Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валюталық операциялар(лекция).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
364.73 Кб
Скачать

Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны

(тапсырманың атауы)

Мақсаты: «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны туралы түсінік қалыптастыру. Болашақ мамандыққа байланысты бағыт-бағдар беру.

Сұрақтары:

1. «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны

2. «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері

Студент тақырыпты ауызша дайындауы қажет. Ол үшін лекция материалдары және қосымша материалдардан келесі сұрақтарды қарастыруы қажет:

  • Валюта ұғымы

  • Халықаралық қатынастардағы валюталық операциялардың алатын орны;

  • Валюталық операциялар курсының мақсатын тұжырымдау;

  • Валюталық операциялардың негізгі міндеттеріне тоқталу;

  • Валюталық құндылықтар ұғымына тоқталу;

  • Валюталық құндылықтардың әрқайсысына сипаттама беру;

Осы сұрақтар бойынша толық мағлұмат қарастырып дайындау. Жалғыз бір өзі дербес білім алу мақсатында жасалатын шаралар зерттеулер деп аталады.

Зерттеулердің келесідей түрлері бар:

Индуктивті зерттеу;

Дедуктивті зерттеу;

Эксперимент/жаңалық.

Индуктивті зерттеу кезінде оқытушы қойылған мәселені шешуге бағыттайтын жағдайларды қамтамасыз етсе, ғылыми концепциялар жеке дербес өз бетінше қарастырылады. Студент, сонымен қатар, сәйкессіздіктерді бейнелеуге, қазіргі мәселелерді, дискомфорт туғызушы негізгі мәселелерді қарастыруы қажет.

Дедуктивті зерттеу кезінде негізгі концепциялар мен оқытушы ұсынатын концепциялар негізге алынуы тиіс. Студенттер іс жүзіндегі аспектілерді өз бетімен қарастырулары қажет.

Тапсырманы орындауды бағалау балы 4 бал

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. М.Н. Крейнина Финансовый менеджмент: учебное пособие / М.Н.Крейнина. М.: Дело и сервис, 2001 г. с. 138

  2. www.national

  3. Қазақстан Республикасы - IV бапқа сәйкес 2009 жылғы консультациялар. ХВҚ миссиясының алдын ала қорытындылары 2009 жылғы 15 мамыр

Тапсырманы орындауды бағалау балы 4 бал

Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері

(реферат дайындау)

Мақсаты: Валюталық жүйе ұғымымен таныстыру. Валюталық жүйенің негізгі элементтерін ажырату.

Тапсырма:

  • Генуя конференциясының ерекшеліктері.

  • Бреттон-Вудс конференциясының ерекшеліктері

  • Кингстон (Ямайка) конференциясының ерекшеліктері

  • Европа валюталық жүйесінің ерекшеліктері

Рефераты әрбір студент жеке орындайды.

Белгілі бір тақырып бойынша бірнеше әдебиет құралдарына немесе бірнеше адамдардың көзқарасына шолу жасау. Қандай да бір құралға немесе классиктің теориялық мұрасына анализ жасау. Пәннің қолданылатын әдебиеттерінің негізінде тапсырылады.

Осы валюталық жүйелердің қолданылу ерекшеліктерін реферат түрінде көрсете отырып сипаттама беру қажет.

Нәтижесі ауызша баяндалады және топта талқыланып, рефератқа қатысты сұрақтар беріледі. Әр рефераты талқылауға 5-7 минут.

Тапсырманы орындауды бағалау балы 4 бал

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина. Изд. 2-ое перераб.и доп.- М.: Финансы и статистика, 2000г.

  2. Баринов Э.А., Хмыз О.В. Рынки: валютные и ценных бумаг. – М.: 2001.,

  3. www.national