Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
m4p_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.77 Кб
Скачать

1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.

Халықаралық жеке құқықтың дамуына бүгінгі күнгі факторлар өте тиімді әсер етуде.

Біріншіден, бұл шаруашылық өмірдің интернационализациялануы; бүгінгі күнгі әлемдік шаруашылықтың интернационализациялаудың объективті процесі осыған сай жан-жақты экономикалық қатынастардың жаңа деңгейін талап етуде. Бұл тұстағы айқын мысал ретінде еуропалық континенттің дамуын атауға болады. Шаруашылық өмірдің интернационализациялануының ең жарқын көрінісі ретінде жан-жақты экономикалық және экономикалық-техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады. Егер де ХІХ-ХХ ғасырларда ол қатынастар тек саудамен ғана шектеліп отырған болса, ендігі ХХ-ХХІ ғасырларда бұл тек тауар мен қызмет алмасу ғана емес, бұл өндірістік қауымдастықтың, оның құрамына бірлескен кәсіпорындар мен өндірістер, бірлескен зерттеулер мен ізденістерді жүргізулер кіреді.

Екіншіден, бұл соғыстар мен түрлі сипаттағы қақтығыстарға байланысты, саяси және ұлттық себептерге қатысты, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен білім алуға байланысты халықтың көшіп-қонуының (миграциясының) тез арада өсіп кетуіне байланысты болды.

Үшіншіден, ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан, коммуникациядағы, транспорттағы жетістіктер арқасында көптеген елдер мен континенттерді бір-бірлерімен жақындастырды, осының арқасында жалпы адамзаттық қарым-қатынас дамыды, радио, телевидение, видеотехника мен спутниктік құрылғыларды қолдануға байланысты ғылымда болып жатқан жетістіктер елдер арасындағы хабарларды тез арада таратып отыруға мүмкіндік берді; космосты игерудегі жетістіктер тағы бар, ал екінші жағынан ғылыми-техникалық прогрестің керітартпа тұстары, атап айтқанда, Чернобыль мен Бхопалдағы трагедиялар, қоршаған ортаның ластануы мен улануы бір ғана мемлекеттің шекарасымен шектеліп қана алмайды.

Халықаралық жеке құқық үшін басты маңызды болып табылатын нәрсе – халықаралық қатынастардың гуманизациялануы болып табылады. Барлық мемлекеттердің – халықаралық қатынас қатысушыларының назарының ортасында адам, оның жай-күйі, құқықтары мен бостандықтары тұруы тиіс.

Мемлекеттердің өзара байланыстылығы әртүрлі салалардағы өзара ықпалдастық тұстарынан да көрінеді. Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелерді шешу кезінде құқықтың және оның әдістері мен құрылымдарының орны ерекше болып келеді. Халықаралық жеке құқықтың спецификалық ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, колллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданатындығын анықтауға бағытталғандығында.

Халықаралық жеке құқықтың мақсаты - әртүрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.

Қатынастардың екінші бір тобы – бұл шетелдік қатысушылар, яғни азаматтардың қатысуымен болады. Халықаралық құқықтағы сияқты халықаралық жеке құқықта да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғаның мүдделері толығымен ескерілуге жатады.

Халықаралық жеке құқықта шетелдіктердің жеке мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы сөз болады. Осы аталған құқықтарға кепіл болу халықаралық жеке құқықта басты орынға қойылады, әсіресе, бұл аралас (шетелдің қатысуымен) некелерге, отбасылардың түрлі мемлекет азаматтарынан құрылуына байланысты болып табылады. Халықаралық жеке құқық нормалары Қазақстандағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің азаматтардың шетел мемлекетіндегі жағдайын анықтайды.

Халықаралық жеке құқық пен халықаралық жария құқықтың арақатынасы.

Халықаралық жеке құқық халықаралық жария құқықпен (не жалпы халықаралық құқықпен) тығыз байланысты. Халықаралық жеке құқық - өзбетіндік, тәуелсіз құқық жүйесі болып табылады. Үстем етіп тұрған концепцияға (тұжырымдамаға) сәйкес халықаралық жеке құқық бұл әрбір мемлекеттің ішкі құқық жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады. Халықаралық жария құқық пен халықраалық жеке құқықтың нормалары бір ғана мақсат үшін - әтүрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқықтық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда. Бұл екеуінің арасындағы ортақтық – бұл жердегі халықаралық қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекет территориясынан тыс туындайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халықаралық жеке құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементімен күрделендірілген қатынасты білдіріп тұрады.

Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы – олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әрқилылығында. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастар бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік, мемлекеттің егемендігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, әкономикалық әрекеттесу сияқты сауалдардың кең етек алуы халықаралық экономикалық құқықтың туындауына әкеліп соқтыруда. Дегенмен, олармен реттелетін қатынастар азаматтық-құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал халықаралық жеке құқыққа келер болсақ, бұның реттеу аясы халықаралық қатынастағы нақ осы жеке құқық саласында болып табылады. Бұл ең біріншіден, мүліктік қатынастар (мәселен, авторлық пен патенттік құқық саласында), яғни бұлар халықаралық жеке құқықтың реттеу аясына жататын қатынастар болып табылады.

Халықаралық жария құқықтан халықаралық жеке құқық тек өзінің реттеу пәнімен ғана емес, сол қатынастардың субъкетілерінен де ерекшеленеді. Халықаралық жария құқықтың негізгі субъектілері болып мемлекеттер танылады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі мен бостандығына күресуші ұлттарды да осы топқа жатқызады. Ал халықаралық жеке құқықта қатысушылар мемлекет қана емес (бірақ оның қатысуы да жоққа шығарылмайды) ең басты қатысушылар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар – бұл азаматтар, ал заңды тұлғалар – бұл мемлекеттік ұйымдар, жеке фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар.

Ендігі жерде халықаралық жеке құқықты халықаралық жария құқықтан айырмалайтын үшінші белгісін атап өтуге болады. Халықаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып халықаралық шарт табылады. Халықаралық жеке құқықта да халықаралық шарттардың алатын орны ерекше, бірақ олардың ережелері кейбір мемлекеттің заңнамасына сіңірілсе де сіңірілмесе де қолданыла береді, ал кейбір мемлекеттерде ол шарт тек мемлекет санкциясын алған уақытта ғана қолданысқа ұшырайды.

Халықаралық жеке құқықта маңызды орынды (бұл халықаралық жария құқыққа барынша тән қасиет) таза ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж практикасы алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]