Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
m4p_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.77 Кб
Скачать

3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.

Халықаралық жеке құқықтың кешенділік сипатын өзінің табиғатындағы құқықтық нормаларды құрайтын әр түрлі қайнар көздердің болуы арқылы көруге болады. ХЖҚ -тың қайнар көзінің спецификасы оның реттеу пәніне байланысты. Бір жағынан, қайнар көздер ұлттық - құқықтық сипатта болады, алайда ХЖҚ -ғы халықаралық азаматтық қатынастарды реттейтіндіктен, халықаралық құқықтың бөлек саласы болып табылады. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері: жалпы мойындалған халықаралық нормалар мен қағидалар, халықаралық шарттар, ішкімемлекеттік заңнамасы, әдет -ғұрыптар, соттық және арбитраждық практика. соның ішінде негізгілері: халықаралық шарттар, ішкімемлекеттік заңнама, әдет –ғұрыптар. Жалпы халықаралық құқық ішкімемлекеттік құқықты реттей алмайтындықтан, сонымен бірге ішкімемлекеттік заңдар да мемлекетаралық қатынастарды реттей алмайтындықтан, бұл екі құқықтың бірге болуы қажет. Өйткені, халықаралық құқықтың нормаларын ішкімемлекеттік заңдарға енгізу арқылы оның жеке және заңды тұлғалардың қатынастарын реттеуге мүмкіндігін жасауға болады. Бір мемлекетте құқықтық қатынасты басқа мемлекеттің ұлттық субъектілері арасында реттеген кезде, әрине сол мемлекеттің мүддесін білдіреді. Сондықтан да, әрбір мемлекет үшін ұлттық заңнаманы халықаралық дәрежеде заңдастыру және соған сәйкес халықаралық екіжақты, көпжақты және әмбебап шарттарды қабылдау мақсаты пайда болады. Ішкімемлекеттік заңнама ХЖҚ қайнар көзі ретінде бүкіл жалпы ішкі құқықтық жүйе, аталған мемлекеттің құқықтық тәртібі жатады. Ұлттық заңнаманың негізі болып коллизиялық нормалардың бір нақты заңға сілтеуі емес, бүкіл құқықтық жүйеге сілтеуі табылады. Ұлттық заңнамасының арасында ең бірінші болып осы саланы реттейтін арнайы заңнамалар табылады, ең бастысы- Конституция. Азаматтық қатынастар Конституцияға негізделіп реттеледі. ҚР- ның заңнамасында ХЖҚ-ты реттейтіндері мыналар: Азаматтық Кодекс, Азаматтық іс жүргізу кодексі, Неке және отбасылық қатынастар турла Заң, Нотариаттық қызмет туралы Заң және т.б. Сонымен қатар, арнайы заңдар, заң астындағы актілер, ведомстволық актілер, министрліктер мен ведомстволардың нормативті емес актілерін айтуға болады. Әр түрлі мемлекеттерде ХЖҚ қатысты арнайы кодификацияланған заңдар шығарылған. Мәселен, Түркия, Италия, Грузия, Тунис,Тайланд т.с.с. Ал Францияда ХЖҚ ең негізгі қайнар көзі болып Азаматтық Кодекс табылады. ҚР да осы кодексті негізге алады. Халықаралық шарттарды алатын болсақ, әрине олардың орны бөлек. ХЖҚ қатысты халықаралық шарттар мыналар: 1980 жылғы халықаралық сатып алу-сату шарты туралы Конвенциясы, Халықаралық сату арбитражы туралы заң, Су арқылы тауарларды тасымалдау туралы БҰҰ Конвенциясы, 1954 ж. Азаматтық іс жүргізуге байланысты сұрақтар туралы Конвенция, 1965 ж Азаматтық және сауда істерге қатысты шетелде соттық және соттан тыс құжаттарды тапсыру Конвенциясы, 1961 ж Шетел ресми құжаттарды заңдастыруды алып тастау туралы Конвенция, 1956 және 1980 ж. Гаага конференцияда қабылданған отбасылық қатынастарға қатысты конвенциялар және т.б.Темір жол тасымалдауына байланысты 1980 ж темір жол тасымалдаулары және темір жол адам және жүк тасымалдау туралы Конвенциясын атап өткен жөн. Аймақтық дәрежеде ХЖҚ реттеу туралы тек бір кодифкация жасалынған болатын. Ол Бустаманте Кодексі . Бұл Конвенцияның мәні мынада- бұл Конвенция унификацияланған аймақтық коллизиялық нормаларды қатысушы мемлекеттердің территориясында толығымен қолдануы. Әдет-ғұрыптардың халықаралық шарттардан ерекшелігіне келетін болсақ, олардың заңи міндеттілігінің шегін анықтау мүмкінсіздігінде. Әдет-ғұрыптар оның жазбаша түрде бекітілуін талап етпейді өйткені олар құқықтың ең көне түрі болып табылады. Әдет-ғұрыптарда өте маңызды халықаралық жеке қатынастарды реттейтін мәселелер қамтылған. Әдет-ғұрып сонымен қатар, ең жұмсақ болып табылады, сондықтан ол маңызды. Әдет-ғұрыптарды ресми емес түрде кодификациялаған болатын. Олар: СИФ талаптарында мәмілерге қатысты Варшава-Оксфордтік ережелер, Жалпы аварияға қатысты Йорк-Антверпендік ережелер; ИНКОТЕРМС- сауда терминдерін унификациялау туралы халықаралық ереже. Кейбір мемлекеттерде соттық және арбитраждық практика ұлттық заңнамаға және халақаралық құқыққа қарағанда маңыздырақ болып табылады. Олар Франция, Ұлыбритания, АҚШ. Бұл қайнар көзін соттық шешімдерді шығарған кезде жаңа нормаларды жасау емес, қолданыстағы құқықты шығару және заңи міндетті жүйе ретінде құру ретінде қарастырылады.

ХЖҚ нормаларының унификациясы

Uniе facere – бірыңғай ету. Унификациялау – әртүрлі мемлекеттердің ішкі құқықтарында бірдей, бірыңғай нормалар жасау. Құқық тікелей мемлекеттің ішкі юрисдикциясына кіретіндіктен, ұлттық құқықтың үстінен заңнама шығаратын орган жоқ. Сондықтан унификацияланған нормаларды жасаудың жалғыз жолы – мемлекеттердің ынтымақтастығы. Унификациялау – бұл белгілі мемлекеттер шеңберінде ішкі құқықтарында бірыңғай құқықтық нормаларды жасау, өзгерту немесе жоюға бағытталған мемлекеттердің ынтымақтастығы. Бұл сипатта унификациялау құқықшығармашылық процесінің бір түрі болып табылады.

Халықаралық жеке құқықтың нормаларының қалыптасуына, әрекет етуіне зор үлесін тигізген осы саладағы халықаралық ұйымдар болып табылады. Оларға Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциялары, Халықаралық сауда палатасы, Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы, Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ), Сауда және даму бойынша БҰҰ Конференциясы, Римдегі жеке құқықты унификациялау бойынша халықаралық институт (ЮНСИТРАЛ), БИМҰ (ВОИС), Халықаралық әдебиет және көркем туындыны қорғау туралы одақ, Интеллектуалдық меншік туралы Халықаралық бюро, Инвестициялық меншікті реттеу бойынша Халықаралық орталық, МИГА, ИНПАДОК және т.б. Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциялары 1996 жылы осы салада 30 конвенция қабылдаған ХЖҚ бойынша кодификациялық жұмыстарды жүргізетін маңызды мемлекетаралық ұйым. 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясына көмекші орган ретінде Венгрияның ұсынысымен Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) құрылды. ХЖҚ-та әрекет ететін әдеттер мен ғұрыптарды ресми емес кодификациялауды жүргізу саласында маңызды рөлді Халықаралық Сауда Палатасы (МТП) атқарады. 1920 жылы құрылған бұл ұйымның басты мақсаты – халықаралық бизнесті техникалық және құқықтық қамтамасыз ету, ұйымдастыру.

1893 жылдан бастап халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциялары өз қызметінің бастауын алалды. Бірінші нәтижелер ретінде 1902-1905 жылдардағы коллизиялық нормаларды қамтитын (1902 жылы – неке, айырылысу және соттық жұбайды айыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа алу туралы 3 конвенция және 1905 жылғы 2 конвенция: біріншіден, жұбайлар арасындағы жеке және мүліктік қатынастар туралы, екіншіден, кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа алу) неке және айырылысу туралы конвенцияларын айтуға болады.

1883 жылы өндірістік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясына, 1886 жылы әдебиет және көркем туынды меншігін қорғау туралы Берн конвенциясына қол қойылды. Ұлттар Лигасының қажырлы еңбегі нәтижесінде 1923 жылы арбитраждық ескертпе туралы протоколы, 1927 жылы – шетелдік арбитраж шешімін орындау туралы конвенциясы қабылданды. 1930 жылы векселдік құқық жөнінде Женевада 3 конвенция қабылданды, оның екеуі материалды-құқықтық нормаларлы қамтыды (жай және аударымды векселдік бірыңғай заң туралы Конвенция және гербтік салым туралы Конвенция), 1931 жылы векселдік құқық секілді чектерге қатысты 3 конвенция қабылданды: 1954 жылғы – азаматтық процеске қатысты Гаага конвенциясы, 1961 жылғы ресми құжаттарды заңдастыруға қойылатын талаптарды жою туралы Конвенция, 1964 жылғы халықаралық тауарды сату-сатып алу туралы 2 конвенция және т.б. 1974 жылы БҰҰ шеңберінде құрастырылған халықаралық сату-сатып алудағы арыз беру уақытының ескіруі туралы Конвенция, 1980 жылы – халықаралық тауарды сату-сатып алу шарты туралы Вена конвенциясы, 1988 жылы Римдегі жеке құқықты унификациялау жөніндегі Халықаралық институттың (УНИДРУА) бастамашылығымен халықаралық факторинг және халықаралық қаржылық лизинг туралы Конвенция Оттавада қабылданды. Сонымен қатар, сол жылы Нью-Йоркте ЮНСИТРАЛ жасаған халықаралық аударым және халықаралық жай вексель туралы БҰҰ конвенциясы қабылданып қол қоюға ашық деп жарияланды. Көлік қатынастарын реттеу саласында 1990 жылы 1 ақпанда қауіпті жүктерді автокөлікпен, темір жолмен және ішікі сукөлігімен тасымалдау кезінде келтірілген зияндарды өтеу жөніндегі азаматтық жауапкершілік туралы арнайы Конвенция қабылданды (КГПОГ). Азаматтық құқықтың ұлттық нормаларын унификациялауды халықаралық-құқықтық реттеу өзге де контитенттерде – Латын Америкасы, Азия және Африкада ынтымақтасу үшін жиі қолданылады.1824 жылдан бастап халықаралық жеке құқық бойынша латынамерикалық конгрестер өз қызмет етуінің бастауын алады. 1888-1889 жылдары Монтевидеодағы конгресс жұмысының нәтижесіде халықаралық азаматтық іс жүргізу, авторлық және патенттік құқық, тауарлық белгілер, халықаралық азаматтық құқық және т.б. туралы келісімдерге қол қойылды. 1928 жылы Гаванадағы VI-ші Панамарикалық конференцияда Бустаманте Кодексі қабылданған болатын. Бустаманте кодексі – мүше-мемлекеттердің соттарымен қолданылатын және әрекет ететін жергілікті унификацияланған коллизиялық нормалардың кең көлемдегі кодификациясы. XX ғасырдың 60-жылдары Бустаманте Кодексі бойынша Халықаралық симпозиум құрылды. Бұл – әртүрлі аумақтың мемлекеттері мүше болып табылатын (Польша, Австрия, Египет және т.б) әмбебап үкіметаралық халықаралық ұйым.

Халықаралық коммерциялық, шаруашылық және азаматтық айналым салаларындағы қатынастарға қолданылуға арналған ұлттық азаматтық-құқықтық актілеріндегі унификациялауға жетуге бағытталған шаралардың бірі – қазіргі уақытта мемлекеттермен қолданылатын бірлескен моделдік заңдарды жасау. Бұл тәжірибе ТМД елдерінде көптеп кездеседі. Атап айтқанда, өзінің құрамында халықаралық жеке құқыққа арналған құрылымдық бөлімі қамтылған Моделдік азаматтық кодекс (бөлім дәл солай аталады). Бұл Достастыққа мүше-мемлекеттердің ұлттық құқықшығармашылығын жеңілдету мақсатында, және басқа жағынан оны қолдануды гармонизациялау үшін құрастырылған болатын.

Құқықтық унификациялау әр түрлі тәсілдер мен амалдарды, сондай-ақ әр түрде іске асырылуы мүмкін. Бірыңғай реттеуші ретінде құрылуы керек нормалардың сипатына байланысты унификациялаудың нәтижесін шектеу әдетте қолданылады. Осы критерий негізінде төмендегідей жіктейді:

Коллизиялық нормаларды унификациялау (мысал ретінде неке-отбасы қатынастары саласындағы алғашқы Гаага конвенциялары, жай және аударма вексель заңдарындағы кейбір коллизияларды шешу мақсаты болып табылатын 1930 жылғы Женева конвенциясы, және ұқсас 1931 жылғы чектер туралы конвенция, қозғалатын материалдық заттарды халықаралық сату-сатып алуға қолданылатын құқық туралы 1955 жылғы Гаага конвенциясы, осыған ұқсас тауарларды халықаралық сату-сатып алуға қолданылатын құқық туралы 1985 жылғы Конвенция, 1980 жылғы ЕО елдерімен жасалған шарттық міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы Рим конвенциясы және т.б.);

Материалды-құқықтық нормаларды унификациялау (1974 жылғы тауарларды халықаралық сату-сатып алуда талап-арыз беру уақытының ескіруі туралы БҰҰ Конвенциясы, 1988 жылғы халықаралық жай және аударма вексель туралы БҰҰ Конвенциясы, 1980 жылғы халықаралық сату-сатып алу шарттары туралы Вена Конвенциясы, 1988 жылғы халықаралық қаржы лизингі мен халықаралық факторинг туралы УНИДРУА конвенциясы, 1886 жылғы әдебиет және көркем туынды меншіктерін қорғау туралы Берн конвенциясы, 1883 жылғы өндірістік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясы, 1891 жылғы тауар белгілерін халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі, 1970 жылғы патенттік кооперация туралы Шарт, 1961 жылғы ішкісауда арбитражы туралы Еуропалық конвенция);

Аралас унификациялау, яғни бір унификацияланған актіде бірыңғай коллизиялық және материалды-құқықтық нормаларды қамту (1968/1988 жылдардағы СЭВ-қа мүше мемлекеттердің шаруашылық ұйымдарымен тауарды жеткізудің ортақ шарттары, 1985 жылғы сенімхат пен оларды бекітуге қолданылатын құқық туралы Конвенция, 1991 жылғы халықаралық саудада көліктік терминалдардың операторларының жауапкершілігі туралы БҰҰ Конвенциясы және т.б.).

4. Коллизиялық нормалардың түсінігі, құрылымы және түрлері

Коллизиялық норма – шетел элементімен күрделенген құқықтық қатынасқа қай мемлекеттің құқығы қолданылуға тиіс екендігін анықтайтын норма. Мысалы, ресей сотында РФ азаматшасы мен Алжир азаматы арасындағы Францияда жасалған некеден туылған балаға алимент төлеу мәселесі қарастырылды. Судья алименттік талаптардың дұрыстығы туралы мәселені шеше отырып ең алдымен РФ территориясында Францияда жасалған неке танылуы мүмкін бе, қандай мемлекеттің заңнамасымен неке жасалды және алименттік міндеттемелерді қарастыру үшін қандай заң қолданылуы керек екендігін шешуі тиіс. Мұндай жағдайда дауды шешуші мекеме коллизиялық құқықты басшылыққа алады. Осыдан оның негізгі ерекшелігі шығады: коллизиялық құқық құқықтық қатынастағы тараптардың құқықтары мен міндеттері қандай деген сұраққа жауап бермейді, тек қана сол құқықтар мен міндеттерді анықтайтын құқық тәртібін көрсетеді. Екінші ерекшелігі сілтеме нормасы ретінде ол сілтеме жасайтын материалдық жеке құқықтық нормалармен қолданылады. Яғни коллизиялық норма құқық қолданушыға тиісінше құқықтық жүйедегі материалды нормаға сілтеме жасай отырып, реттелетін қатынастарды мәні бойынша шешпейді. Коллизиялық норма сілтеме сипатында болғандықтан оны тек қана сілтеме жасайтын қандай да бір материалдық нормалармен, яғни белгілі мәселені шешетін заң нормаларымен басшылыққа алуға болады. Коллизиялық нормалардың құрылымы. Коллизиялық нормалар халықаралық жеке құқықта қолданылатын неғұрлым күрделі нормалар болып табылады. Олардың ерекшелігін анықтау үшін тұтастай өзгешеліктерге ие коллизиялық норманың құрылымын қарастыру қажет. Әрбір коллизиялық норма екі элементтен тұрады: көлем және байлам. Коллизиялық норманың көлемі шетел элементімен күрделенген жеке құқықтық қатынастың түрін көрсетеді; байлам – нақты құқықтық қатынасқа қолданылуға жататын құқыққа сілтеме. «Мұрагерлік бойынша қатынастар мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жері болған елдің құқығы бойынша анықталады»деген коллизиялық нормада норманың көлемі «мұрагерлік бойынша қатынастар», ал оның байламы мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұратын жері критериінде анықталады. Коллизиялық норманың мұндай екі мүшелік құрылымы гипотеза және диспозициядан тұратын құқықтық норманың құрылымына сәйкес келеді. Коллизиялық норманың үшінші элементі санкция деп аталады. Мысалы, тараптардың құқықты таңдау туралы келісімін жарамсыз деп тану, келген залалдың орнын толтыру және т.б. Гипотеза – норманың қолданылатын жағдайын көрсететін норманың бөлігі, яғни фактілік жағдай, диспозиция гипотезада көрсетілген жағдайда орын алатын заңи салдарды көрсететін норманың бөлігі. Коллизиялық норманың екінші негізгі элементі қарастырылып отырған қатынасқа немесе олардың тобына қолдануға жататын елдің құқығын көрсететін байлам. Бұл коллизиялық құқықтың маңызды элементі және қолданылатын құқық құқықтық реттеудің түпкілікті нәтижелерін анықтайды. Көптеген мемлекеттерде бір құқықтық қатынастың реттелуі әртүрлі болғандықтан, құқық қолданушы арқылы қай елдің құқығының қолданылуы істің мәніне байланысты. Коллизиялық нормаларды жіктеу. Коллизиялық нормаларды жіктеу объективті критерий бойынша анықталады. Кең таралғаны коллизиялық байлам бойынша жіктеу. Осы белгі бойынша екі жақты және көп жақты коллизиялық нормаларды ажыратады. Бір жақтыда – байлам қолданылатын елдің құқығын нақты көрсетеді. Біржақты норма өз мемлекетінің құқығын қолдануды көрсетеді. Мысалы, РФ АК 1224-бабының 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, РФ мемлекеттік реестріне енгізілген мүліктерді мұраға алу бойынша істер ресей заңнамасы бойынша анықталады деп көрсетілген. Бұл норманың көлемі РФ мемлекеттік реестріне енгізілген мүліктерді мұраға алуға байланысты қатынастар, ал байлам тікелей ресей құқығын қолдануды көрсетіп отырғандықтан, біржақты болып табылады. Алайда біржақты коллизиялық нормалар тәжірибеде туындайтын көпжақты мәселелерді қамти алмауы мүмкін. Бұл жағдайда біржақты норманы талқылау арқылы екіжақты норманы қалыптастыруға болады.

Заң шығарушының еркін білдіру формасы бойынша коллизиялық норманы императивті, диспозитивті және альтернативті деп бөлуге болады. Императивті нормалар – құқықты таңдауға қатысты үзілді-кесілді ұйғарымды бекітетін және жеке құқықтық қатынастың тараптары арқылы өзгертіле алмайтын нормалар. Диспозитивті нормалар – құқық таңдау туралы тараптарға мүмкіндік бере отырып оны өзге ережелермен орнын басуға мүмкіндік беретін нормалар. Диспозитивтілік «тараптар істей алады», «атараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе» деген тіркестерден көрінеді.

Альтернативті норма – жеке құқықтық қатынасқа құқықты таңдау бойынша бірнеше ережелерді ескереді. Құқық қолданушы органдар және тараптар олардың кез-келгенін қолдана алады. Бұл жағдайда жеке құқықтық қатынас бекітілген ережелердің біреуімен жарамды болып табылса болды. Мысалы, ҚР АК 1104-бабы бойынша мәміленің нысаны ол жасалған жердің құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәміле, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанның сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды делінген. Бұл жағдайда коллизиялық норманың көлемі ретінде «мәміле формасы»танылады. Оған екі альтернативті байлам көрсетілген: біріншіден, мәмілені жасау жері және екіншіден Қазақстан құқығы.

Альтернативті нормалар өз кезегінде альтернативтілік арасындағы байланыстың сипатына қарай бөлінеді. Жай альтернативті коллизиялық норма – альтернативті байламдары әртүрлі, олардың кез-келгені қолданылуы мүмкін; әдетте олар «немесе» деген жалғаумен жалғанады. Күрделі альтернативті коллизиялық норма – онда альтернативті байламдар өзара бағынышты. Бұл жағдайда басты нормалар – жалпы бірінші кезекте презумпциялық түрде қолданылатын және субсидиарлы нормалар – егер басты нормаларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда қолданылатын нормалар пайда болады. Мысал ретінде жоғарыда аталған 1104-бапты келтіруге болады. Бірінші байлам «жасалған жердің құқығы» бұл бір мезетте басты ереже, өйткені ол ең алдымен қолдануға жатады. Ал екінші байлам «Қазақстанның құқығы» - альтернативті және бір мезетте субсидиарлы ереже, өйткені ол басты норма құқықты таңдау туралы мәселені шешуде жеткіліксіз болып табылатын жағдайда қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]