- •Акт пайдалану110-116
- •Оқыту үшін бағалау 105-110
- •Диалогтік оқыту Lesson Study 96-104
- •3 (Б) мысал. Ақпарат жинаудың ұжымдық әдісі
- •Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар:
- •Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу 58-66
- •Зейін оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
- •I деңгей. Нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау
- •II деңгей. Дәстүрлі моральдік пайымдау
- •III деңгей. Нормативтіктен кейінгі моральдік пайымдау
- •Шығармашылық оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
- •Талантты және дарынды балаларды оқыту 50-56
- •Ақш кеңсесі (1993) мектептерге да- рынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма ұсынған:
- •Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту
- •Оқу теориялық экспедициялар, ми25-39
- •Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»
- •Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер
- •Барлық әдістер мыналарға назар аударады:
- •Білім беру мақсаттарына жетудегі мұғалімдердің кәсіби дамуы
- •Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
- •Мұғалім ұстанымы
- •Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру
- •Жоғарыда айтылғандардың негізінде Екінші деңгей бағдарламасы:
- •Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты:
- •Оқыту саласындағы грант
Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
- жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;
- оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс
жүргізу қажеттігін ұғынуы;
- кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жететүсінуі.Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуін қамтиды.
Мұғалім ұстанымы
Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады.
Социологтар
оны жеке
тұлғаның негізгі құндылығы есебінде
атап көрсетеді.
Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі
мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «білім беру сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Тиімді оқыту
Оқыту барысында ауқымды міндеттер шешілетінін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты болып шығады. Осы сияқты «мұғалім қызметінің сапасы» да – күрделі феномен, оның мазмұны мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалім жұмысының
тиімділігін анықтау өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.), оқыту үдерісі (оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.) немесе жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда.Оқытудың қандай жолы қолданылса да, «оқыту тиімділігі» ұғымына қатысты қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің қызметін бағалау барысында бағалаушы белгілі бір факторлар жиынтығын пайдалана отырып, «сапа» деген ұғымды өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет. Оқытудағы сындарлы тәсіл оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойла-нып, тиісті сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңіндеөз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Аталған ойлану үдерісі оқушының өз болжамдары-на күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін ереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Табысты оқыту мен табысты мұғалім Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Екінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттемеқойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі оқытудағы сындарлытәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады
Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байла-ныс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзегеасырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алумүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
