Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
m4p_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.77 Кб
Скачать

10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.

ХЖҚ-тағы жеке тұлғалардың құқық және әрекет қабілеттігі мәселелері. ХЖҚ-та нақты мемлекеттің заңнамасының шегіндегі жеке тұлғаларға, біріншіден оларды белгілі бір категорияларға бөлу арқылы, екіншіден олардың әрқайсысына қатысты режимдер белгілеу арқылы дифференциялық сипат тән. Ондай категориялар:1. Өз азаматтары;2. Шет ел азаматтары;3. Азаматтығы жоқ тұлғалар; 4. Босқындар. Жалпы ереже бойынша азаматтың құқыққабілеттігі- туылғаннан бастап заңмен берілетін құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Мысалы ҚР АК бойынша келесідей құқыққабілеттілікті анықтайды: «азаматтар меншік құқығы мүлікті иелене алады, мұраға ала және қалдыра алады, кәсіпкерлік және б. заңмен тиым салынбаған қызметпен айналыса алады, өзге азаматтармен және заңды тұлғалармен бірге немесе жеке заңды тұлға құра алады, заңмен тиым саынбаған кез келген мәміле жасай алады т.б.» Басқа мемлекеттегі шет елдік тұлғалар, сол елдің жергілікті құқығымен белгіленген құқыққабілеттілікке ие. Ол ұлттық режим негізінде жүзеге асырылады. ҰР ішкі заңмен немесе халықаралық шартпен белгіленуі мүмкін.М, 1995жылғы ВСР ның АКде: «шет ел азаматтары егер осы кодекспен н.е өзге де НАмен өзгеше көзделмесе Вьетнамның азаматтарымен бірдей құқықтар мен міндеттерді пайдаланады»деп көрсетілген. ҚР АК-де: Жеке тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі оның жеке заңында анықталады. Бұл ретте шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтық құқық қабілеттілігін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады. Жеке заңы ол сол жеке тұлға азаматы болып табылатын елдің заңы. Адамның екi немесе одан көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдiң құқығы оның жеке заңы болып саналады. Азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын елдiң құқығы, ол адамның жеке заңы болып саналады. Баспана берген елдiң құқығы босқынның жеке заңы болып саналады. Сондай ақ ұлттық режим толық болып табылмайды. Яғни шетел азаматтары сол елдің өз азаматтарының барлық құқықтарын пайдалана алмайды. М, шет ел азаматтары жоғарғы мемлекеттік лауазымды иелене алмайды, билік органдарына сайлануға және сайлауға, әскери міндет өтеуге, сот, прокурор, нотариус, өзен, теңіз және әуе кемелерінің экипаждарына командир бола алмайды. ҚР-да сондай-ақ шетелдіктер: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жеке меншік құқығымен иемдене алмайды, Белорусь, РФ,Қырғызстан азаматтарынан басқа шетелдіктер заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналыса алмайды, қару ұстауға құқығы бар күзеттік қызметпен айналыса алмайды, ҚР мемлекеттік реестріне енгізілген әуе және теңіз кемелерінің экипаждарының құрамына тек Көлік және ком. Министрінің арнайы рұқсатымен ғана кіре алады. Мемлекеттер арасында өз азаматтары мен сол елдің азаматтарының бір-бірінің территориясында болу жағдайында құқықтарын теңестіру туралы шарттар жасалуы мүмкін, м,1993 жылғы Азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Минск және 2002ж Кишинев Конвенциялары. Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы сондай-ақ, экономика секторларының белгілі бір тізімін жасау арқылы да шектеулер қойылуы мүмкін. Шет елдіктерге қойылатын режимдер: 1. Ұлттық режим;2.аса қолайлы режим(екі тарапты шарттармен белгіленуі мүмкін);3. Преференциалдық (шетел азаматтарына өз азаматтарынан артық құқық береді);4. Өзара түсіністік;5. Кемсітпеу;

ХЖҚ-та әрекетқабілеттілік мәселесі жеке заңмен анықталады () екі түрі болуы мүмкін азаматтық заңы (lex nationalis lex patriae) орналасқан елдің заңы (lex domicilii). ҚР-ның АК-де: Жеке адамның әрекетке қабiлеттiлiгi оның жеке заңымен анықталады. Жеке адамның мәмiлелер мен зиян келтiру салдарынан пайда болатын мiндеттемелерге қатысты азаматтық әрекетке қабiлеттiлiгi мәмiле жасалған (lex loci contractus) немесе зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелер пайда болған жердегi елдiң құқығы бойынша анықталады(lex loci delictii comicii). Жеке адамның жеке кәсiпкер болуға және соған байланысты құқықтары мен мiндеттерiнiң болуға қабiлетi жеке адам жеке кәсiпкер ретiнде тiркелген елдiң құқығы бойынша анықталады(lex loci registrationis). Тiркелген елi болмаған жағдайда жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын негiзгi орнындағы елдiң құқығы қолданылады. Жеке адамды әрекетке қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi деп тану сот елiнiң құқығына бағынады. Бұдан біздің заңнамада lex personalis –дің екі түрі де қолданылатындығын байқауға болады. Көп уақыт бойы шет ел азаматының әрекетқабілеттігі өзінің жеке заңымен анықталуы тиіс туралы постулат қолданылып келді. Яғни егер ол өз елінің құқығымен әрекетке қабілетсіз деп танылса, өзге мемлекеттерде де солай деп танылуға тиіс болатын. Уақыт өте келе бұл сауда және шаруашылық айналымының тұрақтылығына зиян келтіру қаупі болғандықтан, шеттетіле бастады. М, шет елдік саудагер өзге мемлекетте жасаған мәмілесін, өз елінің заңы бойынша әрект қабілетсіздігіне сілтеме жасап, жарамсыз деп тануы мүмкін.1961ж Лизарди ісі осыған байланысты болатын. Бірақ онда француз заңнамасы бойынша шет елдік әрекет қабілетті болғандықтан, француздық «шет ел заңнамасын білмегенін кешіре отырып», мәмілені жарамды деп таныған. Кейіннен бұл тек сот тәжірибесінде ғана емес заңдарда да көрініс таба бастады. М, 1898ж «Заңдарды қолдану» туралы заңында егер шет елдік өз елінің заңнамасы бойынша әрекетке қабілетсіз болып, жапонияныкі бойынша толық әрекет қабілетті болса және жапония аумағында заңды акт жасаса ол толық әркетке қабілетті деп танылады деп бекітілген болатын. Англосаксондық құқықта әрекет қабілеттілікті анықтаудың жалпы нормасы ретінде домицилии қағидасы қолданылғын, мәндеттемелік құқықтық қатынастарда-«шарттың өз құқығы», ал оның кей түрлерінде-мәміленің жасалу орны. М, 1882ж Вексельдік заңы бойынша көптеген коллизиялық мәселелерді әрекеттің орындалған жеріне яғни мәміленің жасалған жеріне (lex loci contractus) бағындырады. Жеке статут қолданылаты мәселелер: есімге құқық,тұтынушыға зиян келтіруден туындайтын, қозғалмайтын мүлікті мұралау, қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындау, шет елдіктердің ҚР-да некеге отыруы, әкелікті анықтауды сұрау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]