
- •5В050800- «Есеп және аудит» мамандығының
- •1. Пәннің мазмұны:
- •3. Пәндi оқыту мiндеттерi
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- е.А. Мұхамеджанов
- •Пәннің сағаттық жоспары
- •І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
- •Іі Валюталық бақылау және валюталық реттеу саясаты
- •Ііі Халықаралық төлемдер және есеп айырысулар
- •Іү Валюталық нарық және валюталық операциялар
- •Анықиамалық әдебиеттер:
- •Студенттің білімін бағалау шкаласы
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Пәннің дәріс кешені
- •1. 2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
- •2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •2.3 Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •3.2 Валюталық курс түрлері және режимдері
- •3. 3 Валюталық курстың қалыптасуына әсер ететін факторлар
- •3.4 Валюталық курс теориялары
- •4.2 Валюталық саясат, оның нысандары және түрлері
- •4.3 Қазақстандағы валюталық және экспорттық бақылау ерекшеліктері
- •4.4 Валюталық саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу
- •5.2 Қр валюталық операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау
- •5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
- •6.3 Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері
- •6.4 Қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
- •7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар
- •7.3 Халықаралық валюталық банктік аударымдар
- •8.2 Халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің валюта-қаржылық шарттары
- •8.3 Халықаралық есеп айырысулар және төлемдердің нысандары
- •3 11 13 Белгілеу 6 түсіру
- •10 Банк
- •6 7 Пункті пунктті
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •9.2 Клиринг – банк корреспонденттердің негізгі операциясы
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •10.2 Банк кепілдіктерінің түрлері
- •10.3 Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері
- •11.2 Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
- •11.3 Валюталық котировка және кросс-курс
- •11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
- •12.2 Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
- •14.2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері
- •15.2 Валюталық нарық қатысушылары
- •15.3 Қр валюталық нарықты реттеу және бақылау
- •1. Соөж тақырыбының атауы
- •2. Соөж тапсырмалары Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Қорытынды бақылау
7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар
Халықаралық есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Корреспондеттік қатынас – банктік қызмет көрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру мақсатынды банктер бір бірінде өзара корреспондеттік шот ашумен байланысты жасалған келісім-шарттық қатынасты сипаттайды.
Корреспондент банк- клиенттерге қызмет көрсетуге байланысты операциялар мен банкаралық операцияларды корреспонденттік келісім-шарт негізінде өзге банктің тапсырмасын орындаушы банк.
Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:
НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;
ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот. Бұл коммерциялық банктердiң өзара есеп айырысуларды жүргiзуге арналған елдiң орталық банкiнде және банктердiң бiр-бiрiнде ашатын шоты - Корреспонденттiк шот. Шетел валютасындаңы есеп айыруды Ұлттық Банктер лицензия алған екінші деңгейлі банктер жүргізеді. Халықаралық есеп – айырулар шетел банктері арқылы жүргізіледі және үшін корреспонденттік қатынастар орнатылған. Корреспонденттік қатынастар негізінде ашылатын шоттың валюта түрін, солар бойынша сый-ақы есептелуін, осы шоттан қаржы аудару тәртібін комиссиондық сый-ақы бойынша есеп – айыруларды, телеграфтық және пошталық шотттар бойынша есеп – айыруларды жүргізіледі.
Корреспонденттік қатынастар бекітімі безендіріледі. Мұнда шетел валютасындағы шоттардың барлық шарттары көрсетіледі. Банк корреспонденттер лауазымды тұлғалардың қатынастық үлгілері, кодтар және цифрлар альбомдарымен алмасады. Олар аударуды безендіру кезінде қолданылады. Мұндай корреспонденттік шоттар бір-бірінде немесе банкттің біреуінде ашылады. Шетел валютасында операциялар жүргізу бойынша талаптар № 165-ші инструкция мен оған қосымшада көрсетілген.
Синтетикалық есеп тек теңгеде жүргізіледі, ал аналитикалық есеп екі валютада жүргізіледі, яғни операция жүргізген күні номинал бойынша шетел валютасында және Ұлттық Банктің курсы бойынша теңгеде жүргізіледі. Қай валютада есеп жүргізілгендігін анықтау үшін халықаралық стандарттар бойынша валюта кодтары қолданылады:
Дебеті бойынша шот иесінің бұйрығы бойынша төленетін және аударылатын валюта соммасы көрсетіледі. Кредиті бойынша банк корреспондентінің шотына өабылданатын валюта соммасы көрсетіледі. Аудару банк корреспондентінің келісімі бойынша жүргізіледі, ал материалдардың өшірілуі банк корреспондентінің рұқсаты бойынша жүргізіледі. Дебеттік сальдо құрылған кезде, сол күні ол туралы банкке хабарлануы керек. Берілген шоттар бойынша қозғалыс Ұлттық Банктің ресми курсымен тенгеде белгіленеді, сондықтан ресми және нақты курс бойынша айырма операция жүргізу барысында бірден банктің кірісі мен шығысы бойынша қортынды шотында бейнеленеді. Шетел валютасын сатып алу кезінде шынайылығы, төлемділігі және оның Ұлттық Банктің курстық бюллетенінде болуы тексеріледі.
7.3 Халықаралық валюталық банктік аударымдар
Халықаралық есеп айырысулар және төлемдер ұғымдарының ерекшеліктері.
Халықаралық төлем әдістеріне жатады:
- аванстық төлем
- аккредитивтік төлем
- жөнелтілгеннен кейін төлем
- инкассолық төлем
Халықаралық есеп айырысу әдістеріне жатады:
- пошталық төлем тапсырмалары
- телеграфтық/телекстық төлем тапсырмалары
- аударым векселдері
- банктік тратталар
Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді. Банктің аудару дегеніміз-ол бір банкің екінше банкке алушыға белгілі бір соммаға төлемді аударуға берген тапсырмасы болып есептеледі.
Комиссиондық операцияларда бактің аудару формасы түріндегі есеп айырулар келесі түрде жұргізіледі: келісім жасап , оған қол қойған кезде экспортер белгіленген мерзімде тауар тиеуді жүргізеді және аударушыдан транспорттық құжаттарды алып, оны басқа да құжаттармен бірге алушыға комплекс ретінде жібереді. Төлеуші, яғни импортер құжаттарды алып және келісім шартының орындалғанына көзі жеткеннен кейін тауарға иелік етеді. Тауардың бағасын төлеу үшін төлеуші өзінің банкіне керекті қаржыларды аудару туралы өтініш әкелуге міндетті. Аудару туралы өтініште алушы банктің нақты берілгендері, төлемнің мақсаты және аударудың ерекше шарттары болуы керек. Аудару туралы өтініш 3 данада толтырылады. Оның біреуі аударудың тәсілімен тәуекелділікте алушыға дейін жеткізілуі тиіс. Өз кезегінде импортердің банкі құжаттың және шетел валютасындағы ағымды шоттағы қаржылардың бар болуын тексереді.
Банктік аударым – банктің өзінің банк – корреспондентке өтініш бойынша белгілі бір ақша сомасын төлеуді тапсырады.Коммерциялық және тауар жөнелтіп құжаттары экспортшыдан есеп айырысу нысанында жіберіледі.
Аударым операциясын жүргізген кезде аударымды алушы банк аударымға жетекшілік етеді.
Мысалы, бұл жерде өтініште көрсетілген коммерциялық және қаржылық құжаттар немесе қол хатты ұсынуға қарсы сәйкес соманы бенефициарға төлеу туралы шарт қойылуы мүмкін.
Аудармалы операцияны жүзеге асыру кезінде банктер есеп айырысу жүргізуге тек төлеуші банкке келісім шартты төлеу өтінішін ұсынғаннан кейін ғана аударым жол арқылы қатыса алады.
Халықаралық тәжірбиеге сәйкес аудары операцияларын жүзеге асыру кезінде банктер тауарды жеткізу немесе құжаттарды импортшыға беру, сондай – ақ келісім шарт бойынша төлемнің орындалу фактісін бақыламайды. Есеп айырысудың есеп нысанында банктің қызметіне аударым өтініш ұсыну кезінде алушы шотына аударымды жіберуші шотынан төлемді аудару ғана жатады.
Осыдан келіп шетел жабдықтаушылары және сатып алушылармен ең алдымен келісімшарт жасасуды қарастырады. Содан кейін импортшы банкке аударым туралы өтінішті жібереді. Тауарды жеткізу өзара шарт және валюталық заңдылықта шарттан бұрын төлену мүмкін. Ақша қаражаттарын аудару негізінде сатып алушы еліне жабдықтаушыдан тауар түскен кезде жүргізіледі. Төлеуші өз банкіне аударымға өтініш жібереді, соңғысы кредиттік авизоны жабдықтаушы төлемін есептеу үшін жіберіледі. Өтініш негізінде банк импортшының ағымдағы валюталық шотынан шетел валютасындағы соманы есептеп шығарады.
Экспортталаған тауарларға банктік аударымдарды есептеу кезінде шетел банкінен сәйкес құжаттар және корреспонденттік шот көшірмесі келіп түседі.
Өкілетті банктер Қазакстандық аударымды жіберушілердің шетелге импортталатын тауар, тауарлық құжаттар немесе қызмет көрсетулер және тағыда басқа бойынша құжаттардың құнын шетел валютасында төлеу тапсырысын орындайды, егер олардың шартында өзара шарт құнын (15-30 пайыз) аванспен яғни тауарды тиегенге дейін төлеу туралы ереже көрсетілген болса, онда өзара шарт бойынша авансты төлеу үшін қолдануы мүмкін. Негізгі бөлігі нақты төленген тауар үшін төленеді.
Аванстық төлеген экспортшының жасырын несиелеуін білдіреді және импотшы үшін тиімсіз. Одан басқа, авансты аудару импортшы үшін экспортшының келісімшартта және тауарды жеткізуді орындамаған жағдайында ақшаны жоғалту тәуекеліне ұшырату мүмкін.
Импортшының аванста қайтарымау тәуекелділігінен сақтаудың бірнеше әдісі бар:
авансты қайтару бойынша банк кепілдігін алу (аванстың төлемге дейін бірінші сыныпты банктің кепілі ресімделеді);
шартты аударымды пайдалану (экспортшы банкі, ол белгілі мерзімі аралығына көлік құжаттарын ұсынған кезде оның шотына авансты төлеуді жүргізеді).
Осы жүйе бойынша ақша аударымдары қызмет көрсету орындары мен қосалқы огенттері арқылы жүргізіледі. Қызмет көрсету орындары банк филиалдары болуы мүмкін, ал қосалқы агенттер – міндетті түрде корпорациямен мақұлданған басқа да коммерциялық банктер және құрылымдар.
Келесі сызба арқылы банктік аударым шоттарын көре аламыз:
Аударым алушы 1 аударым
Э
кспортеры
3
беруші
(
бенефициар)
мпортеры
2 5
Э
кспортер
4
Импортер
банкі банкі
3 - сызба
Банктік аударым шоттарының схемасы
Импортер және экспортер арасындағы жасаған келісім шарттан кейін импортер банкке аудару өтініш қағазын жібереді (2). Мемлекеттік валюталық заңда және көрсетілген келісім шартта тауар жеткізу төлем құралын құрайды (3).
Банк импартеры, имартердан төлем талап тапсырмасын алғаннан кейін, экспартер банккіне сәйкес өз атынан төлем талап тапсырмасын бағыттайды. (4). Төлем талап тапсырмасын алғаннан кейін, экспартер банкі экспартер шотына ақша қаражаттарын енгізу операцияларын қадағалайды (5) .
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Халықаралық банк ісіндегі валюталық операциялар
Халықаралық төлем әдістері
Халықаралық есеп айыру әдістері
Ұсынылатын әдебиеттер:
Банковское дело. (Настольная книга банкира): Учебное пособие/ Под научной ред. А.А. Абишева, С.А. Святова. – Алматы: Экономика, 2007
Долан Э. Дж., Кэмпбелл К. Д., Кэмпбелл Р. Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. СПб., 1993.
Синки Дж. Ф. мл. Управление финансами в коммерческих банках. Пер. с англ. / Под ред. Р. Я. Левиты, Б. С. Пинскера. – М.: Са1а1аху, 1994.
Исламская экономика и исламский банкинг: вопросы теории. Аманжолов С.А. стр.17 Банки Казахстана. № 9 2008 ж.
8 Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
Лекцияның мақсаты: Халықаралық есеп айыру нысандары мен төлемдерді жүргізу ерекшеліктерімен таныстыру
8.1 Халықаралық есеп айырысулардың және төлемдердің ерекшелік белгілері
8.2 Халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің валюта-қаржылық шарттары
8.3 Халықаралық есеп айырысулар және төлемдердің нысандары
8.1 Халықаралық есеп айырысулардың және төлемдердің ерекшелік белгілері
Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.
Құжатталған аккредитив – аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы-клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент-банктің) міндеттемесін білдіреді.
Құжатталған инкассо - эмитент-банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі.
Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.
Халықаралық және отандық банктік тәжірибеде есеп айырысудың ең көп қолданылатын түрлеріне инкассо мен аккредитив жатады.
Инкассо – сатушы (экспортер) мен сатып алушыны (импортердің) арасында банктің делдал қызметін атқаруымен байланысты операция. Аталған операция инкассоның шарты көзделген құжаттарға қарсы төлемді жасау туралы сатушы тапсырмасы негізінде жүзеге асады. Егер қаржылық құжаттарға (аудармалы вексель, жай вексель, чек және т.б ақшаны алуда пайдаланылатын құжаттар) қоса коммерциялық құжаттар (шот, жөнелту құжаттары, меншік құқығы туралы құжаттар) берілген болса, онда мұндай инкассо құжатты инкассо деп аталады. Таза инкассода қаржылық құжаттар ғана беріледі, яғни коммерциялық құжаттар бірге жүрмейді.
Таза және құжатты инкассомен операция жүргізуде банктер 1995 жылы толықтырылған «Инкассомен жұмыс жасаудың ортақ ережесін» басшылыққа алады.