Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_007001_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.13 Кб
Скачать
  1. Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.

  2. Дүниетанымның тарихи түрлерінің айырмашылықтарын салыстырма түрінде көрсетіңіз.

  3. Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, «джайнизм» және «буддизм» бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.

  4. Конфуцийдің әлеуметтік – адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.

  5. Орта ғасырлық христиан философиясының «болмыс» ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз.(Августин Аврелий, Фома Аквинский).

  6. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.

  7. Орта ғасырдағы мұсылман философиясы туралы тақырыпты ашыңыз және мысал келтіріңіз (Ибн Сина, Әл-Газали, Ибн-Рушд).

  8. Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының «антропоцентризм» және «пантеизм» ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз. (Л.Д.Винчи, Н.Куланский, Г.Галилей т.б).

  9. Сократка дейінгі антикалық философияның ерекшклігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз. «Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар».

  10. Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы қандай.

  11. Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз.

  12. Философияда қарастырылатын негізгі мәселелер қандай.

  13. Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.

  14. Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.

  15. Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

  16. Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз.

  17. Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.

  18. Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін салыстырма түрінде беріңіз.

  19. Ибн-Рушдтың ақиқаттың екі жақтылығы туралы ілімінің мәнін ашыңыз.

  20. Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.

  21. Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.

  22. Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарының айырмашылығы (Бэкон, Декарт).

  23. Неміс классикалық философиясының пайда болуы мен дамуының әлеуметтік-мәдени алғышарттарын атаңыз.

  24. Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.

  25. Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.

  26. Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.

  27. Л. Фейербахтың антропологиялық философияның мәнін ашып көрсетіңіз.

  28. Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.

  29. Ф.Бэконның танымдағы объкті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.

  30. Р.Декарт пен Б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.

  31. Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.

  32. Абай фтлософиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.

  33. Қазақ зиялыларының (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін атаңыз.

  34. Шәкәрімнің философиялық - діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.

  35. Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.

  36. Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.

  37. Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

  38. Н.А. Бердяевтің экзистенциялды – діни философиясының ерекшеліктерін атаңыз.

  39. В.Вернадскийдің неосфера туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.

  40. Сана және бейсаналылық: З. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.

  41. Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.

  42. Экзистенциалды философиясындағы «адамның мәні» мәселесін талдап, түсіндіріңіз (С.Кьеркегор, А.Камао, К.Ясперс).

  43. ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (О.Кент, Э.Мах, К.Поспер).

  44. ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм мен структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (Ч.Пирс, У.Джемс, Леви-Стросс).

  45. ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (М.Хайдеггер, Ж.П. Сартр, А.Камао, Г.Г.Гадамер).

  46. Қоғамға мәдениеттанушылық қатынастағы «өркениет» ұғымына анықтама беріңіз (Н.Данилевский, О.Шпенглер, А.Тойнби).

  47. Постиндустриалды қоғам концепциясының қазіргі замандағы орны қандай деп ойлайсыз?(Д.Белл, А.Тоффлер)

  48. Экзистенция «адам болмысы» «еркіндік» мәселелеріне талдау жасаңыз (М.Хайддегер, Ж.П. Сартр, А.Камао, С.Кьеркогор)

  49. Философиядағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?

  50. Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын сипаттаңыз?

  51. Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.

  52. Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сипаттама беріңіз.

  53. Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігін ашып беріңіз.

  54. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы, оның рухани-адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

  55. Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.

  56. Жасанды интеллектің мәселесіне көзқарасыңыз.

  57. В.С. Соловьевтің діни-философиялық идеяларына көзқарасыңыз.

  58. Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз.

  59. Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.

  60. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.

1.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.

Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі. ''Таным'' — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:

— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады);

— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады).

Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады

Танымның 2 түрі бар. Материалистік және идеалистік теория. Материалистік таным теориясы айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуі. Бейнелену теориясының мәні мынада: заттар, құбылыстар мен процестер, олардың қасиеттері мен маңызды байланыстарын танып-білуші субъектіден тәуелсіз өмір суреді. Түйсіктердің және қабылдаудың, ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, қасиеттерін танып білеміз. таным – сыртқа заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің, қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуі. Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай умтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып-білуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте Р.Декарттың, Г.Гегельдің ойларын айтуга болады. Гегель дүниені танып білуді өзін-өзі танып білу жолын дейді. Диалектикалық матерализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным прорцестерінің заңдылықтарын зерттейді. Материализм шынайы болмысты, нақтылы дүниені танып-білу туралы міселеге ден қойса, идеалистер түрлі заттар мен құбылыстарда өз өрнегі мен бейнесін тауып отырған мінсіз құбылыстарды, яғни адам санасының түрлі өнімдерін танып-білу туралы айтады. Идеалинизм бейнелену принциптерін жоққа шығарып, болмыс пен ойдың тепе-теңдігін мойындауды талап етеді.материализм керісінше, тепе-теңдік принципін жоққа шығарады да, бейнелену принципін мойындауды талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]