- •Кернеу трансформаторларының құрылыстары
- •Реактордың индуктивті кедергісі
- •Өткізгізштер мен аппараттарды таңдаудағы есептік шарттар Есептік жұмыс тоқтары
- •Қысқа тұйықталудың есептік тоқтары
- •Трансформатордың құрылысы.
- •Тарату құрылғылар схемаларының классификациясы
- •7.1 Сурет. Тқ бірінші тобының сұлбасының мысалы айнымалы жүйе шинасы кезіндегі:
- •Электр қондырғылардың сұлбасына қойылатын талаптар.
- •Атом электрстанциясының сұлбасы.
- •Электрберу және тұрақты тоқ вставкаларының схемалары
- •Жылулық конденсациондық электростанцияның сұлбасы
- •Атом электростанцияларының сұлбасы
- •Зертханалық сабақтар жоспары
- •2.4 Оқытушы жетегімен студенттердің өзіндік жұмысы рамкасында сабақ жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмысы рамкасында сабақ жоспары (сөж)
- •2.6. Өзін тексеру үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптардың кодтары
- •2.7 Өткен курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Электр станциясының электр бөлігі
Тарату құрылғылар схемаларының классификациясы
Кез келген ТҚ сұлбасын таңдауда келесі факторлардың ықпалы үлкен әсер етеді:
электр станция типі;
орнатылған генераторолардың мөлшері мен қуаттары;
байланыс желісінің энергожүйесімен алғандағы мөлшері және олардың жауапкершілігі;
энергожүйедегі электрлік тораптар кернеуінің деңгейі және сұлбасы;
(қ.т.) қысқаша тұйықталу тогының сан мәні;
талап етілетін параметрлері бойынша қондырғылардың болуы және олардың сенімділігі;
белгіленген сұлба бойынша ТҚ құрастыру аумағының параметрлері;
ТҚ (жтқ, атқ) мүмкін болатын құрастыру.
Ажыратқыштардың санына байланысты, ондағы ТҚ бір жалғануын анықтайды. Қазіргі жағдайда жалғау ұғымы ретінде бір немесе бірнеше трансформаторлы, электр тарату желілері, реактивті қуатының жеке жалғанған қарымталау аппараттарын айтады. Қабылданған шартқа сәйкес бөлулердің ТҚ сұбасының төрт негізіг тобы бар:
7.1 Сурет. Тқ бірінші тобының сұлбасының мысалы айнымалы жүйе шинасы кезіндегі:
а – бір секцияланған жүйесінің жинақталған шинасының бөлек айнымалы ажыратқыштармен әр секциясына; б – сол сияқты, жүйелі шиналар жиынтығы секцияларған екі тізбектей жалғанаан өшірілген ажыратқыштармен; в – бір секцияланған жүйеләі шиналар жиынтығының айналым ажыратқышының біреуімен; г – сол сияқты, бірақ жүйелі шиналар жиынтығымен, екі тізбектей қосылған ажыратқыштардың секциялануымен; д – екі жүйелі шиналар жиынтығымен; е – сол сияқы, бірақ екі жүйенің шиналар жиынтығының секциялануымен; ОВ – айналып өту ажыратқышы; СВ – секциялы ажыратқышы; ШСВ – шина біріктіргіш ажыратқыш.
бір ажыратқыштың коммутациялық жалған сұлбасы (7.1 – сурет.) – бір – екі (бастыс бөліктерінде 1,2,3, сирек – 4 және 5) шина жүйесінің жиынтығы, айналып өті жүйесінің шинамен немесе онысыз;
екі ажыратқыш коммутациялық жалғану сұлбасы (7.2 - сурет) – екі жүйелі шиналар жиынтығы екі ажыратқышының жалғануы (сұлба 2/1), екі жүйелі шиналар жиынтығының үш ажыратуы – шинаның екі жалғануы (сұлба 3/2 немесе бір жарым);
екі жүйелі шиналар жиынтығының төрт ажыратқышының үш жалғануына (сұлба 4/3), көп бұрыштар (үшбұрыш, төртік, бестік және алтыбұрыштық), АҚШ – да және Канадада он және он екі бұрыштықтарды қолдану тиімді деп қабылдаған;
жеңілдетілген сұлбасы, ажыратқыштар саны жалғанулар санына қарағанда төмен (7.4 - сурет);
блокты өтіп жатқан желіден тармақталынған, көпірлік, кеңейтілген төрт бұрыштық, кірістік – шығыс. Кейбір сұлбаларда ажыратқыштар жоқ болуы мүмкін, олардың орнына бөлгіштер және қысқаша тұйықтағыштар қолданылады немесе тек қана бөлгіштерді;
үш және оданда көп ажыратқыштардың коммутациясымен бірге сұлбасы (7.3 - сурет);
байланысқан көп бұрыштар, генератор – трансформатор айнымалы көп бұрыштық теңдеуімен трансформаторлар – шина .
Негізгі әдебиет: 1 [227-232]
Қосымша әдебиет: 1[350-365]
Бақылау сұрақтары:
ТҚ классификациясы.
Бірінші топты ТҚ схемалары.
Еінші топты ТҚ схемалары.
Үшінші топты ТҚ схемалары.
№ 11.Дәріс конспектісі.
Дәріс тақырыбы: 1.11. Станция және қосалқы станциялардың қосалқы станциялары.
Электрлік қондырғыларға, қосалқы трансформаторлық сұлбаларына қойылатын талаптар, қосалқы және электрлік станцияларының техникалық жобасына тапсырма.
Электрлік станциямен қосалқы станцияны жобалау электрлік жүйесінің бөлігіне сәйкес сұлбасын 10-15 жылда өңдеуге негізделген. Осы сұлбаны өңдеу кезінде анализге технико-экономикалық көрсеткіштерге сәйкестелінген нұсқаулар пайда болады. Аталған алдыңғы жұмастар негізінде келесі мәліметтерді қосатын станцияның және қосалқы станцияның техникалық жобасына мынадай тапсырмалар беріледі:
станцияның қойылымдық қуаты;
жобаның технологялық бөлігіне қабылданатын, негізгі энергетикалық қондырғыларының параметрлері, түрі, бірлік қуаттары(турбо және гидро агрегаттар, бу генераторлар);
кезекті жұмысқа қосатын агрегаттары;
станция жұмысының режимі;
кернеу сатысы бойынша жүктемені тарату;
жүйеден ҚТ тогының берілгендері;
жобалау кезіндегі ескерілетін ерекше шарттар.
Тапсырманы материалдармен және технологиялық жобалау нормалармен басқару арқылы, инженер-жобалаушы станцияның негізгі нұсқаулы сұлбасын белгілеп, онда генератордың, трансформатордың қуаттарын , барлық сатылы кернеудегі тарату құрылғыларындағы құрама шиналарын желілерді, коммутациялық аппараттарды, тоқ шектеуші реакторларды және т.б. көрсетеді.
Кейіннен ҚТ токтарын есептеп және сөндіргіштерді таңдау қажет. Мұндай есептеулер әрнұсқаулы сұлбалар үшін орындалу қажет, себебі ҚТ тоқтары сөндіргіш түрлерін және ТҚ бағасын анықтайды.
Сұлбаның белгіленген нұсқасы үшін трансформатордағы жылдық шығынын анықтайды, себебі шығындалған энергияның бағасы экономиалық көрсеткіштердің бірі болып табылады. Экономикалық критерии негізінде толық есептік шығындар есептеледі, ол үш құраушыдан тұрады.
З=kPH+И+У
мұндағы, k- жобаланатын қондырғыға салынатын қаржы, рн – қаржы салу энергетикада есептік 0,12-ге тең деп қабылданған эффективтілігінің нормативтік коэфициенті, И-өндірісітің жылдық шығыны, У-тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйесінің бұзылуымен және жүйенің қалыпты жұмысының бұзылуымен әкелінетін халықшаруашылықтың зақымдалуы.
Өндірістің шығыны қызмет ету, қондырғыдағы амортизациялық қысқартулар мен алдыңғы баптаулар, сонымн қатар трансформатордағы, реактордағы және желілердегі жылдық шығындалатын энергияның бағасынан құралады.
