- •1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.
- •3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.
- •5. Коллизиялық норманың заңи түсінігінің дәрежеленуі. Алдын ала коллизиялық мәселе.
- •6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.
- •7. Үшінші елдің құқығына кері сілтеме және сілтеме.
- •8. Жария тәртіп туралы ескертпе, халықаралық жеке құқықтағы императивтік нормаларды қолдану және заңды айналып өту.
- •9. Халықаралық жеке құқықтағы өзаралық және реторсиялар (материалдық, процессуалдық, коллизиялық қырлары).
- •10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.
- •19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер
- •20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.
- •22.Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.
- •23.Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •24.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
- •25.Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.
- •27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты германдық, француздық және ағылшындық жүйемен анықтау. Қазақстандық аіжк қарастырылатын ережелер.
- •28.Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.
- •30.Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.
- •31.Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.
- •32.Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).
- •33.Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).
- •34.Шетелдік сот тапсырысын орындау.
- •35.Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.
- •36.«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі.
24.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
Мұрагерлік құқық саласында заңнамалардың коллизиясы әр түрлі мемлекеттердің құқығында мұрагерліктің жекелеген мәселелері бірдей емес бекітілген жағдайларда туындайды. Бұл мұрагерлердің кім екендігін анықтау, мұраны қабылдау тәртібнің іске асуы мәселесін қамтиды. Коллизиялық сұрақтардың келесі тобы өсиет бойынша мұрагерлікті іске асыру (өсиетке қалдыруға әрекетқабілеттілігі мен өсиеттің нысаны мен мазмұны арнайы регламентацияға сай келмеуі). Үшінші топқа ішкі мемлекеттік құқықта жылжитын және жылжымайтын мүліктерді мұраға қалдырудағы айырмашылықтар жатады. Сондай-ақ, өкілдік ету бойынша және мұрагерлік трансмиссия бойынша мүліктің өтуіндегі пайда болатын коллизиялық кезеңдер. Заңды мұрагерлік. Заңды мұрагерлік өсиетсіз (intestate succession) мұраға қалдыруды қамтиды. Осындай жағдайда мемлекеттің заңнамасы даулы мүлікті иемдену құқығы бар тұлғаларды анықтауы тиіс. Бұл тізімді анықтауда мемлекеттерде әр түрлі қағида қолданылады. Сондықтан мұрагерлікке қатысты қатынастарды реттеуде қай мемлекеттің құқығы қолданылатынын анықтау қажет. Әдетте, мұра қалдырушының азаматтығы (lex patriae) немесе мұра қалдырушының тұрақты тұрған (leх domicilii) жерінің қағидасы қолданылады. Мысалы Франция мен Ұлыбританияда мұра қалдырушының соңғы тұрған жерінің заңы қолданылады және мұрагерлердің жіктелуі барлық қандас туысқандарын нақты разрядтарға бөлумен сипатталады. Мысалы 1972 жылғы 3 қаңтардағы Заңға сәйкес Францияда бірінші разрядқа мұра қалдырушының балалары, немерелері жатады. Екіншіге мұра қалдырушының әке-шешесі, аға-інілері мен апа-сіңлілері жатса, үшінші разряда әке-шешесінен өзгелері деп көрсетілген. Ұлыбританияда Франциядан айырмашылығ өте аз. Бірақ бірінші топқа тірі жұбайы жатады. Ол болмаған жағдайда ғана туысқандары мұраға үміттене алады. ҚР АК-нің 1061-1064 баптарында заң бойынша мұрагерліктің кезектілігі көрсетілген. Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет (testament, will) - азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Өсиеттің нысанын анықтауда маңызды. Актіні іске асыру жерінің құқығы әдетте өсиетке қолданылады. ҚР АК 1121-бабында мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаған болса мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. 1122-бапта адамның өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ өсиеттiң және оның күшiн жою актiсiнiң нысаны, егер мұра қалдырушы өсиетiнде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жасаған кезде тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Алайда өсиет немесе оның күшiн жою, егер соңғысы акт жасалған жердiң талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла алмайды. Қозғалмайтын мүлiктi және мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi мүлiктi мұраға қалдыруға қатысты нормалар 1123-бапта көрініс тапқан: Қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегi елдiң құқығы бойынша, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiк - Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлiк өсиет етiп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады. Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлерді анықтау; Өсиет нысанына қойылатын талаптар;Мұраға қалдырылған мүлікті бөлу жүйесі;
Халықаралық жеке құқықтағы мұра мәселесі. Мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаған болса, АК 1122 және 1123-бб өзгеше көзделмегендiктен, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Адамның өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ өсиеттiң және оның күшiн жою актiсiнiң нысаны, егер мұра қалдырушы өсиетiнде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жасаған кезде тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Алайда өсиет немесе оның күшiн жою, егер соңғысы акт жасалған жердiң талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла алмайды. Қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегi елдiң құқығы бойынша, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiк - Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлiк өсиет етiп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады. В области наследственного правоотношения применяется конвенции: - Конвенция о форме м/ународного завещания от 26.10.1973г. (б принята в столице США- Вашингтон); - Конвенции о коллизии з-ов в отношении форм завещания от 5.10.1961г. (в Женеве). Действует в отношении стран Европы; - Конвенция стран СНГ о правовой помощи, принята в Москве от 22.01.1993г.
