
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.
- •2. Дүниетанымның тарихи түрлерінің айырмашылықтарын салыстырма түрінде көрсетіңіз.
- •3.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, «джайнизм» және «буддизм» бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Конфуцийдің әлеуметтік – адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.
- •5.Орта ғасырлық христиан философиясының «болмыс» ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз.(Августин Аврелий, Фома Аквинский).
- •6.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •7.Орта ғасырдағы мұсылман философиясы туралы тақырыпты ашыңыз және мысал келтіріңіз (Ибн Сина, Әл-Газали, Ибн-Рушд).
- •8.Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының «антропоцентризм» және «пантеизм» ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз. (л.Д.Винчи, н.Куланский, г.Галилей т.Б).
- •9.Сократка дейінгі антикалық философияның ерекшклігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз. «Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар».
- •10.Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы қандай.
- •11.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз.
- •13.Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.
- •14.Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •15.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз .
- •17.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.
- •18.Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін салыстырма түрінде беріңіз.
- •20.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.
- •21.Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •22.Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарының айырмашылығы (Бэкон, Декарт).
- •23.Неміс классикалық философиясының пайда болуы мен дамуының әлеуметтік-мәдени алғышарттарын атаңыз.
- •24.Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.
- •26.Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.
- •27.Л. Фейербахтың антропологиялық философияның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28.Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •29.Ф.Бэконның танымдағы объкті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •30.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32.Абай фтлософиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •33.Қазақ зиялыларының (а.Байтұрсынов, м.Дулатов, с.Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін атаңыз.
- •34.Шәкәрімнің философиялық - діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.
- •35.Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36.Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.
- •37.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •38.Н.А. Бердяевтің экзистенциялды – діни философиясының ерекшеліктерін атаңыз.
- •39.В.Вернадскийдің неосфера туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41.Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •42.Экзистенциалды философиясындағы «адамның мәні» мәселесін талдап, түсіндіріңіз (с.Кьеркегор, а.Камао, к.Ясперс).
- •43.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (о.Кент, э.Мах, к.Поспер).
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм мен структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (ч.Пирс, у.Джемс, Леви-Стросс).
- •45.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (м.Хайдеггер, ж.П. Сартр, а.Камао, г.Г.Гадамер).
- •46.Қоғамға мәдениеттанушылық қатынастағы «өркениет» ұғымына анықтама беріңіз (н.Данилевский, о.Шпенглер, а.Тойнби).
- •47.Постиндустриалды қоғам концепциясының қазіргі замандағы орны қандай деп ойлайсыз?(д.Белл, а.Тоффлер)
- •48.Экзистенция «адам болмысы» «еркіндік» мәселелеріне талдау жасаңыз (м.Хайддегер, ж.П. Сартр, а.Камао, с.Кьеркогор)
- •49.Философиядағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
- •50.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын сипаттаңыз?
- •51.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52.Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сипаттама беріңіз.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігін ашып беріңіз.
- •54.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы, оның рухани-адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •55.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.
- •57.В.С. Соловьевтің діни-философиялық идеяларына көзқарасыңыз.
- •58.Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз.
- •59.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
- •60.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.
18.Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін салыстырма түрінде беріңіз.
Элей мектебіМектеп өзінің ірі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенондар өмір сүріп, ілім насихаттаған Элей қаласының атымен аталады. Элеаттықтар бірінші болып дүниені рационалды түрде, барынша жалпы «болмыс», «бейболмыс» «қозғалыс» - филосиялық ұғымдарын қолдана отырып түсіндіруге тырысты. Бұған дейінгі барлық философтар дүниеге деген өз көзқарастарын ғана баян еткен болса, элеаттықтар алғаш болып дүниені рационалды тұрғыдан негіздеп, өз тұжырымдарын дәлелдеуге бет бұрды. Сезімдік, тәндік дүниенің «елес» екндігі, ақиқат еместігі туралы түсінік пен баға бірінші болып элеаттықтарда туды. «Елес» дүниесіне – ақылмен ғана танылатын «ақиқат» дүниесі қарсы қойылды.
Ілім тағдыры. Элеаттықтар ілімі Платон мен Аристотель және олардан кейінгі бүкіл европалық философияға ықпал етті, ал Зенон апориялары әлі күнге дейін толассыз қызығушылық пен шешу жолдары туралы талпыныстарға толы.
Атомизм Демокрит – Элладаның Абдера қаласында туылып, Афиныда
өмір сүрген, көп саяхаттап Египетте, Вавилонда, мүмкін Үнді мен Эфиопияда болған, әрдайым адамда кездесетін ақыл таяздығын
әжуалаумен өткендіктен «Күлегеш» Демокрит атанған ежелгі грек философы.Демокрит түрлі салалар бойынша 70-ке жуық еңбек жазған деген мәлімет бар. Бірақ олардың бірде – бірі бізге жетпеген. Атомизм мәселесі Демокриттің «Большой домострой», «Малый домострой» еңбектерінде баяндалған.Демокрит пікірінше, болмыс түпнегізі: атом және атомдар қозғалатын бос кеңістік. Атомдар – заттың ұсақ, бөлінбейтін бөлшектері. Әрбір атом мәңгі және өзгеріссіз. Атомдар пайда болмайды және жойылмайды. Атомдардың саны шексіз, олар көлемі, формасы және кеңістікте күн сәулесі түскенде көрінетін шаң – тозаңы сияқты «билеп жүреді»
Дүниеде бар заттардың барлығы атомдардан және бос кеңістіктерден құралады, заттардың пайда болуы мен жойылуы – атомдардың бірігуі мен бөлінуінің нәтижесі. Уақыт өте барлық заттар ыдырайды, ал оларды құраған атомдар өз тіршілігін жалғастырады. Дәстүрлі төрт стихияны Демокрит басқа нәрсенің барлығы құралатын «орта басқыштар» деп атайды. Ауа, су, жер – түрлі формадағы атомдардан құралады, ал от – тек шар бейнелі атомдардан.
19.Ибн-Рушдтың ақиқаттың екі жақтылығы туралы ілімінің мәнін ашыңыз.
Кордова халифаты кезеңінде Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб философы. Әбул-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд материялар мен қозғалыстардың мәңгіліктілігін және олардың жаратылмағанын (құдаймен «мәңгі бірлігін») дәлелдеді, жеке адам жанының өлмейтіндігі мен о дүниелікөмірді жоққа шығарды. Әбул-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд қос ақиқаттылық ілімінің негізін қалады. Оның Аристотель шығармаларына жазған түсініктемелері еуропалық философтардың ежелгі грек философиясымен танысуына елеулі ықпал етті.
Ибн Рушдтың (еуропада «Аверроэс») ілімі (аверроизм) мұсылмандық және христиандық қасаң қағидаларды өзгертпей сақтауға тырысушылар қуғынға ұшырады. Ибн Рушдтың негізгі шығармалары: «Терістеулерді терістеу», «Философия мен діннің арасындағы байланыстарға қатысты қорытынды жасайтын пікір».Ибн Рушдтің әйелдердің жағдайы туралы ой-тұжырымдары қоғамдағы адамдардың тең дәрежелілігі туралы ұғымның дамуына қосқан елеулі үлесі болып табылады. Ол бұл мәселеде өз заманындағы қоғамдық құрылымды сынға алды. Ол былай деп атап өтеді:
«Біздің әлеуметтік құрылымымыз әйелдерге өз қабілеттерін танытуға мүмкіндік бермейді; біздіңше ол бала тууға және оны тамақтандыруға жаралған сияқты және оның құлдық (күңдік) жағдайы ондағы қандай да бір парасатылыққа деген мүмкіндігін жойып жіберген»
Осылайша, Ибн Рушд барлық адамдардың тең дәрежелілігін олардың қабілеттерін ашудың алғышарты ретінде жақтады