
- •1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.
- •3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.
- •5. Коллизиялық норманың заңи түсінігінің дәрежеленуі. Алдын ала коллизиялық мәселе.
- •6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.
- •7. Үшінші елдің құқығына кері сілтеме және сілтеме.
- •8. Жария тәртіп туралы ескертпе, халықаралық жеке құқықтағы императивтік нормаларды қолдану және заңды айналып өту.
- •9. Халықаралық жеке құқықтағы өзаралық және реторсиялар (материалдық, процессуалдық, коллизиялық қырлары).
- •10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.
- •19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер
- •20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.
- •22.Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.
- •23.Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •24.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
- •25.Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.
- •27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты германдық, француздық және ағылшындық жүйемен анықтау. Қазақстандық аіжк қарастырылатын ережелер.
- •28.Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.
- •30.Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.
- •31.Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.
- •32.Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).
- •33.Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).
- •34.Шетелдік сот тапсырысын орындау.
- •35.Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.
- •36.«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі.
6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.
Бұл мәселені шешу үшін 3 сұраққа жауап берудің қажеттілігі туындайды: шетелдік құқық мазмұнын кім белгілеуі керек, оның мазмұнын анықтау және шетел құқығының мазмұны анықталмаса, қандай заңи салдар туындайды. Коллизиялық норма немесе тараптардың келісімі нақты қатынасты реттеуге құзырлы құқықты анықтап, егер ол құқық ретінде шетелдік құқық танылса, онда оны қолдануға қатысты бірқатар мәселелер туындайды. Егер мәселе отандық құқықты қолдану туралы болса, онда сот немесе өзге де құқықты қолдану органы оның мазмұнын білуші «juri novit curia» деп саналады. Егер шетелдік құқық қолданылса сот шетелдік құқық мазмұнын немесе өзгеде құқықтың қайнар көздерін білуге міндетті емес.
Шетелдік құқық мазмұнын анықтауда екі мүмкіндік бір-біріне қарама-қарсы тұрады: соттың шетелдік құқық мазмұнын ұлттық құқыққа тән өзіндік құралы арқылы анықтауы немесе қатынас бағынатын құқық тәртібіне құзырлы тәсілдер мен әдістерді қолдану. Сонымен қатар әртүрлі мемлекеттердің соттарында тағы бір балама бар: шетел құқығына құқық немесе факті ретінде қарау.
Құқық қолдану процесі сот немесе өзге де құқық қолданатын орган өз құқығын білетіндігі постулатына негізделген. Ал шетел құқығын сот білмейді,білуі міндетті емес және білмеуі де мүмкін.Сондықтан шетел құқығының мазмұнын анықтаудың маңызды екендігі осыдан көрінеді. Кім шетел құқығын анықтауы керек екендігі шетел құқығын жалпы түсінуге негізделеді. Шетел құқығын анықтау мыналарға негізделеді: 1. лауазымы бойынша сот – ex officio-шетел құқығын қолдануға міндетті; 2. Сот шетел құқығын заңи міндетті ұйғарым жүйесі ретінде қолданады; 3. Лауазымы бойынша сот қолданатын құқықтың мазмұнын анықтауы міндетті. Бұл РФ АК 1191-б. 1-тармағында тікелей бекітілген:»шетел құқығын қолданғанда шетелдік сот оның нормасының мазмұнын анықтайды». Мұндай жағдай континенталды құқық жүйесіндегі елдерге тән.
Ағылшын-американдық құқық жүйесіндегі елдерде шетел құқығының мазмұнын кім анықтауы керек деген сұраққа басқаша түрде жауап береді. Мұндай жүйедегі елдерде сот тек қана өзінің өзіндік құқығын қолданады бірақ ол шетел құқығының негізінде пайда болған субъективті құқықтар. Бұл жағдайда шетел құқығы өзге фактілік жағдайлармен бірге іс бойынша дәлелдемеге жатады. Сотқа дәлелдемелерді тек қана тараптар ұсынуға міндетті, шетел құқығы нормаларының мазмұнымен байланысты барлық дәлелдемелерді тараптар ұсынады. Ал сот тек қана тараптардың ұсынған дәлеледемелерін бағалайды, сонымен қатар шетел құқығының нақты ережелері және осы ержелер тұрғысындағы талаптың негіздемелерін де бағалайды. Сот шетел құқығын заңи міндетті ұйғарым ретінде қолданбайды, оған іс бойынша факті ретінде сүйенеді.
Ресей құқығында шетел құқығына қатысты мүлде басқа көзқарас қалыптасқан: лауазымы бойынша сот шетел құқығын қолданады және лауазымы бойынша оның мазмұнын анықтайды. Сонымен қатар заң тараптарға тиісінше шетел құқығының мазмұнын нақтылайтын құжаттарды ұсынуына рұқсат береді. Шетел құқығының мазмұнын анықтау өте күрделі мәселелердің бірі, РФ АК-де сотқа жәрдемдесетін ұйымдардың тізбегі көрсетілген. Олар РФ Әділет министрі, Ресейдегі және шетелдегі өзге де құзырлы органдар мен мекемелер.Бұдан өзге сот сарапшыларды тартуға, ғылыми-зерттеу мекемелер, шетелдегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің көмегін пайдалана алады. Бұл мәслені шешуде әрекет етуші құқық туралы ақпаратты беретін құқықтық көмек көрсету туралы шарттар маңызды болып табылады. 1993ж. ТМД мем-рі арасындағы азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек көрсету туралы Конвенция Уағдаласушы тараптардың әділет орталық мекемелері өтініш бойынша бір-біріне өз территорияларында әрекет ететін және әрекет етуші ішкі заңнамалар және оны әділет мекемелерінің қолдану тәжірибесі туралы мәліметтер беретіндігі көзделген.
Егер шетел құқығының мазмұны анықталмаса қандай заңи салдар туындауы мүмкін? бұл жағдайға байланысты кейбір мемлекеттер арнайы ұйғарымды көздейді. Мұндай мемлекеттер тізіміне ҚР, РФ кіреді. РФ АК сәйкес, егер қолданылған шараларға қарамастан шетелдік құқық нормаларының мазмұны анықталмаса онда Ресей заңнамасы қолданылады деп атап көрсетілген.