- •Кернеу трансформаторларының құрылыстары
- •Реактордың индуктивті кедергісі
- •Өткізгізштер мен аппараттарды таңдаудағы есептік шарттар Есептік жұмыс тоқтары
- •Қысқа тұйықталудың есептік тоқтары
- •Трансформатордың құрылысы.
- •Тарату құрылғылар схемаларының классификациясы
- •7.1 Сурет. Тқ бірінші тобының сұлбасының мысалы айнымалы жүйе шинасы кезіндегі:
- •Электр қондырғылардың сұлбасына қойылатын талаптар.
- •Атом электрстанциясының сұлбасы.
- •Электрберу және тұрақты тоқ вставкаларының схемалары
- •Жылулық конденсациондық электростанцияның сұлбасы
- •Атом электростанцияларының сұлбасы
- •Зертханалық сабақтар жоспары
- •2.4 Оқытушы жетегімен студенттердің өзіндік жұмысы рамкасында сабақ жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмысы рамкасында сабақ жоспары (сөж)
- •2.6. Өзін тексеру үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптардың кодтары
- •2.7 Өткен курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Электр станциясының электр бөлігі
Электр қондырғылардың сұлбасына қойылатын талаптар.
Станцияның, қосалқы станцияның электрлік сұлбаларына қойылатын талаптар, қондырғыға қойылатын шарт деп түсіну қажет, себебі сұлба негізгі электрлік қондырғыларды және қондырғының эксплуатациялық құрамын анықтайды, бұл талаптар, технологиялық жобалау нормалардағы қалыптасып және жобалау барысындағы төмендегідей болады:
энергия жүйесіндегі қосалқы станциялардың, станциялардың жұмыс шартына негізделген электрлік сұлбалар, сонымен қатар станцияның технологиялық сұлбасы;
эксплуатацияның ыңғайлылығы, атап айтқанда: сұлбаның қарапайымдылығы мен көркемділігі, ауысытырып қосудың минималды көлемі, баптау үшін электр қондырғыларға қол жеткізерлік;
генераторларды, трансформаторларды, желілерді енгізу барысындағы электрлік бөлігінің құрастыру ыңғайлылығы;
экономикалық көлемде, қондырғыларды автоматтандыру мүмкіндігі;
жеткілікті экономикалық сенімді сатысы.
Соңғы шарт анықтаманы қажет етеді. Сенімділік обьектінің құрамын көрсетеді, берілген функцияларды орындау, белгілі шектредегі орнатылған эксплуатациялық көрсеткіштер мәнін уақыт бойынша сақтау. Электрлік станцияның, қосалқы станцияның сенімділігі деген мағынасында жобаланған графикке сәйкес торапқа қуат беру, нормативтердегі белгілі шектердегі орнатылған электр энергия сапасын сақтай отырып, тұтынушыларды электрмен жабдықтау деп түсіну қажет.
Обьектінің сенімділік саны бірқатар көрсеткіштердің көмегімен бағаланады. Олардың эксплуатация шарттары және істен шығу нәтижесі, яғни жұмыс істеу қабілетінің бұзылуымен ескеріледі. Істен шығу нәтижелері кездейсоқ жағдайлар деп қарастырылады.Сәйкесінше, сенімділік анализ үшін математикалық эқтимал теория әдісін қолданады.
Атом электрстанциясының сұлбасы.
АЭС электрлік сұлбасы КЭС сұлбасынан шамалы ерекшеленеді. Бұл блоктардың бірлік қуатының ескере отырып(1000-1500МВт) технологиялық жобалау нормалары екі еселенген блоктарды АЭС-та қолдану ұсынылмайды. Әр блок станцияның құрама шиналарына жоғарылатқыш трансформаторлар мен бөлек сөндіргіштер арқылы қосылу қажет. ТҚ сенімділігінің жоғары болуына қажетті шаралар қабылдану қажет. Мысал ретінде сурет 47. 1000МВт 4-блокты АЭС-ның электрлік сұлбасы келтірілген. Олардың қуаты бес желілер бойымен торапқа 500кВт беріледі. Әр блокқа екі трансформатордан, жоғарылатқыш трансформатор негізінде 630МВА үш фазалы трансформатор алынған. Төменгі кернеулі жүйені электрмен жабдықтау үшін, төменгі кернеулі орамтар трамақталған жоғарылатқыш трансформаторлармен жүктеме генераторлармен сөндіргіштерінің арасындағы тарамдалған аймақтағы блокқа жалғанған. Алғашқы екі блоктар қуаты 63 және 25 МВА – А, қуатына ие трансформатордан тұрады, үшінші және төртінші блоктар қуаты 63 МВА бір трансформатордан тұрады. Ортаңғы кернеулі қосымша трансформатор қуаты 63 МВА , жақын қашықтықтағы қосалқы станциядан әуе желісі арқылы қоректенеді.
500кВ тарату құрылғысы жартылы сұлбасы ретінде орындалады.
Құрама шиналар секцияланған – бұл, ТҚ сенімділігін жоғарылатады. Реактивтік қуатты компенсациялау үшін сөндіргіштер арқылы қосылған шунттаушы реакторлар қарастырылған.
сурет – 47. 500кВ АЭС ТҚ электрлік байланыс сұлбасы.
Негізгі әдебиет: 1[344-365]
Қосымша әдебиет: 1[437-487]
Бақылау сұрақтары:
Электр қондырғылардың сұлбасына қойылатан талаптар.
Жылу станцияларының блокты агрегатты электрлік сұлбалары.
Төменгі және ортанғы кернеулі ТҚ сұлбасы.
Атом станций сұлбасы.
Трансформаторлы станция сұлбасы.
№ 12 Дәріс конспектісі
Дәріс тақырыбы: Электр станция мен қосалқы станцияның өзіндік мұқтаждық жүйесі – энергожабдықтау көзі, өзіндік мұқтаждық жүйесінің жұмысшы машиналары.
Электр станцияның өзіндік мұқтаждықтың (ө.м.) тұтынушыларын электрмен жабдықтау үшін генераторлық кернеудегі қуатты таңдау жүргізіледі. Ө.м. ТҚ қоректендіру бөлек жұмыс істейтін трансформаторлардан жүргізіледі. трансформаторлардың бөлек жұмыс істеуі қ.т. токтарының деңгнейін шектеуге және басқа секцияларға жалғанған желілерге әсерін азайтуға мүмкіндік береді.
Ө.м. ТҚ жалғағыш бір сөндіргішті,бұл дұрысында тұтасты болып табылады, яғни әртүрлі орындалудағы КТҚ шкафтар жиынтығынан құралған, және бір секцияланған жүйелі шиналар жиынтығынан орындалады.
Ө.м. тұтынушыларын қоректендіру үшін кернеудің екі деңгейі пайдаланылады: 6кВ – қуатты электр қозғалтқыштарды қоректендіру үшін (200 кВт жоғары) және 0,4 кВ – қалған төмен қуатты тұтынушылар үшін. Мұндай бөліну қуаты 200 кВт төмен электр қозғалтқыштарды 6 кВ кернеумен қоректендіру экономикалық жағынан тиімсіз (1,5 – 2,3 есе қымбат), ал қуаты 200 кВт – тан жоғары электр қозғалтқыштарды 0,4 кВ –пен орындау қоректендіруші кабельдердің қимасының ұлғаюын талап етеді. Төмен қуатты электр станцияларында ө.м. қоректендіру тек 0,4 кВ орындалуы мүмкін.
Ө.м. резервті қоректендіру электр станцияның генераторларының қуатын таңдау жолымен іске асырылады, бірақ ө.м. резервті қоректендірудіің қосылуы олардың жұмыстық қоректенуінің қосылуымен байланысы болмауы қажет. Ө.м. тұтынушыларының аса жауаптылары үшін қосымша тәуелсіз электр энергия көзі қарастырылады (аккумуляторлы батареялар, дизель – генераторлар).
ЖЭС – да ө.м. барлық қуатының шамамен 2/3 негізгі жылулыкүштік қондырғыға және тек 1/3 ғана жалпы станциялық тағайындағы тұтынушыларға қызмет ету үшін жіберіледі. ЖЭС –дағы ө.м. ең қуатты жұмыстық механизмдер болып мыналар табылады: қоректендіруші, иркуляциялық және тораптық сорғыштар; ауаайдағыштар; тартып үрлеу тобының механизмі. Қуаттары 300 МВт және одан жоғары энергоблоктардың қоректендіруші сорғыштары мен ауаүрлегіштері турбожетекке ие, ал қалған механизмдер – электрлік (көбінесе асинхронды қозғалтқыштар) жетегі және оның басқа жтек түрлерінен артықшылығы.
12.1– сурет. Үш энергоблокты КЭС ө.м. электрмен жабдықтаудың сұлбасы (аппараттарда және секцияларда белгіленген цифрлар блок номеріне сәйкес келеді)
12.2 – сурет. ЖЭО ө.м. электрмен жабдықтаудың
сұлбасы
12.3 – сурет. Агрегаттық және жалпы станциялық тұтынушылары бөлек қоректенетін қуатты СЭС ө.м. электрмен жабдықтауының сұлбасы.
Блокты ЖЭС – ның ө.м. сұлбасы (12.1 – сурет) басты электрлік сұлбас сияқты блоктық принцип бойынша құрастырылады - ө.м. жұмысшы трансформаторларының жалғану нүктесі блоктық трансформатор мен генератор арасында болады. Ө.м. 6 кВ ТҚ бір секцияланған жүйелі шиналар жинтығының сұлбасы бойынша орындалады. Әр блоктың ө.м. механизмі екің немесе оданда көп секцияларынан қоректенеді. Бұл бір секцияда апат болған кезінде блок жұмысын жалғастыра беру үшін жасалған. Жоғарыда айтылғандай 6кВ ТҚ секциясына қуаты 200 кВт және олан жоғары және трансформацияның екінші сатысындағы трансформаторлар жалғанады.
Ө.м. ТҚ секциясының резервтік қоректендіру ө.м. резервтік трансформаторларына жалғанған резервтік магистраль бойынша іске асырылады. Ө.м.трансформаторларының саны электр станцияда орнатылған энергоблок санымен анықталады (энергоблоктар генераторлы сөндіргіштермен орындалады). Ө.м. бір трансформаторы электр станцияның екі энергоблогы кезінде орнатылады; біреуі жалғанған және біреуі ауыстыруға дайын – үш және оданда көп энергоблок кезінде.
Сұлбасы 12.1 суретте көрсетілген КЭС – те бірінші энергоблоктың 0,4 кВ кернеулі ө.м. тұтынушысы және жалпы станциялық жүктеменің бөлігі 1СА, 1СВ, 1СС және 1СD жарты секциядан қоректенеді. Ең жауапты тұтынушылар секцияның басқа бөліктерінен автоматты сөндіргішпен бөлінген 1СА және 1СВ жарты секцияларына қосылған. Берілген энергоблоктың ө.м. резервті трансформаторы үшінші энергоблоктың 3ВА секциясына қосылған. Кернеуі жүктемемен реттелетін ө.м. трансформаторларын қолдану ө.м. ТҚ шиналарындағы қажетті кернеу деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Ө.м. трансформаторларының төменгі кернеулі орамдарының таралуы және ө.м. 6 кВ ТҚ секциаясының бөлек жұмыс істеу ҚТ тогының деңгейін шектуге мүмкіндік береді және сонымен қатар КТҚ – н қолдануға мүмкіндік береді. Қажеттілік кезінде кірсте 0,4 кВ шинадағы ҚТ ток деңгейін төмендету үшін кейбір жиындарды ток шектуші реакторлар орнатады.
12.2 суретте төрт генераторлы араласқан ЖЭО-ның ө.м. электрмен жабдықтаудың сұлбасы келтірілген.
Жалпы станциялық жүктеме және ЖЭО блоктық емес бөлігінің тұтынушылары қосылған 1 ВА және 2ВА 6кВ секциялар ө.м. жұмысшы трансформаторларының Т1 және Т2 қоректенеді. Энерго блоктың ө.м. тұтынушылары ө.м. Т3 және Т4 жұмысшы трансформаторларынан қоректенеді. Ө.м. резервті трансформаторлары дәнекерлеу арқылы ЖЭО блокты емес бөлігінің байланыс трансформаторына қосылады.
12.3 – суретіне жалпы станциялық және агрегаттық тұтынушылары бөлек қоректенетін үлкен қуатты СЭС-н ө.м. электрмен жабдықтауының сұлбасы келтірілген.
Сурет. 12.4. Бір кернеудегі СЭС агрегаттық және қоғамдық ө.м. қоректендірудің ортақтандырылған біріктірілген сұлбасы.
СЭС-те электр энергияның өндірісінің технологиялық үрдіс АЭС пен ЖЭС-ке қарағанда айтарлықтай қарапайым, сондықтан ө.м. механизімінің саны онда айтарлықтай төмен. СЭС ө.м. барлық тұтынушылары агрегаттыға – майсорғыш майқысымды қондырғы, турбинадан соғышпен суды айдау, трансформаторлап суыту және т.б. – және жалпы станциялық-көтеруші механизмдер, техниеалық сумен қамтамасыздандыру сорғышы, сорушы құбырдан суды айдау сорғышы, дренажды және өрттік сорғыштар, жарықтанлыру, желдеткіш, жылыту және т.б. бөлінеді.
Агрегатты ө.м. электрмен жабдықтау 0,4кВ кернеуден жүргізіледі. 0,4 кВ құрамасы энероблок генераторына дәнекерлену арқылы жалғанған жеке трансформаторлардан қоректенеді. Бұл, құрамалардың резервті қоректендіруі 6-10кВ ТҚ қосылған екі резервті трансформатордан жүргізіледі және әр секция қалыпты режимде бөлек жұмыс істейді. Секциялық сөндіргіш әр секциядан жалғанған кезде (АВР), резервтік автоматты қосу сұлбасы бойынша қосылады. Резервті секциялар әрқайсысы жеке автотрансформаторларында жалғанған қосымша төмендеткіш трансформатордан қоректенеді.
6-10кВ ТҚ-дан жергілікті жүктемені және жалпы станциялық ө.м. электрмен жабдықтау іске асырылады. Агрегатты және жалпы станциялық қоректендіру үшін қуаты 1000 кВ А үлкен емес құрғақ трансформаторлар қолданылады, бұл оларды тікелей 0.4 кВ құрамаға жақын орналастыруға мүмкіндік береді.
Аз көлемді, аз кернеулі СЭС, сонымен қатар орта қаутты СЭС-да агрегаттық және жалпы станциялықө.м. орталықтандырылған біріктіндірілген қорек бір (12.4. сурет) немесе екі кернеу деңгейіне сәйкес. Бұл жағдайда әр гидро агрегаттардың ө.м. 0.4 кВ шинасы автоматты сөндіргіші арқылы екі бөлікке бөлінеді және екі секцияда ө.м. бір жұмысшы трансформаторға жалғанады. Соңғысы ірілінген блоктық ТҚ-дан немесе электрстанцияның орталықтандырылған 6-10кВ ТҚ-дан қоректенеді.
Негізгі әдебиеттер: 1[227-237]
Қосымша әдебиеттер:1[350-365]
Бақылау сұрақтары:
Өзіндік мұқтаждықтың ТҚ-сы
ЖЭО ө.м.т электрмен жабдықтау сұлбасы
3. Агрегатты ө.м. электрмен жабдықтауды
№13 Дәріс конспектісі
Дәріс тақырыбы: Тарату құрылғыларының конструкциясы – тарату құрылғыларының классификациясы. Жалпы талаптар. Электр техникалық құрылғыларды электр станция аумағында орналастыру.
ТҚ электр қондырғыларының сұлбаларына жалпы құжаттарына қойылатын талаптарға (НТП) ЖЭС, АЭС,СЭС, ГАЭС және ПС технологиялық жобалау нормалары болып табылады. Сонымен қатар, көптеген жобалық құжаттар қатары болады, олар салалық талаптардың ерекшелігін анықтай түседі. ЖЭС – тің ТҚ – ға қатысты қойылатын талаптары келесідей түрде сипаииалады:
СВ немесе ШСВ- дан бпасқа қуаты 300 МВт және одан жоғары электр станцияларында агреаттарында кез келген сөндіргіштің істен шығуы, бірден көп энергоблоктардың бір немесе бірнеше ЭБЖ – ның сөнуіне жол бермеу керек, егер энергожүйенің немесе оның бөлігі тұрақтылығы қамаамасыз етілген болса;
СВ немесе ШСВ істен шығуы кезінде сонымен қатар басқа тораптарды жоспарланған жөндеу уақытында сөндіргіштердің бірі жұмыстан шыққан уақытта қуаты 300 МВт екіден көп энергоблоктардың және екі желілердің өшуі болмауы керек, егер бұл кезде энергожүйенің немесе оның бөлігінің тұрақтылығы қамтамасыз етілген болса. арнайы жағдайлар кезінде бір уақытта екі энергоблоктарға дейін жұмыстан шығуына рұқсат етіледі, егерде бұл рұқсат ету энергожүйенің және оның бөлігінің тұрақтылығыеың сақату шартарына қайшы келмесе және электрстанцияның толықтай тоқтануына және басқа энерго блоктарының жұмыстарына әсер етпесе;
ЖЭО үшін кез келген сөндіргіштердің істен шығу кезінде бір уақытта өшетін агрегаттардың мүмкін саны мен қуаттар қосындысы тек қана энергожүйенің тұрақтылығының сақтау шартары бойынша ғана анықталмайды, сонымемен қатар тұтынушыларды электр және жылумен қамтамассыз ету бойынша ;
кез келген сөндіргіштердің істен шығуы бір тізбектің (екі желі) екі тізбекті транзитті 110 кВ және жоғары кернеулері үшін өшірілуі болмау керек;
электр беріліс желілерінің өшірілуі кем дегенде 2 сөндіргіштермен, трансформаторлар (автотрансформаторлар) – жоғары кернеулі ТҚ әрқайсысында кем дегенде үш сөндіргіштермен жасалу керек.
110 Кв және жоғары кернеулерде сөндіргіштердің жоспарлы жөндеу жұмыстары сәйкес қосылулардың өшілілуіссіз жасалады;
блокты электр станцияларының екі іске қосушы резервті ө.м. трансформаторлар мен ТҚ қоректендіру кезінде кез келген сұлбадағы сөндіргіштердің біреуі бір уақыттан істен шыққан кезде.
АЭС ТҚ сұлбалары үшін қойылатыг жоғарыдағы аталған талаптарға ұқсас, бірақ одан да қаталдырақ болып келеді:
- 1000МВт реакторлы энергоблоктар үшін кез келген сөндіргіштердің істен шығу бірден көп энерго блоктың сөнуіне және бір немесе бірнеше желілердің өшуіне алып келмейді, егер энергожүйенің тұрақтылығы қамтамассыз етілсе;
- 1000 МВт дейінгі қуатты энерго блоктың СВ немесе ШВС істен шығуы, сонымен қатар басқа тораптағы жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде сөндіргіштердің бірі істен шыққан уақытта 1000 МВт және одан жоғары екіден көп энергоблоктардың сөнуіне және энергожүйенің тұрақтылығының қамтамасыз етіп тұрған желілерден істен шығуына мүмкіндік бермеу керек.
СЭС (7.ІІІ сур.) және ГАЭС ТҚ сұлбалары өзіндік спецификаға ие. Біріншіден, апаттық режимдерден кейін энергоблоктардың бір уақытта желіден өшірілу сандары регламенттелмейді. Екіншіден, блокты трансформаторлардың өшірілуі кем дегенде үш сөндіргішпен қамтамассыз етілу керек, 500 кВ-қа дейігі трансформаторларды (автотрансформаторларды) өшіру – кем дегенде төрттеу, ал 750 кВ үшін – ТҚ бір кернеуінің кем дегенде үш сөндіргішпен қамтамассыз етіледі.
Қосалқыстанция үшін электр беріліс желілері өшіруші максималды сөндіргіштер саны екеуден аспау керек, 500 кВ-гі трансформатор (автотрансформатор) үшін – төртеу, ал 750 кВ үшін бір жоғарлату ТҚ үшеу болу керек.
Келтірілген нормативтер ресми бекітілген ведомствалы НТП-да көрсетілген. Қазіргі таңда жобалайтын ұйымдарда олардың дамытуда ұсыныстар қарастырылған, онда ұсыныс сипатта болады. Олар электр станциялардың ТҚ сұлбаларын сенімділігін жоғарлатуға бағытталған. Блокты ЖЭС үшін развилкадағы шиналы айырғыштарлың бұзылуы немесе кез келген сөндіргіштердің істен шығуы бірден көп энерго блоктың және бір немесе бірнеше желілердің өшірілуіне, егер де энергожүйенің неменсе оның бөлігінің тұрақтылықтары қамтамассыздандырылады. Трансформаторлардың (автотрасформаторлардың) өшірілуі жоғарлатушы кернеулі ТҚ-ның кем дегенде екі сөндіргіштермен жасалады. ЖЭС-да развилкадағы шиналы айырғыштың бөлінуі немесе кез келген сөндіргіштердің істен шығуы оның толықтай тоқтатпауы керек.
ТҚ-ның типтік сұлбалары және олардың қолдану аймағы электр станция мен қосалқы станциялармен НТП-мен анықталады. 7.1-7.3 кестеде электро станцияның ТҚ типті сұлбаларының ресми бекітілген НТП, ал 7.4 кестеде – қосалқы станциянікі көрсетілген. “+” таңбасы ұсынылған сұлбаға, ал “–” таңбасы НТП-мен қарастырылмайтын сұлбаларға қатысты.
Бірінші және төртінші топты ТҚ нормативті құжаттарына сәйкес 220 кВ кернеулеріне дейін, тораптарда және блокты сұлба үшін ыңғайлы болып келеді және жоғары классты кереулер үшін қолданылмайды. Екінші және үшінші топты ТҚ сұлбасы 330 кВ жоғары кернеулі ТҚ үшін арналған және тек қана көпбұрышты сұлбасы төмен классты кернеулер үшін қолдануға ұсынылады. Соңғы жылдары екінші және үшінші топты ТҚ сұлбасы төмен кернеулі тораптар үшін қолданыс тапты. Екі системалы құрама шинасы және айналмалы жүйе шинасы бар ТҚ сұлбасы үшін барлық НТП-лар қосу салдарына байланысты құрама шшиналарының сөндіргіштерін секциондау регламенттеледі.
СЭС, ГАЭС және ПС үшін қосылулар саны 16 немесе одан көп кезіде екі жұмыс шиналарын сөндіргіштермен, секционарлауға жатады. Типтік шешімдер екі ШСБ және екі ОВ орнатуда қарастырады. 12-15 қосылулары бар ПС үшін бір жүйенің құрама шиналарымен секциондауға рұқсат етіледі. Қосылулар саны аз болған кезде ПС құрама шиналары секцияланбайды.
7.1 кесте
ЖЭС ТҚ схемаларының типтік схемалары
Схема |
Кернеулі торабтарындағы схемалардың қолданылуы, кВ |
||||
110 |
220 |
330 |
500 |
750 |
|
Блокты |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Өту желілерінен шығатын тармақтар |
+ |
+* |
+* |
+* |
+* |
Көпір |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Айналу шиналы жүйесі бар бір секцияланған жинақтаушы шиналар жүйесі |
+ |
+ |
– |
– |
+ |
Айналу шиналы жүйесі бар екі жинақтаушы шиналар жүйесі |
+ |
+ |
– |
– |
– |
Схема 3/2 |
– |
– |
+ |
+ |
+ |
Схема 4/3 |
– |
– |
+ |
+ |
+ |
Көпбұрыш ** |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Екі байланысқан көпбұрыш** |
– |
– |
+ |
+ |
+ |
Генератор–трансформатор– теңестіргіш-айналу көпбұрышы бар желі |
– |
– |
+ |
+ |
+ |
* Жеткілікті негіздер бар болған жағдайда ғана қолдану рұқсат етіледі.
** алтыға дейін қосу сандары бар.
*** Әрбір көпбұрышқа алтыға дейін қосу сандары бар.
7.2 Кесте
Схема |
Кернеулі торабтарындағы схемалардың қолданылуы, кВ |
||||
110 |
220 |
330 |
500 |
750 |
|
Блокты* |
– |
– |
+ |
+ |
+ |
Айналу шиналы жүйесі бар бір секцияланған жинақтаушы шиналар жүйесі |
+ |
+ |
– |
– |
– |
Айналу шиналы жүйесі бар екі жинақтаушы шиналар жүйесі |
+ |
+ |
– |
– |
– |
Схема 3/2 |
– |
+ |
+ |
+ |
+ |
Схема 4/3 |
– |
+ |
+ |
+ |
+ |
Көпбұрыш ** |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Екі байланысқан көпбұрыш*** |
– |
– |
+ |
+ |
+ |
Генератор–трансформатор– теңестіргіш-айналу көпбұрышы бар желі |
– |
– |
+ |
+ |
+ |
* Желі ұзындығы 5 км дейінгі.
** төртке дейін қосу сандары бар.
*** Әрбір көпбұрышқа алтыға дейін қосу сандары бар.
АЭС және ЖЭС сұлбалары үщін, екі жүйенің құрама шиналары қосылулар саны 17 және одан жоғары кезінде секциондалады, бұл кезде ОВ және ШСВ функцияларын бірлестіретін екі сөндіргіштер қолданылады. Қосылулар саны 12-16 кезінде жұмысшы құрама шиналарының бірі секциондалады. Одан аз қосылулар кезінде құрама шиналар секциондалмайды.
7.3 кесте
Қосалқы станция ТҚ схемаларының типтік схемалары
Схема |
Кернеулі торабтарындағы схемалардың қолданылуы, кВ |
||||
110 |
220 |
330 |
500 |
750 |
|
Блокты |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Өту желілерінен шығатын тармақтар |
+ |
+* |
+* |
+* |
+* |
Көпір |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Кіру–шығу |
+ |
+ |
– |
– |
– |
Айналу шиналы жүйесі бар бір секцияланған жинақтаушы шиналар жүйесі |
+ |
+ |
– |
– |
– |
Айналу шиналы жүйесі бар екі жинақтаушы шиналар жүйесі |
+ |
+ |
– |
– |
– |
Көпбұрыш * |
– |
+ |
+ |
+ |
+ |
Трансформаторлар–шиналар |
– |
– |
+ |
+ |
+ |
Схема 3/2 |
– |
– |
+ |
+ |
+ |
3/2 схема бойынша қосылған желілері бар трансформаторлар–шиналар |
– |
+ |
+ |
+ |
+ |
* төртке дейін қосу сандары бар.
Тәжірибе көрсеткендей, ОВ және ШСВ функцияларын бірлестіру электр қондырғыларының эксплуатацияларын қиындатады және блокировкалардың күрделігінен және екінші тізбектегі қосылулар санының көптігінен сенімділігі төмендейді. Сондықтан жоғарыда аталған ОВ және ШСВ функцияаларын бірлестіру көптеген шешімдерді шешуде маңызды тенденцияға ие.
Екі ОВ кезінде айналмалы шина системасы кейбір жағдайда айырғыштармен секциондалады немесе екі тәуелсіз бөліктер ретінде жасалады.
Бұл дегеніміз екі ОВ-ның жұмыстары айналмалы шина жүйесінің қосылулар саны екеу кезінде байланыстардың болуын жояды. ТҚ сөндіргіштерін жоспарлы жөндеу жұмыстары кезекпен орындалады. Сұлбада екі ОВ-ң болуы басқа ОВ-ң жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде бір ОВ-ң істен шығып, ауыстыру кезінде ақтауы мүмкін.
Айналмалы жүйе шинасы бір немесе екі системалы жүйе құрама шинаның болуы үнемі болмайды. Кейбір жағдайларда 35 кВ кернеулі ТҚ сұлбасы осы класстық кернеулерден сөндіргіштернінің жөндеу жұмыстарының ұзақтығы аз болған кезде қолданылады. Бұл, сонымен қатар КРУЕ үшін қарастырылмайды.
Бір системалы бір жүйелі құрама шиналы айналмалы система шинасы бар ПС сұлбасы үшін екі тізбектей қосылған сөндіргіштердің қосылған сөндіргіштерді құрама шина системаларын қарастырылады. Бір секционды құрама системалы шиналы ПС үшін развилкадағы екі секцияға щығатын екі шиналы айырғышы бар бір ОВ орнатылады. ЖЭС және АЭС сұлбалары үшін, ОВ орнату құрама шина секцияларының әрқайсысында орнатылады. АЭС үшін жақында 500,1000 МВА қуатты моноблоктар, сонымен қатар қуаты 500 МВА байланыс автотрансформаторы ТҚ сұлбасынан тәуелсіз кем дегенде екі сөндіргіштермен коммутацияланады.
Қазіргі таңда жобалайтын ұйымдарда ТҚ сұлбаларын дамытуға арналған ұсыныстар бар. ЖЭС ТҚ бір системалы құрамалы шиналар үшін екі тізбектей қосылған СВ орнату қарастырылған. ТҚ-да екі системалы құрама шинасы және айнымалы система шинасы бар қосылулар саны 11 кезінде немесе одан кем құрама шина системалары секцияланбайды. Қосылулар саны 12 және одан көп кезінде құрама шиналардың әрқайсысы өзінің сөндіргішімен секцияланады. Екі құрамалы системалы шиналарда секционды екі ө.м. іске қосушы резервті автотрансформаторлары бар ТҚ қосылулар санынан тәуелсіз жасалады. 500МВт және одан көп моноблоктар , сонымен қатар, екі системалы құрамалы шиналы айнымалы шиналы истемалары сұлбасы бар қуаты 500МВА байланыс автотрансформаторлары екі сөндіргіштермен коммутацияланады. 3/2 және 4/3 сұлбаларды қолдану аймағы барлық 110 кВ жоғары кернеулер үшін таратылады. Сөйтіп, осы барлық ұсыныстар ТҚ сұлбаларының сенімділігін арттыруға бағытталған. Электрлік станциялармен қосалқы станциялардың құрылымдық сұлбалары.
Электрлік құрылымдық сұлба қондырғылардың құрамынан(генераторлар мен трансформаторлардың саны мен қуаты) генерациялайтын қуаттардың таратылуы және әртүрлі деңгейлі кернеулі ТҚ сұлбасындағы арасындағы тұтынушылар тұтынушылар жүктемелері және осы ТҚ арасынддағы байланыстарды анықтау.
Негізгі әдебиет: 1[227-232]
Қосымша әдебиет: 1[350-365]
Бақылау сұрақтары:
ЖЭС үшін бір уақытта өшірілетін агрегаттардың қосынды суммасы және мүмкін сандары;
ТҚ типті сұлбалары және олардың қолдану аймақтары;
ЖЭС ТҚ электрлік құрылымдық сұлбасы;
ПС ТҚ типті сеткалы сұлбасы.
№14 Дәріс конспектісі
Дәріс тақырыбы: Электрберулер және тұрақты тоқ вставкалары, тағайындалуы қолданылу облысы, түрлендіргіш қосалқы станциялар, электрберулер және тұрақты тоқ вставкаларының энергетикалық режимдері.
Қазіргі кезде электр энергеиясын өндіру, оны ұзақ қашықтыққа беру, тарату және тұтыну үшін айнымалы тоқ қолданылады. Бұл, айнымалы тоқтың трансформациялануға беймділігімен түсіндіріледі, яғни кернедің жеткілікті қарапайым аппараттармен-трансформаторлар көмегімен өзгеретіндігімен, сондай-ақ айнымалы тоқ электр қозғалтқыштарының конструкциясы едәуір қарапайым, сондықтан-да тұрақты тоқ электр қозғалтқыштарына қарағанда сенімдірек болғандықтан айнымалы тоқ қолданылады. Осыған байланысты айнымалы тоқ, кейбір өндіріс орындары мен электр транспорттарынан басқа барлық жерлерде қолданылады. Осыған қарамастан соңғы онжылдықта әртүрлі елдердегі электроэнергетиктар бірқатар мәселелерді шешу үшін тұрақты тоқты қолдануда, соның ішінде ұзақ қашықтыққа электр энергиясын беру мәселесі де қарастырылуда.
Неге бұл мәселе қарастырылуда деген сұраққа, айнымалы және тұрақты тоқ желілерінің сипаттамасын салыстырамыз.
Екі желі де бір типті парпаметрлерге ие - өткізгіштердің активті кедергілері, сондай-ақ индуктивтілігі және сиымдылығы. Өткізгіштіктердің активті кедергілері, желілердегі қуат пен энергия шығынын, сондықтан-да оның ПӘК, ал индуктивтілік пен сиымдылық электр энергиясын берумен байланысты желідегі электромагнитті процесстерді анықтайды. Айнымалы тоқ желілері үшін осы процесстер толқынды сипаттқа ие, сондықтан-да осындай желілердің негізгі сипаттамаларын анықтайды.
Енді кабельді желілерді қарастырамыз. Айнымалы тоқтың кабельді желілері едәуір шектелген ұзындыққа ие – 15-20 км аспайды. Бұл жағдай екі негізгі себептермен түсіндіріледі: кабельдердің едәуір сиымдылығына байланысты салдапдан пайда болатын үлкен зарядтаушы қуаттың болуына;
Кабельдердің құнының қымбаттылығына байланысты болады.
Зарядтаушы қуат кабельдер сымдарының қосымша қызуна алып келеді, бұл жағдай тиімді берілу қуатын төмендетеді және кабель ұзындығын шектейді. Бұл жағдай ерекше түрде жоғарғы вольтты кабельді желілерге тиісті (110-500 кВ). Сондықтан-да кабельді желілер жеткілікті ұзақ қашықтыққа электр энергиясын беру үшін қолданылмайды.
Тұрақты тоқ кабельді желілерінде зарядтаушы қуат болмайды, сондықтан кабельдің қосымша қызуын тудырмайды. Содықтанда тұрақты тоқ кабельді желілері ұзақ қашықтыққа қолданылуы мүмкін (100-200 км, одан да ұзақ қашықтыққа қолданылуы мүмкін) және де басқа жолдармен шешуге болмайтын мәселелерді шешу үшін қолданылады, мысалы, үлкен су бетін өту үшін (морских проливов), үлкен қалалардың орталығына күшті қуатты енгізу үшін және т.с.с.
