Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
m4p_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.77 Кб
Скачать

22.Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.

Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi, заңнаманың 205-бабында айтылған, Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi аумағында екеуiнiң бiрге тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен, ал екеуiнiң бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда - аумағында екеуiнiң бiрге тұрған соңғы жерi болған мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Бұрын бiрге тұрған жерi болмаған ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. Бұл мәселе еш заңнамада, 1969ж Бустмант кодексінде де ерлі зайыптылардың жеке, мүліктік және мүліктік емес қатынастарына байланысты коллизиялық мәселелер туралы айтылмаған болатын. 1995ж отбасы кодексінің 7 тарауына «ерлі зайыптылардың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттері туралы» толықтыру енгізілген болатын. 161баптың 1-тармақшасына сәйкес, ерлі зайыптылардың, жеке, мүліктік және мүләктік емес құқықтары мен міндеттері келесідей анықталады: олар бірге тұрған елдің құқығы бойынша, егер бірге тұрған жері анықталмаса, олардың ең соңғы тұрған елдің заңнамасы бойынша реттеледі. Сонымен ерлі зайыптылардың арасындағы қатынастарды реттейтін қағида территориялық болап табылады. Шығатын қорытынды, ерлі зайыптылар тұрғылықты жерінің сотына жүгіне алады. Ескерте кетер жағдай, европа мемлекеттерінде (Австрия, Венгрия, Польша) мұндай жағдайда бұл мәселе ерлі зайыптылардың азаматтығы бойынша, ортақ азаматтығы болмаған жағдайда ғана бірге тұрған елдің құқығы бойынша реттеледі. Осы саладағы коллизиялық нормаларға жаңалық енгізген қағида «тараптар еркіндігі» болып табылады. Бұл қағида халықаралық жеке құқықта шаруашылық келісім шарттарында ғана қолданылған болатын. Бірақ заң шығарушы «тараптар еркіндігін» екі жағдайда шектеп қойды-неке шартын жасасқанда; алимент төлеу келісімін жасағанда. Бұл саладағы коллизиялық мәселелер 1993ж өзара құқықтық көмек туралы ТМД конвенциясында бекітілген. Ол жерде де негізгі қағида ретінде бірлескен тұрғылықты жердің заңы басшылыққа алады. Оған қоса бас норма өзгерген жағдайдағы сусидиярлы нормаларда көрініс тапқан. Егер ерлі зайыптылардың біреуі бір мемлекетте, ал екіншісі басқа мемлекет территориясында тұрғылықты тұрып жатқан жағдайда, олардың ортақ азаматтығы болса, олардың арасындағы қатынас ортақ азаматтығы тиесілі елдің құқығы бойынша реттеледі. Ал балаларға қатысты алименттік міндет 1956 жылдың 24 қазанының Гаага конвенциясы қолданылады.,конвенция қатысушылары: Австрия, Бельгия. Испания, Италия, Люксембург. Лихтенштейн, Нидерланды. Португалия, Турция, ФРГ, Франция, Швейцария.Негізгі коллизиялық критерилеріне баланың тұрғылықты жері туралы заңы жатады. Ол заң баланың алимент алу құқығын, алимент мөлшері мен оны төлеуге міндетті адамның міндеттерін көрсетеді.

23.Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.

1989жылғы бала құқықтарын қорғау конвенциясына сәйкес «бұл конвенцияға қол қоюшылар бала асырап алу жүйесінің өмір сүріп жатқанын мойындайды және ең бірінші ретте баланың мүддесінің қамтамасыз етілуін көздейді» делінген. Сонымен қатар ол: 1. Бала асырап алуды тек қана сол мемлекеттің баланы асырап алу туралы мәселені шешетін істі органдары шешуі тиіс. 2. Баланы басқа мемлекетке асырап алуға беру бұл конвенция бойынша балаға жағдай жасаудың балама түрі болып табылады және бұл тек қана бала сол мемлекеттің өзінде асырауға беріле алмайтын болған кезде ғана қолданылады. 3. Баланы бір мемлекетке асырап алу туралы мемлекеттің өзінде қолданылатын ереженің қолданылуын анықтайды. 4. Баланы асырап алғанда осы балаға байланысты пайда табу мақсаты ешқандайда тараптың бірінде болмауы тиіс. «неке және отбасы туралы» заңның ережелеріне сәйкес шетелдіктердің ҚРда бала асырап алуы, сонымен қатар шетелде жүрген ҚР азаматы қазақстан азаматы болып табылатын баланы асырап алуы мүмкін. Мұндай бала асырап алу ҚРның заңнамасы бойынша анықталады. Аталған асырап алуды жүзеге асыру үшін ҚРның тиісті органының рұқсатын алу керек.ҚРның азаматы болып табылатын баланы асырап алу ҚРның консулдық мекемелері арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда асырап алушылар ҚР азаматы болып табылмаса, атқарушы органнның келісімін сұрауы тиіс болып табылады.Жеке адамдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың бала асырап алу жағдайында делдалдық қызметтерімен айналысуына жол берілмейді.Бала асырап алу үшін бала асырап алушыға бір қатар талап қойылады. Бала асырап алушы баланы өз мемлекетінде асырап алуға құқылы екендігін куәландыратын құжатты көрсетуге міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]