Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Вавилонны аспалы баы

.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
44.03 Кб
Скачать

Вавилонның аспалы бағы 2 мың жылдан астам уақыт бойы адамдарды таңқалдырып келді, бірақ оның өмірде болғаны жөнінде ешқандай дәлел жоқ.Вавилонның ежелгі тарихында бақ жөнінде мәліметтер жоқ, археологтар ескі қаланың орнын қазған, бірақ қазірге дейін ешқандай із-тозы жоқ.Дәстүрге байланысты бақ патша II Навуходоносордың бұйрығымен салынған.Тарихи деректерге қарағанда Навуходоносор б.э.д.562-605 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясың құрып, кейін Вавилон атағын шығарған.Аңыздар бойынша ол Аспалы бақты өзінің әйеліне Амитис патшайымның құрметіне салғызған.Қала б.э.д.539 жылы парсылар жаулап алғаннан кейін қаңырап бос қалған, бақтар жөнінде тек тамаша аңыздар ғана сақталып қалған.Дегенмен осындай бақтардың қалдықтары өте алыс емес жерден табылып, археологтар мүмкін осылай болған болу керек деген болжаммен суретін салған.Тигр және Евфрат жарыса аққан қосөзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз қойнауында талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы. Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ көркіне ақылы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр ашып сөйлеспейді. Жатса-тұрса елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде сүйіктімнің бабын табам» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп, патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы то-пыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды, күнбатыстан соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады…Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады.Семирамида аспалы бағы — Вавилонныңпатша сарайындағы алып құрылыс.Навуходоносор ІІ патша Иранның таулы өлкесінен келген өзінің сүйікті әйелдерінің бірі, туған жері мен елін сағынған мидиялықСемирамидаға арнап салдырған деген аңыз-әңгімелер сақталған. Ол ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі әрі соның бетіне Вавилонияның,Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археол. қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкц. құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.Вавилондағы аспалы бақ

Вавилонның аспалы бағы пирамидаға қарағанда жастау.Бұл аспалы бақ грек әлеміне қарағанда Мысырдың көне дүниесіне жақын.Егер пирамидалар талайдың ғұмырына куә болып, ғасырларды көктей өтер,аспалы бақтың құдіреті де боркемік қыш қабырғасы кешікпейВавилонмен бірге құлады. Вавилонның құрылысшылары салған аспалы бақ төрт қабаттан тұрады. Әрбір қабаттың жаппасы 25 метрлік колонналарға жалғасып жатыр.Қабаттардың табанына тас тақталар төселіп, оның үстіне қамыс жайылған.Су өтпес үшін қамыс үстіне асфальт пен қорғасын құйылған.Оның үстіне зәулім ағаштың тамыры жайылып шығатындай етіп топырақ төселген. Әрбір қабатта түрлі-түсті етіп тақталы саты салынған.Ең үстінгі қабатта күндіз-түні тоқтамай ағып тұратын су және оның жағалауында неше түрлі ағаштар отырғызылған. Бұл аспалы бақ дүние жүзінде тұңғыш рет махаббаттың құрметіне салынған монумент болатын. Ассирияны әйел патшасының есімімен атаса, аспалы бақты сол әйел құрметіне арнап,«семирамида бағы» деп атаған. Бұл аспалы баққа Мидия баурайындағы саялы мекеннің елесін орнатты. Бұл аспалы бақты Новуходоносор өзінің сүйікті әйеліне арнап салған. Аспалы бақ ондағы хош иісті гүлдер, ағаштың сыбдырлары–бұл адамның көңілін тартар бақ болатын. Тіпті, Александр Македонскийдің өзі де өлер алдында сло аспалы баққа апаруын бұйырады.Төрт қабатты аспалы бақ және сылдырлап аққан су, сыбдырлаған ағаш дәл Мидия қаласының елесін береді. Кейіннен бұл аспаыл бақ қабырғасын су шайып, Вавилонмен бірге құлады.Ондағы өрнек сынықтарын аспалы бақ қалдығы деп көрсететін болды.