
- •1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.
- •3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.
- •5. Коллизиялық норманың заңи түсінігінің дәрежеленуі. Алдын ала коллизиялық мәселе.
- •6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.
- •7. Үшінші елдің құқығына кері сілтеме және сілтеме.
- •8. Жария тәртіп туралы ескертпе, халықаралық жеке құқықтағы императивтік нормаларды қолдану және заңды айналып өту.
- •9. Халықаралық жеке құқықтағы өзаралық және реторсиялар (материалдық, процессуалдық, коллизиялық қырлары).
- •10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.
- •19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер
- •20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.
- •22.Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.
- •23.Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •24.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
- •25.Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.
- •27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты германдық, француздық және ағылшындық жүйемен анықтау. Қазақстандық аіжк қарастырылатын ережелер.
- •28.Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.
- •30.Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.
- •31.Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.
- •32.Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).
- •33.Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).
- •34.Шетелдік сот тапсырысын орындау.
- •35.Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.
- •36.«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі.
30.Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.
Шетелдік сот шешімдерін тану мен орындау тиісті сол мемлекеттің заңнамасы бойынша немесе халықаралық шарттарға қатысуымен байланысты. Мемлекеттің территориясында басқа мемлекеттің сот шешімін тану ол ссол шешмнің заңдылық қағидасын көрсетеді. Сол шешімдерінің типіне қрамастан мыс. ажырасу немесе қайтыс болды деп тану бұл шешімдері орындалады. Оған мысал ретінде көптеген аймақтық және халықаралық шарттар кіреді. 1992 ж. ТМД мемлекеттердің арасында жасалған келісімшарттар. ҚР Конституциясында халықаралық шарттарды тану мен орындау туралы жазылған.
ЮНСИТРАЛ Типтік заңы шетелдік арбитраждық шешімдерді тану мен орындау мәселелеріне соңғы екі 35 және 36 баптарды арнайды. Олар сөзбе-сөз болмаса да, айтарлықтай дәрежеде Нью-Йорк конвенциясының 4 және 5 баптарында қарастырылған шарттарды қайталайды. Типтік заң шешімді жүзеге асыру үшін негізгі процессуалдық ережелерді белгілейді. Олар қарапайым және тек компетентті сотқа тиісті өтінішті арбитраждық шешімнің және арбитраждық келісімнің көшірмелерімен бірге беруді ғана талап етді. Қазақстан Республикасында АПК 241-1 бабының 3 тармағы бойынша, орындау қағазын беру туралы өтініш төрелік соттың шешімін ерікті түрде орындау үшін белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап 3 жылдан кешіктірмей берілуі мүмкін. Қырғыз Республикасында 1999 ж. 24 қарашадағы ҚР АПК 436 бабының 2тармағы, 441 бабының 1 тармағына сәйкес шетелдік төрелік соттың, халықаралық төрелік соттың шешімі оның заңды күшіне енген күнінен бастап 3 жылдың ішінде мәжбүрлі түрде орындауды талап етеді.
ҚР АПК 425 бабы мен «Сот орындауды жүргізетін мен сот орындаушылардың статусы туралы» ҚР Заңының 80 бабында Қазақстан Республикасында шетелдік соттар мен арбитраждардың шешімдерін орындау тәртібі осы заң актілерімен қатар, Қазақстан қатысатын тиісті халықаралық келісімшарттармен анықталатындығы бекітілген. Бұған сөз жоқ, Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттар мен келісімдер кіреді. Нью-Йорк конвенциясымен қатар бұл тізімге ТМД елдерінің азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Конвенциясы (Кишинев қаласы, 7 қазан 2002 ж.), ТМД елдерінің шаруашылық іс-әрекетті жүзеге асырумен байланысты дауларды шешу тәртібі туралы Келісімі (Киев қаласы, 20 наурыз 1992 ж.) [104, 114-118 б], ТМД мемлекеттері территорияларында арбитраждық, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара жүзеге асыру тәртібі туралы Келісім (Мәскеу қаласы, 6 наурыз 1998 ж.) [105, 384-390 б], сондай-ақ, шетелдік арбитраждық шешімдерді өзара мойындау мен жүзеге асыру туралы шарттардан тұратын өзара құқықтық көмек көрсету туралы, ақша қаражатын жұмсауды өзара қорғау туралы және т.б. бірқатар екі жақты келісімдер кіруі мүмкін.
31.Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.
Тараптар келіссөздер жүргізгеннен кейін де олардың арасында болашақта даулар туындауы мүмкін екендігін ойламайды. Оның үстіне сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылар арасында даулардың туындауы сөзсіз. Тіпті тараптар орындауға тиісті міндеттемелерді барынша қамтамасыз етуге тырысса да, олардың орындалмай қалуы міндетті түрде орын алуы мүмкін. Сол кезде міндеттемесі орындалмаған тарап сәйкесінше компенсация өндіруге тырысады. Мұндай жағдайларда көптеген елдерде жәбірленуші тараптың мүдделерін қорғайтын және оның бұзылған құқығын қайта қалпына келтіруге кепіл болатын ұлттық сот және құқықтық жүйелер іске көшеді.
Кейбір авторлар «халықаралық коммерциялық арбитраж – бұл, халықаралық экономикалық ынтымақтасу процесінде туындайтын дауларды шешудің басым тәсілі» деп санайды.
Келісімшарт теориясының шеңберінде екі классикалық тұрғы қалыптасты: біріншіден, арбитраж бен арбитраждық шешім тараптардың сұранысы бойынша арбитрлар жасасқан ерекше түрдегі шарт, келісім ретінде бағаланады; екіншіден, арбитраждық шешім – бұл, бейбіт шешім.
Халықаралық тәжірибеде «төрелік сот» пен «арбитраж» терминдері синоним ретінде қолданылады. Ағылшын тілінен аударғанда «Төрелік сот» «Арбитраждық сот» деп аударылады.
ҚР заңында да арбитраждық сот туралы келісімнің құқықтық салдарлары туралы осындай ережелер АК-де, АПК-те, ХСА туралы Заңда бекітілген. Сонымен қатар, арбитраждық келісімдерді мойындаумен байланысты ережелер Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімшарттардан туындайды, атап айтсақ, шетелдік арбитраждық шешімдерді мойындау мен орындау туралы БҰҰ Конвенциясы (Нью-Йорк, 1958 г.), мемлекеттер мен шетелдік тұлғалар арасындағы инвестициялық дауларды шешу туралы Конвенция (Вашингтон, 1965 г.) және сыртқы сауда арбитражы туралы Еуропалық Конвенция (Женева, 1961 г.). Арбитраждық сотқа қатысты жаңа ретте у қабылдау кезіндегі заң шығарушының позициясы оның ұлттық құқық жүйесінің элементі ретінде арбитраждың ары қарай дамуына қызығушылық таныту немесе танытпауымен анықталатындығы сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Заңын, атап айтсақ, ХСА туралы Заң [24] арбитраждық соттың екі түрін қарастырады – тұрақты әрекет етуші (институциялық арбитраж) және нақты істі шешу үшін тараптар құрған, «ad hoc» (латын тілінен аударғанда аd hoc — «тек қана осы жағдай үшін» деп аталатын соттар, бірақ мәні жағынан олардың арасында ешқандай айырмашылықты көрсетпейді.
Арбитраждық келісімшарт дегеніміз мүдделі тұлғалар арасында осы тұлғалардың жасасқан қандай да бір материалдық келісімшартын орындау немесе түсіндіруге байланысты туындауы мүмкін дауларды арбитраждың қарауына беру туралы келісімге келулеріне сәйкес өз бетінше келісім жасау болып табылады. Егер арбитраждық келісімшарт тараптардың арасында туындаған немесе алдағы уақытта туындауы мүмкін барлық даулар арбитраждық сотқа берілуге тиісті дегенді ескерсе, мұндай келісімшарт compromissum plenum (бас арбитраждық (генералды) келісімшарт) деп аталады. Әр түрлі мемлекеттерде және әр түрлі тарихи дәуірлерде бас арбитраждық келісімшарт өте кең таралды. Бірақ ҚР қазіргі заңының жағдайларында Бас арбитраждық келісісшарт жасау мүмкіндігі таласты сипатқа ие, өйткені заң арбитраждық соттың қарауына берілетін даулы құқықтық қатынастарды нақтылауды талап етеді. Кері жағдайда тиісті арбитраждық келісімді сот органдары жарамсыз деп тануы мүмкін.
Арбитраждық ескерту немесе арбитраж туралы ескерту (clause compromissoire) – бұл негізгі келісімшарттың мәтініне енген, тараптардың материалдық-құқықтық қатынастарын реттейтін, келешекте аталмыш келісімшартқа байланысты туындауы мүмкін дауларды арбитраждық қарау туралы шарт.