
- •1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.
- •3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.
- •5. Коллизиялық норманың заңи түсінігінің дәрежеленуі. Алдын ала коллизиялық мәселе.
- •6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.
- •7. Үшінші елдің құқығына кері сілтеме және сілтеме.
- •8. Жария тәртіп туралы ескертпе, халықаралық жеке құқықтағы императивтік нормаларды қолдану және заңды айналып өту.
- •9. Халықаралық жеке құқықтағы өзаралық және реторсиялар (материалдық, процессуалдық, коллизиялық қырлары).
- •10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.
- •19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер
- •20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.
- •22.Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.
- •23.Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •24.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
- •25.Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.
- •27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты германдық, француздық және ағылшындық жүйемен анықтау. Қазақстандық аіжк қарастырылатын ережелер.
- •28.Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.
- •30.Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.
- •31.Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.
- •32.Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).
- •33.Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).
- •34.Шетелдік сот тапсырысын орындау.
- •35.Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.
- •36.«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі.
27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты германдық, француздық және ағылшындық жүйемен анықтау. Қазақстандық аіжк қарастырылатын ережелер.
Соттың құзыреті дегеніміз – қандай да бір даулы істер бойынша мемлекеттегі соттың сол істі қарастыруға құқығы. Ол халықаралық соттылықпен тікелей байланысты. Халықаралық соттылық - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық соттарының шетел элементімен шиеленіскен азаматтық істерді шешуге байланысты құзыреттілігін анықтауды жіктеу . Соттың құзыреттілігінің шегі мен оның реттеу салаларын анықтау жалпы алғанда мемлекетпен егеменді түрде яғни басқа мемлекеттерден тәуелсіз анықталады.
Халықаралық соттылықты анықтаудың әртүрлі мемлекеттерде критерийі сан қилы. Оның ең тараған түрлері болып:
соттылықты азаматтық негізінде немесе соттағы тарап негізінде анықтау
actor sequitur forum rei – соттылықты жауапкердің тұрғылықты жері бойынша анықтау.
тиісті мемлекетте жауапкердің мүлкінің болуы немесе жеке жауапкердің мемлекет аумағында болуы.
forum rei sitae – даулы заттың қай жерде орналасуына байланысты
тиісті мемлекетпен даулы істің басқа да бір байланысы: талапкердің тұрғылықты жері, деликт бойынша зиян келтірілген жер, шарттың іске асу орны.
Әлемдік тәжірибеде соттық және басқа да құзыретті органдардың құзыретінің шегі мен реттеу саласын анықтайтын бірнеше критерийлер қалыптасты. Осыған байланысты соттылықты анықтаудың негізгі 3 жүйесі бар: франко-романдық немесе латындық, германдық және ортақ құқық жүйесі. Романдық жүйені қолданушылар болып Франция және соның жолын қуған мемлекеттер яғни 1804ж. Наполеон Кодексін және француз 1806ж. АІЖК қабылдаған мемлекеттер жатады(Франция, Италия и др.)
Бұл жүйе б/ша соттылық тараптардың азаматтығы негізінде анықталады. Яғни, Францияның АК 14,15 б сәйкес «Франция территориясында емес шетел азаматы Францияда французбен жасалған келісімдерін, міндеттір орындау үшін француз сотына шақырыла алады. Яғни, бір мемлекеттің соты франко-роман жүйесі б/ша өзін сол істі қарастыруғы құзіретті деп шешу үшін дау жасалған жеріне қарамастан сол мемлекеттің азаматымен жасалса жеткілікті.
Германдық жүйе 1877ж. Азаматтық сот ісін жүргізу Жарғысына негізделген, ол Европаның материктік бөлігі мен басқа да континенттерде (оның ішінде Жапониямен және Латын Америка елдері) қабылданған. Соңғы жүйеге англо – американдық құқықтың өкілдері (common law) жатады.
Бұл жағдайда соттылықты анықтау ішкі территориялық соттылыққа бағынады, жауапкердің тұрақты жері н/е мүлкі орналасқан жері б/ша(өте сирек жағдайда талапкердің). Егер жауапкер бірнешеу болса н/е әр түрлі мемлекетте тұрып жатса, тұрғылықты жеріб/ша сотты таңдау талапкер құқылы. Мемлекеттердің ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, талап арызды тұрғылықты жері емес, жауапкер н/е талапкердің келген жеріне(по месту пребывания) беруге болады. Герман жүйесі б/ша заңды тұлғалардың домицилийі негізінен оның әкімшілік орталығы орналасқан жер болып саналады.
Ағылшын-американ жүйесі негізінен ортақ құқық елдерінде қолданады. (Великобритания, США и др.). Бұл жүйеге сәйкес, соттылық жауапкер сот елінің территориясында болуымен анықталады(кең мағынада).
Ағылшын сотының құзіреттілігі шетелдіктер үшін егер олар Ұлыбритания территориясында болса таралады. Шетелдіктердің Британ территориясында болуы ерікті түрде болуы тиіс, алдап, қорқытып әкелуге тыйым салынады. Common law істерді екіге бөледі:1)in personan (тұлғаларға б/ты) істер б/ша – жауапкерге сотқа шақыру парағын н/е іс қозғалғаны туралы хабарлайтын басқа да құжат табыстау мүмкіндігіне б/ты. Бұндай табыстау жауапкерге талапкермен н/е өкілімен жеке табысталса н/е қажетті процедура сақтай отырып, почтамен жібірілсе дұрыс деп саналады; 2) in rem (заттарға б/ты істер б/ша) – жауапкер болып табылатын заттың орналасқан жері б/ша. Ашылшынсотының шетел заңды тұлғаларына құзіреті:1)олар Ұлыбританияа тіркелсе(инкорпорацияланса);2) сол мемлекеттің территориясында бизнесін жүргізсе; ал кей жағдайда бизнесін сол территорияда жүргізбей, тек сот мемл территориясында жұмыс орталығы(центр деловой активности) болса да ағылшын соты құзіретті.
ҚР АІЖК 416-бап. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының құзыреті
1. Егер Қазақстан Республикасының аумағында жауапкер-ұйым орналасқан болса немесе жауапкер-азаматтың тұрғылықты жері болса, шетелдік тұлғалар қатысатын істі Қазақстан Республикасының соттары қарайды.
2. Қазақстан Республикасының соттары, сондай-ақ шетелдік тұлғалар қатысатын істерді мына жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік тұлғаның басқару органы, филиалы немесе өкілдігі болғанда;
2) жауапкердің Қазақстан Республикасы аумағында мүлкі болғанда;
3) алиментті өндіріп алу туралы және әке екенін анықтау туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болғанда;
4) мертігу, денсаулыққа өзге де зақым келтіру немесе асыраушысының қайтыс болуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы іс бойынша зиян Қазақстан Республикасы аумағында келтірілгенде немесе талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болғанда;
5) мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы іс бойынша зиянды өтеу туралы талап қоюға негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар Қазақстан республикасының аумағында орын алғанда;
6) талап қою, оның толық немесе ішінара орындалуы Қазақстан Республикасы аумағында орын алуға тиіс болған немесе орын алған шарттан туындағанда;
7) талап қою Қазақстан Республикасы аумағында орын алған негізсіз баюдан туындағанда;
8) неке бұзу туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болғанда немесе ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болғанда;
9) ар-ожданды, абыройды және іскерлік беделді қорғау туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болған жағдайларда қарайды.
3. Қазақстан Республикасының соттары, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өз құзыретіне жатқызылса, басқа істерді де қарайды.