Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДС_ЭЧЭС_каз_2.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать

Реактордың индуктивті кедергісі

Үш фазалы реактордың әрбір фазасында осы фазадағы тоқтан пайда болған өзіндік индукция ЭДС-і ғана емес, сонымен қатар көрші екі фазадағы тоқтардан пайда болған өзара индукция ЭДС-і де индукцияланады. R активті кедергісі мен L индуктивтілігі барлық үш фазада бірдей болады.

Алайда, өзара индуктивтіліктері МАВ, МВС және МСА әдетте фазалардың симметриялық емес орналасу салдарынан бірдей болмайды. Реакторлар фазасындағы кернеудің құлдырауы келесі өрнектер арқылы анықтауға болады:

(18.1)

Егер жалпы ережеге сәйкес емес фазалар симметриялы түрде орналасқан деп алып талдауды жеңілдетеміз десек, онда МАВ=МВС=МСА=М және (18.1) өрнегі келесі қарапайым түрде болады:

(18.2)

L-M=L1 айырмасын бір фазаның экивалентті индуктивтілігі деп қарастыруға болады.

Көріп тұрғандай, фазалардың симметриялық орналасуында экиваленттік индуктивтілік және осыған сәйкес кернеудің құлдырауы біршама айырмашылық береді.

Өндіруші заводтар реактордың негізгі сипаттамасы ретінде оның номинальды индуктивті кедергісін Ом, ретінде көрсетеді. Бұл кедергі катушкалардың өзара қашықтығы мен орналасуы және оның салыстырмалы көлемімен орам санына байланысты болады. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес L1 үш фазалы реактор катушкасының эивалентті индуктивтілігі болып табылады: (18.3)

немесе желідегі номианалды фазалық кернеу үлесі ретінде

. (18.4)

Реактордың активті кедергісін оның маңызды еместігіне байланысты еленбейді.

Қосарланған реактор катушкалары өзара индуктивтілік М (фаза ішінде) және L индуктивтілігіне ие болады. М индуктивтілік L индуктивтіліктің 0,4-0,6 шамасын құрайды. k=M/L қатынасын әрқашанда бірден аз болатын байланыс коэффициенті деп атайды. Өндіруші зауыттар қосарланған реакторлардың Ом, номинальды индуктивті кедергісі мен байланыс коэффицентін L1 - катушканың экивалентті индуктивтілігі деп көрсетеді, яғни фазалардың өзара индуктивтілігі есепке алынады (штрих белгісі кейін көрсетілмейді).

Қосарланған реактор катушкаларындағы кернеудің құлдырауы тоқтың тармақтар және оның бағыттары шамаларынан тәуелді болады. Егер I1 және I2 тоғы тармақтарда қарама-қарсы бағытталған болса, онда кернеудің құлдырауы келесі өрнектері арқылы анықталады:

Пайдалану барысында кернеудің құлдырауын азайту мақсатында тармақтарды бір қалыпты жүктеуге тырысады. Мұндай режимді (42, а сурет) өтпелі деп атайды. L1 индуктивтілігі L индуктивтіліктен аз ғана ерекшеленгендіктен тармақтарда кернеудің құлдырауы тең болады:

(18.5)

Немесе желідегі номинальды кернеу үлесінде болады:

(18.6)

Жоғарыда көрсетілген өрнектерге сәйкес қосарланған реактор катушкаларында кернеудің құлдырауы өтпелі режимде біртекті реактордағы сол кедергі мен номинальды тоғы бола тұра кернеудің құлдырауы кем болып келеді. Байланыс коэффиценті көп болған сайын кернеудің құлдырауы аз болады. К=0,5 болғанда кернеудің құлдырауы біртекті реактордағы құлдырауыдың жартысын ғана құрайды. Қосарланған реакторлардың негізгі артықшылығы осы болып табылады.