Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кесу шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.23 Mб
Скачать

Оқыту саласындағы грант

Мұғалімдер зерттеу жұмысын ғалымдардың «пешенесіне жазылған» нәрсе деп, өздерін

зерттеуші деп есептемейді. Мұғалімнің кең қауымға таратылмаған білімі мен құнды тәжірибесі құмға сіңген судай болып ізсіз жоғала береді. Осыған байланысты АҚШ-та Карнегидің оқуды жақсарту қоры (CFAT) «Оқыту саласындағы грант» деп аталған бағдарламаны жасап шығарды. Ол гранттың мәні мынада: ғалымдар өз жұмыстарын жұртшылыққа жария етеді, бұл жұмыс

талданып, сыни сүзгіден өткізіледі, содан кейін тәжірибеде қолдану үшін басқаларға тараты-лады. «Оқыту саласындағы грант» мұғалімдерді оқыту аспектілерін зерделеп, талдауға және болашақта басқалар пайдалана алатын «белгілі бір өнімді» жасауға шақыруға бағытталған. Зерттеуші мектеп

Мектепті зерттеуші мектепке айналдыру оны қызметтің төмендегідей аспектілері бойын-ша дамытуға жол ашады:

• оқу сапасын арттыру және қолдау көрсету арқылы оқу үлгерімін арттыру; • мектептің өзін өзі бағалау үдерісіне қолдау көрсету;

• оқушылардың білімдегі жеке ажеттіліктерін түсіну және шешу арқылы оқуды жетілдіру;

• жастарға олардың білім алу мәселелері бойынша кеңес беру және оларды ғылыми зерт-теулерге тарту; • рөлі мен мәртебесіне қарамастан барлық қызметкерлердің мектеп реформаларына атсалысуы; • мектеп проблемаларын шешу үшін өзінің әлеуетін дамыту. Джеймс (2005) оқушы табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі талап болып табылады деп атап көрсетеді,