
- •1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.
- •3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.
- •5. Коллизиялық норманың заңи түсінігінің дәрежеленуі. Алдын ала коллизиялық мәселе.
- •6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.
- •7. Үшінші елдің құқығына кері сілтеме және сілтеме.
- •8. Жария тәртіп туралы ескертпе, халықаралық жеке құқықтағы императивтік нормаларды қолдану және заңды айналып өту.
- •9. Халықаралық жеке құқықтағы өзаралық және реторсиялар (материалдық, процессуалдық, коллизиялық қырлары).
- •10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.
- •19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер
- •20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.
- •22.Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.
- •23.Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •24.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
- •25.Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.
- •27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты германдық, француздық және ағылшындық жүйемен анықтау. Қазақстандық аіжк қарастырылатын ережелер.
- •28.Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.
- •30.Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.
- •31.Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.
- •32.Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).
- •33.Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).
- •34.Шетелдік сот тапсырысын орындау.
- •35.Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.
- •36.«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі.
32.Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).
Арбитраждық қарауға өз еркімен жүгіну принципі халықаралық сауда арбитражының негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Дау Арбитраждың қарауына тек тараптар арасында анық арбитраждық келісім болған кезде ғана беріле алады. Арбитраждық келісім немесе ескерту – халықаралық сауда келісімшартын құрайтын маңызды келісімдердің бірі, мысалы, тауардың сапасы немесе оны жеткізу мерзімі туралы шарттың маңыздылығы қаншалық болса, оның маңыздылығы да одан кем түспейді.
Арбитраждық ескертуді құрастыру кезінде ескерілуі тиіс негізгі сәттердің ішінен төмендегілерді көрсетуге болады.
Қажетті элементтер:
1) арбитраждың түрі (институттық арбитраждың дұрыс атауын қоса көрсету, егер тараптар арбитраждың осы түрін таңдаған болса);
арбитраждың қарауына берілетін даулардың аясы;
арбитраждың орны (ad hoc арбитраждық түсінігіндегі).
Арбитраждық түсінікте болуы және ұсынылуы тиіс элементтер:
- арбитрлардың саны, олардың ұлты мен біліктілікке қойылатын талаптар;
- даудың мәніне қолданылатын құқық;
- арбитраждық қараудың тілі;
- арбитраждық келісімге қолданылатын құқық.
Арбитраждық ескертуде келісімшарттың спецификасы, тараптардың қатынастары және арбитраждың түрі сияқты факторларға тәуелді түрде болуы мүмкін элементтер:
1) процедура ережесі;
арбитрлардың дауды әділетті түрде немесе достық делдалдар ретінде (құқық нормаларын орындамау мүмкіндігі) шешу өкілдігі;;
басқа да мәселелер (арбитраждық шешімге дау айту мүмкіндіктерін болдырмау туралы түсінік, арбитраждық шығындарды бөлу тәртібі және т.с.с. Бұл элементтер процессуалдық нормаға жатады. Бұл процесс тәртібі арбитраж сотында ескертуді жасауға көмекетеседі. Арбитраждық келісімшарт ескерду жасаудан тұрады. Бұл ескерту арқылы тараптар өз дауларын шеше алады.
33.Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).
Келісімшартқа белгілі бір Құқықты қолдану туралы шартты енгізудің маңыздылығы бұл құқықтың келісімшартта басқа нұсқаулар болмаған кезде арбитраждық ескертудің жарамдылығын, әрекет ету аясын және салдарларын анықтайтындығымен сипатталады. Арбитражда асып кеткенде құқықтың бес
әр түрлі жүйесі әрекет етуі мүмкін:
тараптардың әрекет қабілеттілігін анықтайтын құқық;
арбитраждық келісімнің жарамдылығын анықтайтын құқық;
арбитраждық процесті реттейтін құқық (lex arbitri);
даудың мәніне қолданылатын құқық;
егер қолданылатын материалдық құқыққа қатысты дау орын алса, онда дауды шешуге сәйес құқық (коллизиялық нормалар).
Арбитраж бір тарапты екінші тараптың мекен жайына жіберуден, не болмаса институттық арбитражда арбитраж туралы өтінішті арбитраждық мекеменің мекенжайына жолдаудан басталады. Өз кезегінде, арбитраж туралы өтініш толық көрсетілген талап (шағым) өтініш, я болмаса қолданылатын регламентке байланысты тек негізгі тұстарды – тараптардың атауын, даудың тақырыбын және шағымданушының жалпы талаптары мазмұндалған, арбитраж жүргізу туралы жалпы талап болуы мүмкін. Арбитраж туралы өтініш талап (шағым) өтінішпен сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін. Бұл кейбір арбитраждық регламенттердің арбитражды бастаудың «екі сатылы» процедурасын қарастыратындығына байланысты, яғни, тарап әуелі даулы істің мәні мен қоятын талаптары тек жалпы мазмұндалған арбитраж туралы өтінішті жолдайды, ал кейін талап (өтініш) толығымен, егжей-тегжейлі жіберіледі.
Кейбір жағдайларда шағым өтініш шағымданушының тараптардың келісімде қарастырылған дауларды реттеудің «арбитражға дейінгі» тәртібін сақтамау себебінен арбитражда қабылданбауы және қарастырылмауы мүмкін. Мысалы, құрылыс келісімшарттарында техникалық сипаттағы барлық даулардың әуелі инженерге немесе архитекторға жіберілетіндігі, тек содан кейін, егер тараптардың бірі шығарылған шешімге қанағаттанбаған жағдайда ғана, даудың арбитражға берілетіндігі туралы шарттар көптеп кездеседі.
Ескіру мерзімі туралы айтқанда, бірқатар жағдайларда 1974 жылдың 11 сәуіріндегі тауарларды халықаралық сатып алу-сатудағы ескіру мерзімі туралы Конвенция қолданылатындығын ескеру қажет, Қазақстан Республикасы сол Конвенцияға қатыспайды. Солай бола тұрса да, оған қосылған мемлекеттерде бұл конвенцияның нормаларын ішкі заң бөлігі құрайды. Егер тараптар өзінің келісімшартында осындай мемлекеттің құқығын қолданатындығы туралы келіскен болса, арбитраж бұл конвенцияның нормаларын да ескіру мерзіміне қатысты қолданатын болады.
Арбитраждық қараудың ең басында-ақ шешілуі тиіс бірқатар мәселелер бар. Оларға ең алдымен, арбитраж құрамының компетенциясы, қолданылатын материалдық құқықты таңдау, ескіру мерзімі, жауапкершілік және шығындардың орнын толтыру мәселелерін шектеу мен басқа да мәселелер. Осы мәселелер бойынша шешім қабылдамайынша, арбитраж бірқатар жағдайларда өз жұмысын ары қарай жалғастыра алмайды.
Барлық дерлік арбитрлық регламенттер дауларды тараптардың келтірген құжаттарының негізінде қарастыру мүмкіндігін ескергенмен, халықаралық сауда арбитраждарының көпшілігі ауызша сатыдан – істі тыңдаудан өтеді. Ол кез-келген тараптың талабы бойынша, сондай-ақ, арбитраж құрамының өз ынта білдіруі бойынша орын алуы мүмкін. Кейбір арбитраждық регламенттер қажет болған жағдайда істі тыңдауды кері шегеруге рұқсат етеді, мысалы, арбитрлар сараптама тағайындаған жағдайда немесе істі тыңдау барысында жаңа дәлелдер анықталып, оны келтіру үшін тараптарға уақыт қажет болған жағдайда.