғары қоюы қажет. «Құдайдың қаласы туралы» еңбегінде Августин өзіндік жердің қалыптасу тарихын айтады.Оның кейіпкерлері болып жер , уақыт пен тағдыр болады. Осылардың шағылысуынан Қала келеді олар біреу емес екеу.
«Құдайдың қаласы туралы». Ол Аспан және Жер деген екі қала туралы ол екі қала адамзаттын пайда болысымен пайда болған және адамдардын өмірімен тығыз байланыста болады.
Адамдардың еркіндігі христиандардың барлық тарихынан өткен , Бұл сұрақ Августинде де шешімін таба алмаған .
Адамдар өз тағдырын таңдай ала ма? Ол өз еркіндігі бойынша аспан не жер әлеміне қосыла ала ма? Бір жағынан ия, әр адамның өз еркіндігі бар . Адам туылғаннан бастап еркіндігі өз қолында болады ол өз алдына мақсат қойып осы мақсатты орындау үшін қолынан барлық келгенің істейді. Егер ол құдайды ұмытпай оны құдіреттейтін болса жұмаққа, ал құдайдан бұрылып көп жамандықтар жасаса ол тозаққа түседі. Құдай оны одан бұрылатынын біле тұра адамдық еркіндік пен бас бостандығынан айырған жоқ. Бірақ жаман адам жамандығын әр кезде де жасайды , ол туылғаннан солай туылады және солай қалыптасады. Ал жақсы адам болу үшін де туылғаннан сондай болу керек . Адам қандай болатыны бесіктен ол дүниеге келгеннен бастап белгілі болады . Августиннің пікірінше оған дәлел Авраамның балалары Исак пен Измаил.
Адамзаттын даму тарихы мен онын мақсаты.
Адамзаттын дамуын Августин үш сатыдан бөледі.
1. Бірінші жамандықтын пайда болуына дейін.
2. Адамзаттын даму тарихынан бастап соңғы сот күніне дейінгі кезен.
3. Соңғы сот күнінен кейін жақсылар Құдайдың қаласына жамандар тозаққа мәнгі қиналуға түскенге дейінгі кезең.
Соған қарағанда құдайдын жасаған әлемі адамзат тарихында ең бірінші және соңғы әлем болады.
Адамзаттын даму тарихын да үш кезеңге бөлді.
1. Адамның пайда болуы мен жер бетінен жоғалып кетуі.
2. Христостын келуі.
3. Соңғы сот күні.
Адамзаттын барлық өмір сүрген және дамыған кезенінде жер бетінде екі түрлі адамдар өмір сүреді. Періштелер де бұзылып, жолынан адасқан періштелер және Құдайдын соңында өмір бойы жүретіндер болып екіге бөлінеді. Адам туылғанда періште болып туылады ол өзінің арам ойы мен зұлымдығынын арқасында бұзылып , бүлінеді. Сол барлық жаман әрекеттері мен жасаған зұлымдығы үшін ол өмі бойы қиналумен өткізіп, тозаққа түседі.
Адамнын дамуын Августин еврей халқынын библиясына сүйенсе де , көтеген тарихи оқиғаларды шығыс халықтары мен рим халықтарынан алды. Рим қаласы Августиннің пікірінше христиандыққа қарсылық білдіретін қала деп санады. 410 жылы Рим империясын Алариханын нұсқауымен құлағанда ол «Құдайдын қаласы туралы» жаза бастады. Онын пікірінше бұл оқиға римдіктердің христиан дініне қарсылық білдіргені үшін тартқан жазасы болды.