Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
m4p_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.77 Кб
Скачать

19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер

Бір тарапты мәмілелерден туындайтын міндеттемелерге (марапаттауға жария уәде ету, бөтен адамның мүддесіне тапсырмасыз қызмет ету және басқалары) мәмілелер жасалған елдің құқығы қолданылады. Бір жақты мәміле жасау орны ҚР құқығы бойынша анықталады. Бірақ бұл туралы заңның еш жерінде жазылмаған. Негізсіз баюдың салдарынан туындайтын міндеттемелерге баю орын алған елдің құқығы қолданылады. Егер негізсіз баю мүлік сатып алынған немесе сақталған негіздің жойылуы салдарынан туындаса, қолданылатын құқық осы негіз бағындырылған елдің құқығы бойынша анықталады. Негізсіз баю ұғымы ҚР құқығы бойынша анықталады. Халықаралық жеке құқықта бөтен адамның мүддесіне тапсырмасыз қызмет ету және негізсіз баю қатынастарында арнайы коллизиялық нормалар қолданылады.Негізінен негізсіз баю талаптары орын алған, тапсырмасыз қызмет жүзеге асу орындалған елдің құқығы қолданылады. Қорғалып отырған мүдделерге қатысты қол сұғушылық жасалған әрекет қол сұғушылық жасалған елдің құқығы бойынша реттеледі. Басқа жағдайлардың балығында, негізсіз баю орын алған мемлекет заңнамасы бойынша анықталады. Бөтен адамның мүддесіне тапсырмасыз қызмет етуге қолданылатын құқыққа екі байлам сәйкес келеді. 1) қызмет ету жүзеге асқан мемлекет заңнамасы бойынша 2) қызметті жүзеге асыру барысында пайда болған талаптарды реттейтін мемлекет заңнамасы бойынша.

20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.

Неке құруды негізінен екі жағынан қарастыруға болады. 1)Неке құрудың формалды түрі- оған жататындар: а) неке діни немесе азаматтық түрде болуы б)Некеге тұруға жеке қатысу в) алдын ала шағым беру г) куәгерлердің міндетті қатысуы д) медициналық қорытынды е) ант берудің міндеттілігі (мұсылман мемлекеттерінде) осы аталған әрекеттердің барлығы неке жасалған елдің құқығы бойынша реттеледі, яғни lex loci celebrations бойынша. 2) Некеге отыру талаптары- оған: а)некеге отыру жасы б)әрекет қабілеттілігінің маңыздылығы в)басқа некеде тұрған тұрмағандығы туралы мәлімет г) бала туу жағдайы д) ата анасының рұқсаты осы алалған әрекеттердің барлығы азаматтардың жеке заңнамасы бойынша реттеледі. Яғни lex personalis бойынша. Неке қию бір мемлекет аумағында орын алғанда «шетелдік элементтің» екі түрі қатысу керек: а) Екеуі де шет мемлекет азаматтары болған жағдайда; б) некеге тұрушылардың біреуі шетел азаматы болған жағдайда коллизиялық мәселелер туындайды. Бұл жағдайда некеге тұруды реттеуге байланысты қолданылатын құқықтық жүйе мен неке құру туралы материалдық шарттар мен формасын назарға алу керек. Неке формасы мен некеге отыру тәртібі, жария құқықтық қатынастарға жататын болғандықтан, әр елдің өзіндік ішкі заңнамасы бойынша реттеледі. ҚР некелер формасы ішкі заңнама бойынша реттеледі.Яғни, 9-бап. Некеге тұру шарттары орындалғанда, Некеге тұру үшiн некеге тұрушы еркек пен әйелдiң өзара ерiктi келiсiмi және олардың неке жасына жетуi қажет. 10 бап. Неке жасы туралы талаптар, Неке жасы еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас болып белгiленедi. Дәлелдi себептер болған жағдайда мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органдары неке жасын екi жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуi мүмкiн, орыналған жағдайда некеге отыру жүзеге асады. Ал, 11-бапта араларында неке қиылуына жол берiлмейтiн адамдар тізімі көрсетілген:1) бiреуi болса да басқа тiркелген некеде тұрған адамдардың2) тiкелей ата-тегi бойынша және өзiнен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесiнiң және немерелерiнiң), ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек әкесi немесе анасы ортақ ағалы-iнiлер мен апалы-сiңiлiлердiң (аға-қарындастардың);3) асырап алушылар мен асырап алғандардың 4) бiреуiн болса да психикалық ауруының немесе ақыл есi кемдiгiнiң салдарынан сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдардың арасында жол берiлмейдi. Ал,шетелдіктердің қатысуымен болған некелерде, ҚР аумағында неке қиюдың ережелерi, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, некеге тұратын адамдардың әрқайсысының некеге тұратын кезде қай мемлекеттiң азаматы болса, сол мемлекеттiң заңдарымен, 17.12.98ж заңнаманың, 9-11-баптарының неке қиюға кедергi болатын мән-жайлар жөнiндегi талаптарын сақтай отырып белгiленедi. Осы жерде ескерте кететін мәселе, талаптардың қатарынан 9,10 баптағыларды алып тастау керек. Себебі заңның 2бабында еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi, ал біздің заң бойынша бір жыныстылардың заңға сәйкес жасалған некелерін тануымыз керек. Сонымен қатар неке жасы әр мемлекеттің саяси ерекшелігіне байланысты әр түрлі болады (Қытай 25жас) соған қарамастан тануға жатады. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қиылған некенi тануға байланысты, 202-бап бойынша, ҚР аумағынан тыс жерлерде ҚР азаматтарының арасында қиылған некелер және ҚР азаматтары мен шетелдiктердiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттiң заңын сақтай отырып жасалса,заңның 11-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР заңды ден танылады. 

21. Некені бұзу және жарамсыз деп танудың коллизиялық мәселелері. Некенің жарамсыздық мәселесі Ресей заңнамасындағы новелла б.т. Ол туралы, ОК 159 бабында, некенің қай жерде тіркелгеніне қарамастан, некеге отыру кезінде қолданылған елдің құқығы бойынша реттеледі. Ал басқа да салдары, халықаралық шарттарда, 1993ж ТМД конвенциясы, екіжақты шарттармен реттеледі.ҚР аумағында немесе ҚР аумағынан тыс жерлерде қиылған некенiң жарамсыздық мәселесі, 203-бап бойынша, Қазақстан аумағынан тыс жерлерде жасалған некенiң жарамсыздығы, Заңның 200, 202- баптарына сәйкес неке қию кезiнде қолданылған заңдармен айқындалады, яғни неке жасалған кездегі құқық бойынша реттеледі. Ал, ҚР аумағынан тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтары арасындағы некенің жарамсыздақ мәселелері мүлдем көрсетілмеген. ҚР некенiң бұзылуы. 204-бап бойынша, 1. ҚР азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi, сондай-ақ ҚР аумағында шетелдiктер арасындағы некенi бұзу ҚР заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 2. ҚР аумағынан тыс жерлерде тұратын ҚР азаматы ҚР тыс жерлерде тұратын жұбайымен некенi оның азаматтығына қарамастан ҚР сотында бұзуға құқылы. ҚР сәйкес некенi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бұзуға жол берiлетiн жағдайда неке ҚР шетелдiк мекемелерiнде бұзылуы мүмкiн. 3. ҚР тыс жерлерде ҚР азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, ҚР заңды деп танылады. 4. ҚР аумағынан тыс жерлерде шетелдiктер арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, ҚР заңды деп танылады. Некеге тұру мен некеге отыруды салыстырып қарайтын болсақ, неке бұзу мәселесі оңайырақ шешіледі. Себебі некеге отыру заңнамасы белгілі болса, неке бұзылуы көбінесе сол заңнама негізінде жүзеге асады. Неке бұзу РФ тыс ресей азаматтары арасында немесе шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар арсындағы некелер жарамсыз деп келесі жағдайлар: шетелдік мемлекеттің құзырлы неке бұзу туралы органдарының заңға сәйкес әреті орыналғанда және оны орындату туралы шешім қабылдағанда жүзеге асады. Неке бұзу туралы мәселе әр мемлекет заңнамасында әр түрлі болуы мүмкін, ерлі зайыптылардың біреуінің азаматтығы тиесілі немесе тұрғылықты жері тиесілі мемлекеттің заңнамасы бойынша реттелетін жағдайлар кездеседі. Ресей заңнамасында, шетелде тұратын ресей азаматтарына жұбайының азаматтығының қандай екеніне қарамастан ресей сотына неке бұзу туралы өтініш бере алады. Осы жағдай тәжірибеде территориялық соттылықты таңдауда қиындыққа әкелуі мүмкін. Заң бойынша бұл мәселе шешімін таппаған. Ол үшін азаматтық процесуалдық кодекске территориялық соттылық туралы бап енгізу керек. Шетелдік некені бұзу туралы сот шешімін тану дегеніміз, сол мемлекеттің құзырлы органдарының шешімдерімен заңдылық күші бірдей екенін көрсетеді. Сонымен қатар тәжірибеде неке бұзу туралы шешімнің жүзеге асырылу барысын реттейтін норманың жоқтығы, оның аса қажет еместігін көрсетеді. 1993ж ТМД елдерінің конвенциясының, 52 бабында неке бұу туралы шешім келесі шарттарды орындағанда ғана жарамды деп саналады: а) сұрату жіберіп отырған заң органдарының неке бұзу туралы шешім шығармағанына көз жеткізген жағдайда.б) конвенция нормалары, неке бұзу туралы іс бойынша шешім шығарылу тиіс мемлекет заңнамасы бойынша сол мемлекеттің заң органдарының жүзеге асыруға тиіс ең соңғы шарасы болып табылмаған жағдайда қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]