Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДС_ЭЧЭС_каз_2.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Жылулық конденсациондық электростанцияның сұлбасы

Қуаты 300, 500, 800 және 1200 МВт агрегаттары бар жылулық конденсациялық станциялардың автономды бөліктері – блоктар екені белгілі.

Блоктардың электрлік схемасы қолдануы келесідей сұлбаларды алды:

А) G генераторы еселейтін трансформатормен коммутационды аппараттарсыз қосылған сұлба (46,а-сурет. Генератор мен еселейтін трансформатор 77 арасында Т2 азайтқыш трансформатор арқылы және қажеттілік блогының СН жүйесіне қуатты таңдау үшін тармақталу болады. Соңғысын да ажыратқышсыз тармақталуға қосады. Ол қосымша аппаратты орнатқанда блоктың беріктігін төмендеткізбейді. Бұл аппараттың бұзылу ықтималдығы трансформатордың бұзылу ықтималдығынан айтарлықтай көп болады. Ажыратқыштар еселейтін трансформаторлардың жоғарғы және төменгі кернеулігі бар жерде орнатылады.

Блок жұмыс істеу үшін резервті трансформатор Т3 арқылы СН жүйесін электр энергиясымен қамтамасыз ету керек. Т3 жоғарғы немесе орташа кернеулі жиынды шинаға қосылған. Блокты іске қосу келесі тәртіппен жүргізіледі. Блоктың ажыратқыштары мен СН жұмыс трансформаторының ажыратқыштары өшіріліп тұрған кезде СН жүйесінің секциясына сәйкес келетін резервті трансформаторды қосады да жұмыс машиналарының электроқозғалтқыштарын жібереді. Трубинаның қызуы мен айналуы біркелкі болады. Агрегаттың айналу жиілігі номиналды болған кезде генератордың қызуы, синхронизациясы және қосылуы мүмкін, яғни ол энергожүйенің желісімен электрлік байланыста. Енді блокты бірте-бірте жүктеуге болады жұмыс трансформаторын СН-ты қосу және қосушырезервін өшіру негізгі блоктың жұмыс істеуі кері ретпен орындалады. СН жүйесі жұмыс трансформаторынан қосушы резервтіге ауыстырлуы қажет, өйткені блок істеуін тоқтатқанда жұмысшы машиналарының бір бөлігі өзінің жұмысын жалғастыра беру керек. Осыдан кейін блокты жиын шиналарынан өшіріп, генераторды қозуын тоқтатуымызға болады.

Қарастырылатын сұлбалардың кемшілігі қосу және блокты тоқтату кезінде СН жүйесіне ауысуын қажет етеді. Блоктың жылумеханикалық бөлігінің бүліну кезінде жоғарғы кернеулі ажыратқыштармен өшірілуі қажет. Ал ол дөңгелек тәрізді РУ үшін қауіпті, өйткені РУ қалыпты жұмысы бұзылады. Көрсетілген кемшіліктер генератордың ажыратқыштарын қарастырып жоюға болады.

Б) генераторда ажыратқышы бар сұлба (46,б-сурет. Ол эксплуатацияға өте қолайлы, өйткені қосу процесі кезіндегі СН жүйесіратордың ажыратқышы өшірілу кезіндегі СН жұмыс трансформаторы мен негізгі трансформатор арқылы жиынды шинадан энергиямен қамтамасыз етіліп отырады. СН-тың жұмыс машиналары жұмысқа қосылуы мүмкін. Айналу жиілігі номиналды болған кезде генератордың ажыратқышымен өшіруге болады. Блокты жиын шиналардан ажырауы немесе генератордың қозуын тоқтату тек блоктың энергетикалық бөлігі бүлінеген жағдайда ғана қажет етеді. Бұл жағдайда СН жүйесі СН резервті трансформаторға қосылуы қажет.

Генератордың ажыратқыштары сәйкесінше номиналды токпен және өшіруге қабілетті қысым ажыратқыштарымен ауыстыруға болады. Мұндай ажыратқыштар ұлттық өнеркәсіппен құрастырылған және ажыратқыштармен, тұйықтайтын құрылғыларын, токтың және кернеудің өлшегіш трансформаторларымен бірге қолданылады.

В) біріккен (екіеселенген) блок сұлбасы (46,в-сурет). Олар 500 кВ және одан да жоғары кернеулікті станцияларда қолданылады. Онда екі блокты агрегатты жиын шиналарға ортақ ажыратқыш арқылы қосылған. Мұндай сұлба жоғарғы кернеулі ажыратқыштардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл кезде екі генератордың өшуін естен шығармау керек. Біреуінің жұмысы бүлінген генератордың өшірілуінен кейін тез жаңартуына болады. Біріккен блоктарды қолдану мүмкіншілігі жүйенің қуатымен анықталады, дәлірек айтсақ оның авариялық резервімен экономикалық қажеттілігі беріктілігімен бағаланады және кернеуден жүйе сұлбасынан, агрегаттардың жұмыс істеу тәртібі және басқа да факторларына тәуелді болады.

46-сурет жылулық станциялардағы блогты агрегаттардың электрлік схемас.

а- генераторындағы ажыратқышы жоқ;

б- генераторында ажыратқышымен бірге;

в - жоғарғы кернеулігі ортақ ажыратқышы бар біріккен блок;

г - ГТЖ блогы.

г) желіге немесе жақын орналасқан қосалқы станцияға жиын шиналарына жалғанған еселенген блок (генератор-трансформатор-желі. Мұндай сұлбада станциядан көп ара қашықтықта орналасқан блоктың жоғарғы кернеулікті ажыратқышы бар дистанционды басқару мүмкіншілігі қарастыру керек. Шетелдегі станциялардың көбінде ссс блоктары ГТЖ сұлбасымен орындалған және қослақыстанцияларға қосылған. Мұндай схемалар генераторлы қуатты пайдалануға және КЗ тогын азайтуға мүмкіндік береді. Сұлбаны технико-экономикалық қажеттілігі сәйкесінше есептеулермен тексерілу керек.