Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДС_ЭЧЭС_каз_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.14 Mб
Скачать

Электрберу және тұрақты тоқ вставкаларының схемалары

ППТ және ВПТ структуралық схемалары 14.1. суретте көрсетілген. Электрберулерде тұрақты тоқ тек алшақ жатқан электр станциясынан қабылдағыш жүйеге электр энергиясын тасымалдау үшін немесе бір жүйеден екінші жүйеге тасымалдау үшін қолданылады. Ол үшін, беретін жүйенің генераторларымен өндірілетін айнымалы тоқ электр энергиясы алдыменен тұрақты тоқ энергиясына түрлендіріліп, содан кейін сол түрде желілер бойынша беріліп, одан қайтадан айнымалы тоққа түрленіп қабылдағыш жүйеге берілуі қажет.

14.1- сурет. ППТ (а) және (ВПТ) (б) структуралық схемалары

Электр энергиясын түрлендіру беретін және қабылдағыш жүйелерімен байланысқан П1 және П2 түрлендіргіштерімен орындалады. Беретін жүйеден алынатын айнымалы тоқ энергиясын тұрақты тоқ энериясынатүрлендіретін түрлендіргіш түзеткіш деп аталаы, ал түзеткіштен алып, қабылдағышқа бере отырып айнымалы тоқ энергиясына тұрақты тоқ энергиясына түрлендіретін түрлендіргіш инвертор деп аталады.

Негізгі әдебиет: 1 [227-232]

Қосымша әдебиет: 1[350-365]

Бақылау сұрақтары:

  1. Электрберу және тұрақты тоқ вставкаларының схемалары.

  2. Электрберудегі түрлендіргіштер және тұрақты тоқ вставкалары.

  3. Түрлендіргішті көпірінің негізгі элементтері.

  4. Жоғарғывольтті тиристорлы вентильдер.

  5. Тұрақты тоқты электр берудің алмастыру схемасы.

  6. Түрлендіргішті көпірінің схемалары.

15 дәріс конспектісі

Станциялардың және қосалқыстанциялардың электр схемасы. Электр станцияның техникалық жобасына тапсырма, электроқондыру схемаларына қойылатын талаптар, трансформаторлы қосалқыстанциялардың сұлбалары.

Электрлік станцияны және қосалқыстанцияны жобалауға электроэнергетикалық жобаға сәйкес келетін бөлігін дамыту сұлбасын өңдеу алдымыздағы 10-15 жылда қарстырылмақ. Бұл сұлбаны өңдеу кезінде технико-экономикалық көрсеткіштерге сәйкестендіретін және де қартыратын бірнеше нұсқалар туындайды.

Бұл бастапқы жұмыс негізінде (ол «Электросетьпроект» институтында орындалады) станцияның және қосалқы станцияның техникалық жобасына тапсырым береді. Ол мыналардан тұрады:

  • станцияның орнатылған қуаты;

  • дара қуаттар, жобаның технологиялық бөлігінде (турба немесе гидроагрегаттар, бугенераторларында) қолданылатын негізгі электр құрылғының түрі мен өлшемдері;

  • агрегаттарды жұмыс істеуге кезекпен енгізілуі;

  • станцияның ұмыс істеу тәртібі (тәуліктік сұлбадағы жобаланатын станцияның орны);

  • жобаланған уақыт аралығында түсетін электрлік қысым, олардың сипаттамалары (максималды немесе минималды тәуліктік қысым, қуат коэффициенті, максималды қысымды қолданатын жылдық саны);

  • кернеу КЗ тогының сипаттамасы;

  • жобалау кезінде есепке алынатын арнайы талаптар.

Бұл жұмысты және де технологиялық жобалаудың қажеттілігін басқаратын инженер-жоблаушы станцияның негізгі сұлбасының нұсқаларын көрсетеді. Бұл жерде ол генераторлардың тарнсформаторлардың (СН трансформаторының қуатын қосып) қуатын РУ жиынды шиналарының кернеуін, жиынды шиналарда қосылатын тізбектерді, коммутационды құрылғылары, токты тежейтін реакторларды және де басқаларды көрсетеді, нұсқалардың саны нақты талаптарға сүйеніп анықталады.

Осыдан КЗ токтарының есептелуі және ажыратқыштарды таңдау керек. КЗ токтары ажыратқыштардың түрлері мен РУ құнын анықтайтындықтан есептеулер сұлбаның әр нұсқасы үшін жүргізілуі керек.

Сұлбаның таңдалынған нұсқалары үшін энергияның жылдық жоғалуы анықталады, өйткені жоғалған энергияның құны экономикалық көрсеткіштің бір түрі болып табылады.

Экономикалық үнемдеудің критерийлері ретінде шығынның толық есептеулері қарастырылады.

Мұндағы: к-жобаланған қондырғының капиталды салынуы;

Рн-салынымның нормативті коэффициенті энергетикадағы есептеулер үшін 0,12-ге тең.

Т-өндірістің жылдық тоқталулары;

З- қалыпты жұмыс кезіндегі зардаптар.

Өнеркәсіптегі тоқтаулар құралдың амортизациясына қабылдауына және жөндеуге, сонымен қатар трансформаторлар, реакторлар мен желілерге жылда жоғалатын электр энергиясының құнынан алынады.

Электрқондырғы сұлбаларында қойылатын талаптар.

Сұлба негізгі электрлік құрылғыны және эксплуатациялық құрылымын анықтайтындықтан станциядағы және қосалқыстанциядағы электрлік сұлбаға қойылатын талаптарды қондырғының өзіне қойылатын талаптар ретінде түсіну керек. Жобалау кезіндегі бұл талаптар келесідегідей:

  • энергожүйедегі станцияның және қосалқыстанцияның жұмыс істеу талабына электр сұлбаның сәйкес келуі;

  • эксплуатация қолайлылығы, соның ішінде сұлбаның қарапайымдылығы, ауыстырғыштардың көлемінің аздығы, электрлік құрылғыға жөндеу жұмыстарын жасауға ыңғайлылығы;

  • электрлік бөлігін генераторларды, трансформаторларды, желілерді енгізу керектілігін есепке ала отырып қолайлы жинау;

  • экономикалық жағынан қолайлы етіп қондырғыны барынша автоматизациялау;

  • экономикалық қолайлы болу үшін барынша беріктігі.

Соңғы талапқа тоқталып кету қажет. Беріктік құрылғының құрылысын (құрылым элементтерін, элемент қатарындағы жүйені, жалпы электроқондырғылар) көрсетеді. Электрлік станцияның және қосалқыстанцияның беріктігі ретінде болжалынған тәртіпке сәйкес қуаттың желіге берілуін қолданушыны электроэнергиямен қамтамасыз етуін түсінуге болады. Олар электроэнергияның қасиетін орнатылған нормативтерде сақтай алуы керек. Құрылығының беріктілігі құрылғының ерекшелігін ескере отырып таңдалатын және анықталатын көрсеткіштер арқылы жұмыс істеу қабілеттілігі бұзылғанда оны эксплуатацилау талаптарынна сәйкес анықталады. Беріктікке анализ жасау үшін математикалық үміттің теориясы қолданылады.