- •1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.
- •3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.
- •5. Коллизиялық норманың заңи түсінігінің дәрежеленуі. Алдын ала коллизиялық мәселе.
- •6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.
- •7. Үшінші елдің құқығына кері сілтеме және сілтеме.
- •8. Жария тәртіп туралы ескертпе, халықаралық жеке құқықтағы императивтік нормаларды қолдану және заңды айналып өту.
- •9. Халықаралық жеке құқықтағы өзаралық және реторсиялар (материалдық, процессуалдық, коллизиялық қырлары).
- •10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.
- •19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер
- •20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.
- •22.Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.
- •23.Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •24.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
- •25.Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.
- •27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты германдық, француздық және ағылшындық жүйемен анықтау. Қазақстандық аіжк қарастырылатын ережелер.
- •28.Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.
- •30.Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.
- •31.Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.
- •32.Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).
- •33.Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).
- •34.Шетелдік сот тапсырысын орындау.
- •35.Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.
- •36.«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі.
2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.
Құқықты унификациялау салаларының жетістіктеріне қарамастын қазіргі таңда әлемде әртүрлі мемлекеттерде жеке құқықтық қатынастарды реттеуінің елеулі айырмашылықтары бар. Кейбір құқықтық реттеудің салаларында ( х/қ сауда, тасымалдау, зияткерлік меншікті қорғау) унификациялау белсенді жүріп жатса, келесілерінде (отбасылық, мұрагарлік құқықтары) айырмашылықтар әлі де бар, сабебі бұл салалардағы қатынастарды реттеуге ұлттық, салт-дәстүрлер, діни, тұрмыстық ерекшеліктер өз әсерін тигізеді. Мұнда белгілі бір құқықтық қатынасқа қатысты құқықты таңдауда қиындықтар туады. Бұл коллизиялық проблемалар деп аталады (латынша collisioқақтығыс). Заңдар коллизиясы деген кезде МЧП саласындағы пайда болған дауды қай елдің заңымен шешу керектігін түсінеміз. Сонымен, коллизиялық норма дегенімізбелгілі бір құқықтық қатынастарға қатысты қай мемлекеттің құқығын қолдану керектігін анықтайтын норма.
Коллизиялық норма тек сілтемелік сипатқа ие, ол тек белгілі бір сұрақтарды шешімін қарастыратын материалдық-құқықтық нормаларға сілтеме жасайды.
МЧП бастапқыда коллизиялық нормалар ретінде пайда болды, алайда әлі де көптеген мемлекеттерде осындай сипатта. Коллизиялық норма сілтемелік сипатқа ие болғандықтан, оны тек материалдық-құқықтық нормалармен бірге қолдануға болады, яғни сұрақты мәні бойынша шешетін заңнамалық нормаларға сілтейді. Алайда коллизиялық нормалар тек қай мемлекеттің заңы қолданатындығы туралы көрсетеді және материалдық-құқықтық нормалармен бірге азаматтық қатынас мүшелері үшін белгілі бір жүріс-тұрыс ережесін құрайды.
Коллизиялық әдістің кемшіліктеріне келсек, біріншіден, шетел мемлекетінің құқығына сілтеме жасайтын коллизиялық нормаларды қолдану х/қ шарт немесе коллизиялық нормалардың негізіндегі ішкі заңға сәйкес сот немесе басқа да мемлекеттік органның қызметін қиындатады және коллизиялық нормалардың мәнін анықтауда қиындықтарға соқтырады. Екіншіден, бұл әдісті қолдану даулы жағдайларды шешуге бірегейлікті қамтамасыз етпейді, себебі түрлі мемлекеттерде қандай да бір пәнге қатысты коллизиялық нормалар келіспеуі мүмкін. Соңғы нәтиже дау қаай мемлекеттің сотында қарастырылатындығына байланысты. Үшіншіден, коллизиялық әдіс қолдану кезінде барлық жеке құқықтық қатынастарды реттейтін шетел элементімен қатынасты реттеуге бағытталмаған жалпы сипаттағы нормалар қолданылады.
Х/қ келісімдерде орын алатын материалдық-құқықтық нормаларды қолдануды кеңейту шаруашылық өмірдің интернализациясының дамуымен байланысты. Осы әдіске орай сауда, өнеркәсіп, ғылыми-техникалық, көлік және мемлекеттердің ұйымдары мен фирмалары арасындағы байланыстарды реттейтін бірегей материалдық-құқықтық нормалар пайда болуда.
Материалдық-құқықтық әдісті қолданудың артықшылықтары мынада:
Бұл әдісті қолдану тиісті қатынас мүшелері үшін нақтырақ болып табылады, себебі екі тарапқа да дау туындаған жағдайда материалдық-құқықтық нормалар алдын ала белгілі болады.
Бұл әдісті қолданған кезде реттеудің бірегейлігі болады, коллизиялық нормаға тиесілі бір жақты көзқарас, яғни көп жағдайда коллизиялық норма қандай да бір мемлекетпен бекіту.
Ал бұл әдістің кемшіліктеріне келсек, х/қ келісімдердің нормалары түрлі мемлекетте түсіндірілуі мен қолдануы әр түрлі болуы мүмкін, сонымен қатар көп жағдайда тек диспозитивті сипатқа ие (яғни олар міндетті болып табылмайды), тараптар өз еркі бойынша қолдана алады. Техникалық прогрестің дамуы кейбір салаларда материалдық-құқықтық нормалардың құрылуына әкеп соқтырады.
Қазіргі таңда МЧП саласындағы қатынастарды материалдық құқықтық реттеуді унификациялаудың негізгі жетістіктерінің нысаны х/қ келісімшарттар жасасу. Бұл көптеген жылдар бойы жұмыс істеген х/қ ұйымдардың қызметінің нәтижесі. МЧП нормаларының унификациясы х/қ ынтымақтастық негізіндегі х/қ-құқықтық әдет ғұрыптар бекітумен де іске асып жатыр. Құқықтық емес қосымша унификацияланған нормалар ретінде үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар немесе ассоциациялардың нұсқауларын қарастыру қажет (1976 жылғы х/қ сауда құқығы бойынша БҰҰ арбитраждық регламенті, Парижде х/қ сауда Палатасының басылымдары, т.б).
Тағы бір айта кететін жайт, бұд халықаралық тәжірибеде тараптармен автономдық қағида негізінде белгілі бір құқықтық жүйені таңдау емес (х/қ саудадағы мәмілелердің ерекшелігін назарға алмайтын ұлттық заң нормалары), «жалпы танылған қағидалар мен құқықтық нормалар» немесе «х/қ сауда құқығына» тараптардың таңдау автономиясы дегеніміз тараптар өз еркілері бойынша шарт мазмұнын өзгерту, бекіту). Сонымен қатар тәжірибеде lex mercatoria атты байламға да сілтеме жасалынады. Бұл терминмен қазіргі таңда, әдебиеттерге сәйкес, х/қ сауда айналымын реттеуге арналған х/қ конвенцияларда қарастырылған әдет ғұрып, кең танылған қағидаларды қамтыған құқықтық нормалардың автономиялық жүйесінің құрылуына тенденциясын білдіретін концепцияны түсінеміз.
Коллизиялық нормалардың әдеттегі, классикалық коллизиялық нормаларды талқылау үшін алдымен, қазіргі кезде «тығыз байланыс» қағидасының тиісті құқықтық қатынастардың қандай да бір мемлекетпен қолданылуы кең етек жаюына назар салу керек. Бұл қағида жиі «икемді коллизиялық норма» деп аталады.
Құқықтық қатынастпен тығыз байланысты ережені қолдану концепциясы бастапқыда англо-американдық құқықтық жүйеде кең етек жайды. Алғашында бұл концепция шарттық құқық және деликттік міндеттемелер саласында АҚШ сот тәжірибесінде қолданды. «тығыз байланысты» ережесі халықаралық келісімдерде, мәселен, 1980 жылғы Рим конвенциясында, 1994 жылғы халықаралық контрактілерге қатысты құқықық туралы америка аралық конвенция, 1995 жылғы халықаралық жеке құқықтың италиялық жүйесінің реформасы туралы Заң, т.б. заңдар мен конвенцияларда қолданды.
Сонымен қатар, әдебиеттерде «қатты коллизиялық нормалар» да кездеседі, оларды тағы «классикалық коллизиялық нормалар» деп те атайды. Бұл коллизиялық нормалардың спецификасы оның құрылымында. Әрбір коллизиялық норма екі бөлімнен тұрады: көлем және коллизиялық байламдар. Көлем дегеніміз осы нормалар қолданылатын құқықтық қатынастар. Ал байлам дегеніміз осы құқықтық қатынастардың түрлеріне қолданылатын мемлекет құқығына (құқықтық жүйесіне) көрсетеді.
Коллизиялық нрмалардың мәні мен мазмұнын түсіну үшін бұл нормалардың классификациясына көз жүгіртуіміз керек. Біріншіден, ұлттық және халықаралық келісімшартпен бекітілген нормалар бар. Екіншіден, диспозитиві және императивті сипатағы коллизиялық нормалар бар. Үшіншіден, бір жақты және екі жақты коллизиялық нормалардың болуы. Біріншісі, тек бір мемлекеттің, әдетте, ұлттық заңнаманың қолдану құқығын анықтайды, ал келесісі, кеңірек мағынаға ие, ұлттық және шетелдік құқықты қолдануды белгілейді. Төртіншіден, коллизиялық нормалар байламдардың санына байланысты: мәні жағынан бір және кумулятивті болып бөлінеді. Мәні жағынан бір деп отырған коллизиялық норма деген бір байламнан тұратын норма (алайда кей жағдайларда альтернатив ретінде екі немесе үш коллизиялық нормалар да қолдануы мүмкін) қолданылады. Ал кумулятивті―икемді және әділ жүйе пайда болады, яғни мүдделі тұлғаға ең қолайлы болып табылатын мемлекеттің құқығын пайдалана алады.
Түрлі мемлекеттердің заңнамасында, сонымен қатар халықаралық келісімшарттарда және сол мемлекеттің тәжірибесінде латын әріптерімен жазылған түрлі коллизиялық байламдар қолданылады. Мысалы, жеке тұлғаның жеке заңы (лекс персоналис), оның өзі екіге бөлінеді: тұлғаның азаматтығы құқығы (лекс патриае) және тұлғаның тұрғылықты жеріне байланысты (лекс домицилий); заңды тұлғаның жеке заңы (лекс сосетатис)― заңды тұлғаның «ұлтын» көрсетеді, заттың орналасқан жері (лекс ре ситае)―мұрагерлік саласында меншік құқығына қатысты мәселелер;жалау заңы (лекс флагги)― теңіз саудасында қолданылады, және т.б. байламдар.
