
- •1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.
- •3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.
- •5. Коллизиялық норманың заңи түсінігінің дәрежеленуі. Алдын ала коллизиялық мәселе.
- •6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.
- •7. Үшінші елдің құқығына кері сілтеме және сілтеме.
- •8. Жария тәртіп туралы ескертпе, халықаралық жеке құқықтағы императивтік нормаларды қолдану және заңды айналып өту.
- •9. Халықаралық жеке құқықтағы өзаралық және реторсиялар (материалдық, процессуалдық, коллизиялық қырлары).
- •10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.
- •19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер
- •20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.
- •22.Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.
- •23.Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •24.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
- •25.Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.
- •27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты германдық, француздық және ағылшындық жүйемен анықтау. Қазақстандық аіжк қарастырылатын ережелер.
- •28.Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.
- •30.Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.
- •31.Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.
- •32.Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).
- •33.Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).
- •34.Шетелдік сот тапсырысын орындау.
- •35.Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.
- •36.«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі.
34.Шетелдік сот тапсырысын орындау.
Шетелдік сот тапсырысын орындау көбінесе тапсырыс беретін мемлекеттің заңнамасы бойынша құжаттарды беру, қайта беру (пересылка) , дәлелдемелерді жіберу. Бұл қылмыстық, азаматтық, неке отбасылық процессуалдық істер бойынша жүзеге асырылады. Құқықтық көмек көрсетуді сұрау тапсырыс беретін тараптың тілінде болады. Бірақ бланктерді екі тідле де жасауға болады. Кейде әділет министрлігі қылмыстық пен азаматтық істер кезінде азаматтардың мекен жайын, аты жөнін өз территориясында тауып, хабарламаларды жібереді. Әсіресе көмек көрсету нысаны процессуалдық істер халықаралық деңгейде болған жағдайда тез арада жасалады. Олар сот тапсырыс жүзінде атқарылады. Әлемдік практикада сот тапсырыстар мемлекеттердің арасына халықралық шарттарды орнату тәсілімен жүзеге асырылады. Көптеген Еуропалық мемлекеттер, АҚШ сондай шарттар жасасты. 1965 ж. азаматтық істер бойынша сот тапсырысын орындау мен соттан тыс құжаттарды беру туралы Гаага конвенциясы, ТМД мемлекеттердің арасында 1995 ж. азаматтық, қылмыстық, неке отбасылық істер бойынша өзара көмек көрсету келісімшарттары кіреді. 1965 ж. мен 1970 жж. Гаага конвенцияға қатысушылар тым өсті, олар Еуропа аймағынан тыс болды. Диломатиялық каналдан құжаттарды жіберуден басқа, конвенцияға қол қойған мемлекет қарсылық білдірмесе, шет мемлекеттегідипломатиялы, консулдық өкілдіктің тұлғаларына тиісті құжаттарды беру мүмкіндігі.
35.Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.
Көптеген арбитраждық регламенттер, сондай-ақ, көптеген арбитраждық келісімдер арбитраждық шешімдерді тараптар ерікті түрде орындауы тиіс дейтін ережеден тұрады. Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайларда осылай болады да. Арбитражда жеңілген тарап іске шынайы тұрғыда қарап, егер ол бұл шешімге байланысты сотқа шағымданса да, ештеңе өзгермейтініне көз жеткізуі мүмкін, өйткені арбитраждық шешімдерді орындаудан бас тартуға арналған негіздер санаулы ғана тұжырымдалған. Ол шешімді ерікті түрде орындаудан бас тарту оларды жақсылыққа апармайтындығын түсініп, іскерлік қатынастарды жалғастыруға ұмтылуы мүмкін. Сонымен қатар, арбитраждық шешімді «ерікті түрде» орындауға тарап саяси немесе экономикалық қысымның әсерімен немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіру, соған сай, әсіресе, арбитраждық шешімді орындамау туралы ақпарат сауда немесе өнеркәсіп ассоциациялары мүшелерінің арасында таралған жағдайда алдағы уақытта келісімшарттарды жоғалту қаупінен мәжбүр болуы мүмкін. Бұндай жағдайларда ең қарапайым, тіпті, кейде ең арзан жол – бұл органдарды еш араластырмай, шешімді ерікті түрде орындау.
Егер шешім өзіне қарсы шығарылған тарап оны ерікті түрде орындаудан бас тартатын болса, Нью-Йорк конвенциясының 5 бабында, басқа да халықаралық келісімдер мен тиісті елдің ішкі арбитраждық заңында қарастырылған мәжбүрлі түрде орындату механизмі күшіне енеді. Қазақстан Республикасында – бұл ХСА туралы Заңның 32 және 33 баптары. Беделді шетелдік мамандар келтірген мәліметтер бойынша, арбитраждық шешімдердің орындалу деңгейі өте жоғары: ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде, яғни, сотқа немесе басқа органға жүгіну арқылы. Мысалы, халықаралық арбитраждық шешімдердің 98%-ы орындалады. Бұл жерде жағдайлардың шамамен бес пайызында соттар арбитраждық шешімдерді орындаудан бас тартады.
Әр түрлі елдерде шетелдік арбитраждық шешімдерді жүзеге асыртудың әр түрлі тәртібі бар, олардың барлығын төрт негізгі модельге біріктіруге болады:
1) шешімді сотта немесе басқа компетентті органдарда депонирлеу немесе тіркеу, осыдан кейін ол жергілікті соттың шешімі сияқты орындалады;
2) арбитраждық шешімді депозитке бермей және тіркемей-ақ тікелей орындау. Ол үшін соттың орындауға рұқсат етуі талап етілуі мүмкін;
3) сотқа шешімді тану мен орындау туралы өтінішпен жүгіну (экзекватура);
4) сот қорғауына тиесілі арыз болу дәлелі ретіндегі арбитраждық шешімнің негізінде сотқа шағым түсіру , бірақ, шешім кредиторы арбитраждық шешімнің жарамды болып табылатындығын және жарамды арбитраждық келісімнің негізінде шығарылғандығын дәлелдеуі тиіс. Ол үшін соттың арбитраждық шешімді мәні бойынша қайта қарастыруы талап етілуі мүмкін. Соттың қайта қарауына басқа ешбір тәсілді қолдану мүмкін болмаған жағдайда жүгінеді.
ЮНСИТРАЛ Типтік заңы шетелдік арбитраждық шешімдерді тану мен орындау мәселелеріне соңғы екі 35 және 36 баптарды арнайды. Олар сөзбе-сөз болмаса да, айтарлықтай дәрежеде Нью-Йорк конвенциясының 4 және 5 баптарында қарастырылған шарттарды қайталайды. Типтік заң шешімді жүзеге асыру үшін негізгі процессуалдық ережелерді белгілейді. Олар қарапайым және тек компетентті сотқа тиісті өтінішті арбитраждық шешімнің және арбитраждық келісімнің көшірмелерімен бірге беруді ғана талап етді.
Арбитраждық шешімді мойындау мен орындау шарты компетентті сотқа Нью-Йорк конвенциясының 4 бабының 1 тармағында қарастырылған құжаттарды тапсыру болып табылады. Оларды арбитраждық шешімді орындауды сұраған тарап өткізеді және олар төмендегі құжаттардан тұрады:
1) тиісті деңгейде куәландырылған арбитраждық шешімнің түп нұсқасы немесе оның тиісті деңгейде куәландырылған көшірмесі;
2) арбитраждық келісімнің түп нұсқасы немесе оның тиісті деңгейде куәландырылған көшірмесі.
Арбитраждық шешім кредиторының міндеттері осы құжаттарды тапсырумен шектеледі. Соттың одан ешқандай басқа құжаттар талап етуге құқығы жоқ.
Мерзім мәселесі, яғни, тараптың арбитраждық шешімді орындау туралы өтінішпен жүгінуіне рұқсат етілетін уақыт шегі де айтарлықтай қиындық туғызуы мүмкін. Нью-Йорк конвенциясы бұл тұрғыда ештеңе айтпайды, оны қатысушы елдердің өз еркіне қалдырады. Бірақ, олардың бағыттары да біркелкі емес. Мысалы, бір елдерде арбитраждық шешім шексіз «әрекет етеді» және кез-келген уақытта орындау талап етілуі мүмкін, ал екінші бір елдерде заң ол үшін арнайы мерзім белгілейді, үшіншіден шешімді орындау мерзімі арыздың ескіру мерзіміне кіреді.
Қазақстан Республикасында АПК 241-1 бабының 3 тармағы бойынша, орындау қағазын беру туралы өтініш төрелік соттың шешімін ерікті түрде орындау үшін белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап 3 жылдан кешіктірмей берілуі мүмкін [99, 8 б]. Қырғыз Республикасында 1999 ж. 24 қарашадағы ҚР АПК 436 бабының 2тармағы, 441 бабының 1 тармағына сәйкес шетелдік төрелік соттың, халықаралық төрелік соттың шешімі оның заңды күшіне енген күнінен бастап 3 жылдың ішінде мәжбүрлі түрде орындауды талап етеді.
Қазақстан Республикасы территориясында арбитраждық шешімдерді тану мен орындау туралы мәселені қарастыра келе, төмендегі жайттарды нақты ажырату қажет:
Қазақстан Республикасында шетелдік арбитраждық шешімдерді тану және орындау;
Қазақстан Республикасында халықаралық коммерциялық арбитраждарының оның территориясында шығарған шешімдерін орындау.
Шетелдік арбитраждық шешімдердің қатарына халықаралық коммерциялық арбитраждарының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарған шешімдері жатады.
Қазігі уақытта шетелдік арбитраждық шешімдерді мойындау мен жүзеге асыру Қазақстан Республикасында ХСА туралы Заңның, АПК-тің, «Сот орындаушыларының орындау ісін жүргізу мен статусы туралы» Заңның және 1958ж. Нью-Йорк конвенциясының негізінде жүзеге асырылады.