Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
m4p_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.77 Кб
Скачать

11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.

«Заңды тұлғаның заңы», «статуты» және «ұлты» түсініктерінің арақатынасы. Заңды тұлға заңының қолданылу аясы. Жеке тұлғалар сияқты заңды тұлғалар да өз мемлекетінікі және шет мемлекеттікі болып бөлінеді. Заңды тұлғаның қай мемлекеттікі болып табылатынын анықтай отырып, құқықтық мәртебесін анықтайтын құқықтық нормалардың мазмұнын да қарастырған жөн:құқық және әрекет қабілеттіктері, оның көлемі, пайда болу және жойылу шарттары,нақты мемлекеттегі заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін шектеу т.б. Жеке тұлғаның жоғарыда айтылған үш түсінік бір мағына береді.ҚР-ның АК-де Заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлғаның заңы (lex socitatis) болып саналады делінген. Яғни заңды тұлға қай елдің заңнамасын басшылыққа ала отырып құрылса және тіркелсе сол елдің заңы заңды тұлғаның заңы болып табылады. Заңды тұлғаның заңы (жеке заңы) оның құқыққабілеттігін анықтайтын және ішкімәселелерін реттейтін құқықтық жүйе. Дегенмен жеке тұлғаның жек заңы мен заңды тұлғаның жеке заңының айырмашылықтары бар. Ал жеке статут заңды тұлғаға қатысты барлық мәселелерде шешуші болып табылады, яғни заңды тұлғаға қатысты қолданылатын ең құқыққа сай және нақты болып табылатын түсініктің бірі. Ол оның құқыққабілетігін, ішкімәселелерін анықтайтын түсінік болып табылады, сондықтан ол заңды тұлғаның жеке заңымен бірдей мағынада қолданылады. Ал заңды тұлғаның «ұлты» заңды тұлғаның белгілі бір мемлекетке тиесілігі, жеке тұлғаның азаматтығының аналогі. Бұл категорияны заңды тұлғаларға қатысты қолдану шартты түрде, нақты емес болып табылады. себебі ол азаматық институтында оның мемлекетпен ерекше қатынастарын ескере отырып, қысқа қолдануға оңай болғандықтан айтылатындықтан, заңды тұлғаның табиғатын ескере отырып, оған заңи түрде бұл түсінікті қолдану сәл түсініксіздеу б.т. дегенмен отандық құқық субьектілерін шетелдіктерден ерекшелеу туралы мақсат қойылғанда бұл түсінікті қолдану заңды тұлғалар тарапынан еш қарсылыққа ие емес. М,1985ж Жаңа Зеландияның шет елдік қаржы салымдары туралы ережесі бойынша Жаңа Зеландияда тіркелмеген компаниялар белгілі бір қызмет саласына қаржы салуы үшін арнайы рұқсат алуы қажет, ал отандық компаниялары ондай рұқсат қажет етілмейді. Бұл жағдайда, отандық және шет елдік субьектілер арасында айырмашылық орнату қажет болғандықтан бұл түсініктің маңызы бар.

Заңды тұлғаның жеке заңының қолданылу аясын анықтау азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Заңды тұлғаның жеке заңы негізінде төмендегілер анықталады(шет ел заңнамасы бойынша):

Құрылымының зт болып табылуы;

Зт ұйымдық құқықтық нысаны;

ЗТ-ның аталуына қойылатын талаптар;

ЗТ-ның құрылу, қайта құрылу және жойылу тәртібі;

ЗТ қатысты құқықмирасқорлығы;

ЗТ-ның қатысушыларымен қатынастары;

Зт-ның қатысушыларының қатынастары;

ЗТ-ның құқықтар мен міндеттер алу тәртібі;

Зт-ның өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілеттігі;

ҚР заңнамасы бойынша:

ЗТ-ның азаматтық құқық қабілеттігі

Шет елдіктердің қатысуымен ЗТ-ны құру турал шарт, ЗТ-ны құру мен тоқтату, қатысу үлесін беру, оның қатысушыларының т.б. өзара қатынастары.

Шетелдiк заңды тұлға өз органының немесе өкiлiнiң мәмiле жасауға өкiлеттiгiн шетелдiк заңды тұлғаның органы немесе өкiлi мәмiле жасаған елдiң құқығына белгiсiз шектеуге сiлтеме жасай алмайды. (lex loci contractus). Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық қабiлеттiлiгi ұйым құрылған елдiң құқығы бойынша анықталады. Осындай ұйымдардың қызметіне ҚР құқығы қолданбалы болғанда, ҚР заңнамасынан немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, АК-тің коммерциялық ұйым болып табылатын ЗТ-ның қызметін реттейтін ережелері қолданылады.

Заңды тұлғаның заңын анықтау теориялары. Әр түрлі мемлекеттердің заңнамасы нақты мемлекетке қандай заңды тұлға тиесілі екенін әр түрлі анықтайды. Дегенмен, әлемде заң шығарушы немесе сот басшылыққа алатын, нақты тұлғанын қай мемлекетке тиесілі екендігін анықтайтын бірнеше белгілер қалыптасқан. Олар:заңды тұлғаның тіркеу немесе құрылу критериилері (инкорпорация),басты органдарының орналасқан жері(әкімшілік орталық, басқару орталығы), эксплуатация орталығы (негізгі өндірістік немесе коммерциялық қызметі). сондай-ақ кейбір жағдайларда, әсіресе заңды тұлға аталған белгілердің барлығына ие болған жағдайда және олардың ешқайсысы да шешуші ретінде бола алмаған жағдайда «бақылау критериі» қолданылуы мүмкін. Бұл критерилер доктриналардан қалыптасқандықтан, осындай теорияларды да ажыратуға болады:

Инкорпорация теориясы бойынша заңды тұлға қай мемлекеттің заңнамасына қатысты құрылса, сол мемлекетке тиесілі болып табылады (lex socitatis). бұл көбінесе англосаксондық жүйедегі мемлекеттерге тән: АҚШ(Луизиана штатынан басқа), Ұлыбритания, оның бұрынғы колониялары: Үндістан, Пәкістан, Кипр, Кения т.б. Сондай-ақ, Қытай, Қазақстан, Ресей, Нидерланды, Белорусь, Чехия, Словакия сияқты континентальдық жүйедегі мемлекеттер де заңды тұлғанын жеке статутын анықтау үшін инкорпорация (құрылу, тіркеу) басты коллизиялық норма ретінде бекіткен. Бұл теорияның варианттары да бар: м, скандинавиялық мемлекеттерде заңды тұлға қай мемелкеттерде ең алғашқы тіркелсе(тізімге енгізілсе), сол мемлкеттің заңнамасына бағынады. Бұл көбінесе қай елдің заңнамасымен құрылғанымен сәйкес келеді.

Siege social (отырықшылдық) теориясы бойынша қаңды тұлғаның заңы (lex socitatis) болып оның басқармасы (директорлар кеңесі, басқару, атқарушы органдары) орналасқан елдің құқығы табылады. бұл теорияны қолдану үшін заңды тұлғаның өз қызметін қайда жүзеге асыратындығы маңызды емес деген көзқарас бар. Бұл теорияны ұстанатын мемлекеттерге: Австрия, Франция, Испания, Бельгия, Люксембург, және т.б. ЕО-тың мемлкеттері, Украина, Польша, Грузия т.б. Бұл белгі Жарғыда көрсетілетіндіктен, заңды тұлғаның қай құқықтық жүйеге жататындығын ажырату оңай болып табылады.

Қызмет ету орталығы теориясы бойынша зт заңы болып, ол қай мемелекетте өзінің өндірістік қызметін жүзеге асырса, сол мемелекет б.т. бұл көбінесе өз территориясындағы қызмет етуші заңды тұлғаларды иемдену мақсатында дамушы мемлекеттермен қолданылады. М, 1956ж Үндістанның компаниялар туралы заңында көзделген. Үндістан(субсидиарлық норма ретінде), Италия, Мысырда қолданылады.

Бақылау теориясы бойынша зт заңы болып оның капиталын бақылаушы тұлғалардың заңы табылады. Бұл теория пайда болуы І және ІІ ДЖ соғыс аралығы. Бұл теорияның пайда болуы мен дамуына Daimler Co. v. Continental Tyre & Rubber Co., ісі табылады. Сот бұл істі қарау барысында заңды тұлғаның нақты қатысушылары кімдер, олардың азаматтығы қандай және оның басқарушысы кім екенін анықтай бастады. «Даймлер» компаниясының 25мың акциясының біреуі ғана британдыққа тиесілі ал қалғаны германияның азаматтарына жататындықтан, сот компания Англияда иркорпорацияланғанына қарамастан заңды тұлғаны «жау» мемлекеттікі деп таныған. Кейіннен ІІДЖС кезінде де 1939 жылғы британдық заңнамамен жау мемлекет адамдарымен бақыланатын заңды тұлғаларды немесе онымен соғысып жатқан мемлекеттердің заңнамасымен құрылып тіркелген заңды тұлғаларды жау шет елдіктер деп жариялағын акті қабылдады. Қазіргі кезде бұл критерии тек әскери жағдайға байл. Емес м, Қауіпсіздік Кеңесімен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында да арнайы шешім шығару арқылы қолданылуы мүмкін. М, ҚК-нің санкциясын орындау мақсатында РФ Босния, Герцоговиния, Иракпен шаруашылық субьектілердің сауда және т.б. азаматтық қатынастарын шектеу туралы заң қабылдауы. 1965жылғы мемлекеттер мен шет елдік жеке және заңды тұлғалар арасындағы инвестициялық даулар туралы вашингтон Конвенциясында қарастырылған. ҚР-ның АК-де Заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлғаның заңы болып саналады деп көрсетілген, яғни бұдан инкорпорация теориясының қолданылатындығын көруге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]